Жоспар: Коллоидтық химия пәні



Pdf көрінісі
бет77/127
Дата04.03.2022
өлшемі2,31 Mb.
#27039
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127
 
 
 
 
 
 


Дәріс 10. 
Тақырыбы:  Адсорбция.  Жіктелуі,  изотермалары.  Негізгі  теңдеулері. 
Адсорбенттер,  олардың  жіктелуі.  Лэнгмюр,  Поляни,  БЭТ  теориялары. 
Қатты дене газ фазалар жанасу шегіндегі адсорбция 
 
Жоспар: 
1. Адсорбция туралы ілім. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. 
2. Физикалық адсорбция және хемосорбция. 
3. Лэнгмюрдың мономолекулалық адсорбция теориясы 
4. Полянидің полимолекулалық адсорбция теориясы 
5. БЭТ теориясы 
 
Дәріс тезистері: 
Бір  заттың  көлемі  немесе  беті  бойынша  екінші  заттың  сіңірілуі  сорбция 
процесі  деп  аталады.  Басқа  затпен  сіңірілетін  бөлшектер  сорбтив,  ал  оны 
сіңіретін  зат  сорбент  деп  аталады.  Сорбент  және  сорбтивтің  әрекеттесуі 
нәтижесінде пайда болатын өнім сорбат деп аталады.  
Адсорбция- дисперсті жүйедегі фазалардың бөліну шекарасындағы еріген 
зат  немесе  газдың  сіңірілуі.  Мұнда  газ  немесе  еріген  зат  адсорбтив,  ал  оны 
сіңірген қатты зат адсорбент деп аталады.  
Заттардың  дисперстілік  дәрежесі  неғұрлым  жоғары  болса,  соғұрлым 
адсорбциялық  қабілеттілік  жоғары  болады.  Егер  газ  немесе  будың  сіңіріліуі 
қатты  заттың  барлық  беткі  қабатымен  жүрсе,  онда  құбылыс  абсорбция  деп 
аталады.  
Көптеген жағдайда адсорбция және абсорбция процесі бір уақытта жүреді.  
Ең  алғаш  адосрбция  құбылысына  назар  аударған  орыс  академигі  Товий 
Егорович  Ловиц  болатын.  Ол  ауыз  суларды,  фармацевтік  препараттарды 
тазалауда  антисептикалық  және  зарарсыздандырғыш  құрал  ретінде  белсенді 
көмірді қолдануды ұсынды.  
Француз  ғалымы  Николо  Теодор  Соссюр    (1841  ж)  беткі  қабаттары  кең 
болатын  кеуекті  заттар  газдарды  сіңіруге  қабілетті  және  оның  барысында 
жылу бөлінетіндігін ашқан. 
19 
ғасырдың  аяғында  Джордж  Гиббс  адсорбцияның  жалпы 
термодинамикалық теориясын ұсынды.  
Бірінші  дүниежүзілік  соғыста  Николай  Дмитриевич  Зелинский  ұсынған 
улағыш  заттар  мен  буларды  белсенді  көмірмен  адсорбциясы  принципімен 
жұмыс  істейтін  газтұтқыш  қолданылды.  Бүгінгі  таңда  белсенді  көмір  кең 
таралған адсорбенттердің бірі болып табылады.  
Аталып  кеткен  ғалымдардан  басқа  адсорбцияның  теориясы  мен 
практикасын  дамытуға  үлес  қосқан  ғалымдар  қатарына  Николай 
Александрович Шилов, Михаил Михайлович Дубинин, Дж Мак Бен, Георгий 
Давидович Гурвич, Ирвинг Ленгмюр, Герберт Фрейндлих және т.б. жатқызуға 
болады.  
Адсорбция  адсорбент  пен  адсорбтив  арасында  әсер  етуші  күштердің 
табиғатына  қарай  физикалық  адсорбция  (ФА)  және  хемосорбция  (ХС 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет