Жоспар: Мұғалімдік мамандықтың ерекшіліктері



бет32/35
Дата05.06.2023
өлшемі0,49 Mb.
#98909
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
Педагогиканың жалпы негіздері Лекциялар

Есіңіізге сақтаңыз! Мұғалім өз жұмысы туралы жауап алмаса, оның бағасы болмаса, оқушы өз табысына қуанбайды, қателігіне ренжімейді.
Кезеңнің оқу - тәрбиелік міндеті - барлық оқушылардың үй тапсырмасын толық, дұрыс, саналы орындағанын тексеру, жекелеген оқушылардың тапсырманы орындамау себептерін анықтау, тексеру барысында білім, іскерлік, дағдыларда байқалған кемшіліктерді жою, соңғыларын одан әрі жетілдіруді жүзеге асыру.
Мұғалім оқушылардың күші мен қабілетіне дем беріп, табысқа ынталандырады, борыш сезімін, мақсатқа жетудегі табандылықты , тәртіліптілікті қалыптастыру үшін жұмыстанады.


Кезең мазмұны:

  1. Барлық оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау.

  2. Жекелеген оқушылардың үй тапсырмаларын орындамау себептерін міндетті түрде анықтау және оны келесі күнге дейін орындататын шара алу.

  3. Білімдегі типтік қателіктерді анықтау және олардың пайда болу себептерін білу.

  4. Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер оларды есінде сақталып қалмау үшін оны түзету.

  5. Пән бойынша кеңесшілерді, кезекшілерді үй жұмысын тексеруге тарту.

  6. Оқушылардың өзара көмегін және өзін - өзі бақылауын қолдану.

  7. Мұғалімнің өзінің өткен сабақтағы жұмысын талдауы.Үй жұмысын тексеру арқылы мұғалім өзінің әдістемесінің жақсы және қате жерлерін тауып, оқушылардың үлгерімдерін біліп отырады, қол жеткекн нәтижелеерді ескере отырып, келесі сабақтарға әзірленеді.

Жақсы нәтижелерге қол жеткізетін жағдайлар:

  • мұғалімнің шапшандығы, өз алдында тұрған мақсатқа жету үшін еңбектенуі.

  • Үй тапсырмаларын барлық оқушылардың қалай орындағанын анықтауға мүмкіндік беретін тәсілдердің жүйесін қолдану.

  • «Үй тапсырмаларын орындауды ұмытып кету» мүмкін емс, себебі олардың қалай орындалғандығын мұғалім міндетті түрде тексереді? – деген оқушылардың пікірін қалыптастыру. Орындалмаған, тексерілмеген үй тапсырмасы оқушыларды жауапсыздыққа тәрбиелейтінін естен шығармаңыз.

Кезеңнің алдында тұрған оқу- тәрбие міндеттері орындалды деп айту үшін қандай көрсеткіштерге сүйінеміз?



  • барлық оқушылардың үйде орындаған тапсырмаларын 5-7 минут ішінде тексеріп, типтік қателіктерді және оларды түзету тәсілдерін табу.

  • Жекелеген оқушылардың үйге берген тапсырманы неге орындамағанын біліп, кемшіліктерді жою жолдарын белгілеу.

  • үй тапсырмаларының түрлері және мақсатына қарай білімді тексерудің алуан түрін қолдану.

  • үй тапсырмасы мен оқудың нәтижелері байланысты болатындығы туралы оқушылардың пікірін қалыптастыру.

Үй тапсырмасы жаңа материалды түсінуге керек болғанда, оны сабақтың басында тексеру керек. Кейбір мектептерде әдейі бөлінген оқушылар үйге берілген жазба жұмыстарын сабақтың алдында тексеріп, тексерудің қорытындыларын сабақтың басында хабарлайды.Тексерудің бұл түрі тәрбиеге ықпал ету үшін ол талапқа сай жүру керек.Кейде үй тапсырмасын сабақтың соңында тексеруге болады.Тексерудің бүкіл тәсілі үйге берілген тапсырма жаңа тақырыппен байланысты болмағанда қолданылады.Білім, іскерлік, дағдыларды тексерудің алан түрін қолдануға болады.Жазба,графикалық тәжірибелік тапсырмаларды сыныпты аралап жүріп тексеруге болады. Жұмыстың мазмұнын, нәтижелерін сынып болып тексереді.Жазбаша түрде орындалған жұмыстарды мұғалім үйде тексереді. Барлық немесе кейбір оқушылардың жұмыстары тексеріледі. Кейбір мұғалімдер бұл жұмысқа жоғары сыныптың белсенді оқушыларын қатыстырады.Көптеген мұғалімдер сабақтың басында оқу материалдарының негізгі элементтерін меңгеру сапасын анықтау үшін қысқаша жазба жұмыстарын жүргізеді.Соңғы уақытта тапсырмаларды тексеру үшін тесті әдісімен жасалған сұрақтар қолданылуда.
Үй тапсырмаларын тексеру және бағалау педагогикалық процесстің басқа факторларымен бірге оқушыларды оқуға ынталандырады.
Оқушылардың өз бетімен орындаған үй жұмыстарының әдістемесін тексеру. Жауап берген оқушылардың тілін және ақыл ойын дамыту. Ұжымшылдық сезімін, басқаның табысына қуанып, сәтсіздіктеріне қайғыра білуге тәрбиелеу.


Кезеңнің мазмұны:

  • жекелеген оқушылардың оқу материалын қаншалықты деңгейде білетінін түрлі әдістермен тексеру;

  • жауап берген оқушылардың ойлау мәнерін тексеру;

  • оқушылардың жауаптарына баға беру;

  • тақтаға шақырылған оқушылар жауап беріп жатқанда барлық сыныптың оқу жұмысын ұйымдастыру;

Бұл кезең мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Оқушылардың білімдерін терең және дұрыс тексеру күрделі де қиын жұмыс. Ол жаңа материалды түсіндіргенне де қиын.
Ауызша сұрау - сабақтағы тілдік иәжірибенің бірден – біріне ықпал ететін үш бөліктен тұрады.


Бірінші – мұғалімнің сұрағы және қою әдістемесі педогогикалық аксиомамен байланысты: ақылмен берілген жауапты ақылмен қойылған сұраққа алуға болады.
Екінші – оқушының жауабы негізгі және маңыздырақ бөлім.
Үшінші - оқушылардың білімін тексеру кезіндегі оқушылардың тәртібі. Ең бастысы – бір оқушы тақырыпты түсінгенін айтып жатқанда сыныптың зейінін, есін белсенді етіп, барлық оқушыларды белсенді жұмысқа тарту. Кезеңнің мәні- сыныптың барлық оқушыларының білімдерін жетілдіретін, кейбірін аттестациядан өткізетін ұжымдық, танымдық іс- әрекет.


Оқушылардың ауызша жауаптарын тыңдау оқушыларға қызықты болу үшін теориялық білімдерді тәжірибеде қолдандырған жақсы, сонда ғана оқушы өз білімінің дұрыстығына көзі жетіп, оны түзетеді, толықтырады,білімнің пайдасын түсіне бастайды.Өте маңызды тәсіл - өз жолдастарының жауабына оқушылардың әділ баға беруін мұғалімнің ұйымдастыруы. Бұл тәсілді қолданып, мұғалім оқушыларға жауаптарды талдаудың үлгісін береді. Онда жауапқа қойылатын талаптар көрсетіледі. Олар: дәлдік, дұрыстық, жүйелілік, сөйлеу мәдениеті, білімді тәжірибеде қолдана білу. Нәтижесінде баға жауап берген оқушыға да, жауапты бағалаған оқушыға да қойылады.


Білімді ауызша тексеру түрлері: жаппай сұрау, білімді компьютер арқылы тексеру, жеке оқушылардың білімін тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет