Жоспар Компьютер құрылғылары



бет2/6
Дата04.11.2023
өлшемі169,18 Kb.
#122134
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
stud.kz-69385

Құрылғы драйвері


Құрылғы драйвері (Драйвер устройства; device driver) — операциялық жүйенің сыртқы құрылғылармен — пернелік тақта, тышқан, монитор немесе принтерлермен — байланысын орнататын төменгі деңгейдегі басқару программасы. Ол операциялық жүйе жүктелісімен іске кіріседі. Драйвер қызметіне құрылғының мәліметтер алу, үзілістерін өңдеу, оған келіп түскен сұраныстардың кезегін сақтау және сұраныстарды құрылғыны басқару командаларына түрлендіру кіреді. Кейбір драйверлер сыртқы құрылғылармен байланысты емес компьютердің жадын немесе басқа ішкі қызметтерін басқару ісінде қолданылады.

Құрылғыны басқару блогы


Құрылғыны басқару блогы (Блок управления устройством; unit control block) — 1) компьютерлердің бірыңғай жүйесінің операциялық жүйесінде — операциялар құрамының, ақпарат түрлерінің, қалып-күй байттарынын және баска да мәліметтерді енгізу-шығару қүрығыларының сипаттамалары бар кесте; 2) шағын компьютерлер жүйесінде — енгізу- шығару драйверлерін пайдаланатын және құрылғы жайында статикалық, динамикалық мәліметтері бар кесте.

Құрылғының блок-схемасы


Құрылғының блок-схемасы (Блок-схема устройства; block diagram) — күрылгының негізгі блоктарын, олардың қүраушыларын нақтыламастан корсететін схема. Мүндай схеманы даярлау кез келген жүйе тек компьютерлік жұмыс еместігін ұгынудың алғашқы қадамы болып саналады.

  1. Пернетақта деген не?

Компьютердің пернетақтасы —компьютерге ақпарат енгізуші құрылғы және басқарушы сигналдарды беруші. Ол стандартты пернелер жиынтығынан және қосымша пернелерден тұрады (функциональдық пернелер, курсорды басқарушы пернелер, кіші цифрлық пренелер).

Барлық пернетақтадан терілген символдар мониторда курсордың жанында бейнеленіп отырады. (курсор (бағыттауыш) —мониторда бағытауыш ретінде көрінетін белгі, ол пернетақтадан енгізілетін таңбаның орынын көрсетіп отырады.
Көп тараған пернетақталардың бірі QWERTY ("кверти" деп оқылады), онда альфавитті-цифрлік бөлімі жоғары жақта және сол жақта орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет