Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG.SYS файлының шеткері кұрылғылар көрсетілетін Оеүізе деген сөз тұрған жолында жазылған файлдар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйверді бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болағындықтан, мұндай вирустар көп тарала қоймаған. DOS жүйелік файлдарына (МS DOS.SYS және ІО.SYS) да вирус жұқтырылуы теория жүзінде мүмкін болганымен, олардың таралуы іс жүзінде өте сирек кездеседі.
Әдетте әрбір вирус түрі файлдың бір немесе екі типіне (түріне) ғана «жұғады». Көбінесе бірден орындалатын файлдарға «жұғатын» вирустар жиі кездеседі. Дискінің жүктегіш аймағын зақымдайтын вирустар екінші орында деп айтуға болады. Шеткері құрылғылар драйверлерін зақымдайтын вирустар сирек кездеседі, әдетте олар бірден орындалатын файлдарға да зиянын тигізеді.
Қолданған әдебиеттер:
http://bigox.kz/komp-kurylgylar/