Жоспар: Морфологияның зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата04.04.2023
өлшемі475,73 Kb.
#79252
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
Жоспар Морфология

СӨЗ ҚҰРАМЫ 
Сөз құрамы- сөздің сыртқы түр-тұрпаты. Тілдегі сөздер бір бүтін
тұлға ретінде қаралғанмен, олар мағыналы бір не бірнеше
бөлшектен құралуы мүмкін. Сөз құрамының ең негізгі бөлшегі –
түбір. Сөз тудыратын, сөз жалғастыратын (байланыстыратын)
қосымшалар түбірге қосылады. Мысалы, ек-ін, егін-ші, егін-шілік
сөздері ек түбіріне жұрнақтар (-ін, -ші, -лік) жалғану арқылы
жасалған. Ал бойжеткен сөзі екі түбірдің бірігуінен, бала-шаға сөзі
түбірлердің қосарланып айтылуынан туған. Сөздер сыртқы
тұлғасына (құрамына) қарай түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, біріккен
сөз, қысқарған сөз болып бөлінеді. Сөз құрам ұғымына түбір сөзге
жалғанатын жалғаулар жатады, бірақ бұлар сөз емес, сөздің
морфологиялық құрамының бөлшектері.


СӨЗ ТҰЛҒАСЫ 
Сөз тұлғасы – сөздің грамматикалық мәнін білдіретін
морфологиялық және фонологиялық белгілерінің
жиынтығы. Мысалы, баланы – жалпы есім, жекеше, табыс
септік тұлғасындағы бала сөзінің сөз тұлғасы, келеді – ҚҚҚ
жақ жекеше тұлғадағы ауыспалы өткен шақ мәндес кел
етістігінің сөз тұлғасы дейміз. Сондай-ақ тілдік жүйедегі
грамматикалық формада түрленген әрбір сөз сөз тұлғасы
болып табылады. Сөз тұлғасы грамматикалық мағына мен
сол мағынаны білдіретін тұлғалық көрсеткіштердің
бірлігінен құралады. Сөзге грамматикалық мағына үстейтін
формалар қосылуы арқылы сөз тұлғасы жасалады.


Қосымша
Қосымша– түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе
грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара
байланысқа түсіретін морфема. Мағыналық, тұлғалық
дербестігі, арнаулы лексикалық мағынасы жоқ. Сөздерден
бөлек, жеке қолданыста болмайды, түбір сөзге тіркесіп қана
қолданылады. Қосымшалар түбірге белгілі бір грамматикалық
категорияларға тəн заңдылықтар бойынша жалғанады. Түбір
сөзбен дыбыстық, əуездік жағынан үйлесіп тұрады. Бір
қосымша əр түрлі түбірге жалғанғанмен, түрлі мағына
бермейді. Мысалы, кел-ді, тұр-ды, айт-ты, кет-ті; ауыл-ға,
жер-ге, ат-қа, т.б. Қазақ тілінде мағыналық жəне қолданыс
ерекшеліктеріне қарай жұрнақ жəне жалғау болып бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет