Жоспар: Коллоидтық химия пәні


Дисперсті жүйелдердің негізгі сипаттамалары



Pdf көрінісі
бет5/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127
Дисперсті жүйелдердің негізгі сипаттамалары: 
дисперсті фазаның ұнтақтығы; 
дисперсті орта мен дисперсті фазаның агрегаттық күйі 
фазаның химиялық құрамы. 
 
Коллоидты жүйелердің негізгі ерекшеліктері 19 ғасырдың 60-жылдарында 
белгілі болды: 
1)  Барлық  коллоидты  ертінділер  жарықты  шашырату  қабілетіне  ие,  яғни 
опалесценция құбылысына ие. Тиндаль зерттегендей егер коллоидты ерітінді 
арқылы бір жүйеге жинақталған жарықты түсіретін болсақ және арасына линза 
қойсақ  онда  шеткі  бүйірінен  анық  конусты  байқаймыз  (Фарадей  Тиндаль 
конусы).  Опалесценция  коллоидты  ерітінділердегі  бөлшектердің  біртекті 
еместегін дәлелдейді. 
2) КЕ бөлшектердің диффузиясы баяу жүреді. 
3) КЕ осмостық қысымы өте аз. 
4)  КЕ  диализ  құбылысы  тән,  яғни  диализ  барысында  төмен  молекулалы 
ерітіндінің  молекулалары  мембрана  арқылы  өтсе,  коллоидты  бөлшектер 
мембаранадан  өте  алмай  өте  таза  КЕ  береді.  Д.И.  Менделеевтың  айтуы 
бойынша  кез  келген  коллоидты  ерітіндіні  тұрақтандырғыш  тәрізді  қоспа 
арқылы алу мүмкін емес. 
5) КЕ агрегативті тұрақты емес, яғни коллоидты ерітілген заттар қосымша 
сыртқы  факторлардың  (қыздыру,  суыту,  қарқынды  араластыру,  ең  бастысы 
электролит  енгізу)  әсерінен  ерітіндіден  оңай  тұнбаға  түседі.Нәтижесінде  КЕ 
тұнба түзіледі.  
6)  КЕ  1808  жылы  Ф.Ф.  Рейсс  ашқан  электрофорез  құбылысы  тән.  Ол 
электр тоғының әсерінен электродтарға бөлшектердің көшуі, яғни КБ электр 
өрісі тән. ЭЛЕКТРОЛИЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОФОРЕЗ. 
Мысалы  натрий  хлориді  суда  нақты  негізгі  ерітінді  берсе,  бензолда 
коллоидты  ерітінді  береді,  сондықтан  коллоидты  немесе  кристаллоидты  зат 
емес,  керісінше  заттардың  коллоидты  немесе  кристаллоиды  күйі  деп  атаған 
жөн.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет