Жоспар:
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы
2.ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі
3.ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы
4.Қорытынды.
1.ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы.
Қазақстанның партиялық жүйесі қазіргі кезде өтпелі кезеңді бастан кешіріп отыр және бұл жаңа әлеуметтік топтардың, ең бастысы, бизнес-элитаның белсенділігінің нәтижесі екендігін білеміз. Басқаша айтқанда, кейбір «қысым көрсетуші» топтардың, мысалы «Ақ жол» ҚДП-ның жартылай өзгеруі айдан анық көрініп тұр. Саяси сала сапалылығы жағынан өзгеріп келеді деуге болады, және оған себеп тек жаңа ойыншылардың пайда болуы ғана емес, сонымен қатар ескі қатысушылардың да өзгеруі. Және бұл кәдімгі даму кезеңі, мұнда асығыс болмауы тиіс, алайда тежелудің де қажеті жоқ, өйткені бұл жалпы саяси жүйе үшін қауіпті. Тәуелсіз Қазақстанның партиялық жүйесі ондаған жылдар бойы қалыптасып келеді. Өткен ғасырдың 90-жылдарында республика шеңберінде көппартиялы саяси жүйе тәжірибе жүзінде қолданымда болған жоқ, өткен кеңес дәуірінің саясаты мен азаматтық қоғамның дамымағандығы әсер етті. Қазақстан Республикасының партиялық жүйесінде сапалық даму үрдісі 90-жылдардың екінші жартысында байқалды, бұл кезде кейбір әлеуметтік топтар өз мүдделерін жариялау және қорғау қажеттілігін сезініп партия атты саяси ұйымдарға бірлесе бастады. Партиялық құрылыстың алғашқы қадамдары дәл Алматы қаласында жүзеге асырылды, саяси өмірдің орталығы да дәл осында. Тіпті, Елорданы ауыстырғаннан соң да партиялық қызметтің белсенді орталығы мен саяси белсенді тұрғындардың басым бөлігі осы қалада қалды. Саяси партиялар Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Елімізде партиялардың жағдайы бірқатар нормативтік-құқықтық актілермен анықталады. Саяси партиялардың құқықтық мәртебесін ғылыми тұрғыдан зерттеу біздің қоғамдағы осы құбылыстың дамуындағы құқықтық және тәжірибелік проблемаларын шешуде зор маңызы бар,Саяси партияларды құқықтық реттеудің теориялық және практикалық мәселелері, әдетте, отандық және шетелдік саяси және заң ғылымдарының басым бағыттарына кіреді. Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңінде аталған мәселелер ерекше өзектілікке ие болуда, себебі елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық өзгерістер уақытында, мемлекет пен қоғамды байланыстыратын саяси партиялардың тиімділігі тиісті деңгейде болмай отыр. Мұндай өзгерістер кезеңінде саяси партиялар өздерінің жақтастары болып табылатын қоғамның бір бөлігінің мүдделерін мемлекет алдында мүмкіндігінше дәл білдіре алулары тиіс, сондай-ақ өз жақтастарына жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндірулері тиіс.
Осы ғылыми мәселе, сонымен бірге саяси партиялардың орнын құқықтық реттеуді жүзеге асыру тұрғысынан алғанда ерекше маңызға ие болады. Аталған құқықтық реттеу тек партиялық жүйенің дамуын ғана шешіп қоймай қоғамдық бірлестік болып табылатын саяси партия мәртебесінің ерекшеліктерін де есепке алуы тиіс.
Саяси партиялардың құқықтық мәртебесі мәселесі Қазақстанның заң ғылымындағы аз зерттелген салаға жатады. Саяси партиялар тақырыбын зерттеп, өз үлестерін қосқан мамандар қатарында негізінен саясаттанушылар мен тарихшыларды атай аламыз. Алайда, партияның құқықтық құбылыс ретінде Конституциялық құқық тұрғысынан зерттелуі әлі төмен деңгейде және әлі толық емес. Бұған партиялардың құқықтық мәртебесін құқықтық реттеудің біраз кешеуілдеуі де өзінің кері әсерін тигізді. Мысалы, қазақстандық саяси партиялар 90-жылдардың басында қалыптаса бастаса да, олардың арнайы заңдық тұрғыдан реттелуі тек 1996 жылдан, яғни «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған кезден бастап қана жүзеге асты. Ал 2002 жылы қабылданған жаңа заң бұл құқықтық реттеуді одан әрі жүргізе бастады.
Бірақ Қазақстан Республикасындағы саяси партияларды құқықтық реттеудегі осы айтарлықтай өзгерістерге қарамастан, әлі де болса саяси партияны құқықтық құбылыс ретінде, конституциялық құқықтың институты ретінде жан-жақты зерттеуді өзіне мақсат тұтқан ғылыми еңбектер жоқтың қасы. Республикамызда саяси партияларды құқықтық тұрғыдан зерттеуге өз үлестерін қосқан ғалымдар ретінде мыналарды айтуға болады: Алияров Е. К., Аяганов Б., Баймаханов М. Т., Нысанбаев А. Н., Қопабаев Ө. Қ., Зиманов С. З., Сапарғалиев Ғ. С., Кенжелиева З, Ибраева С, Сартаев С. С., Сман А., Топорина Т. В., Чеботарев А. және т. б.
Саяси партиялар пайда болысымен-ақ, саясаттанушылардың, тарихшылардың және құқықтанушылардың ғылыми мүддесінің объектісіне айналды. Саяси партиялар туралы алғаш ой қозғағандар ретінде Берк, Вашингтон, Монтескье, Мэдисон, Руссо және т.б. білеміз. Саяси партиялардың мәселелері белгілі әлеуметтанушылар Вебер, Моски, Паретоның еңбектерінен орын алған. Саяси партияларға арналған және олардың одан ары зерттелуіне ықпал еткен ауқымды жұмыстар XІX соңы мен XX ғасырдың басында пайда болды. Аталған ғылыми еңбектің авторлары Дж. Брайтс, Р. Михельс, М. Острогорский саяси партиялар туралы ілімнің қайнар көзінде тұрды. Б. Хеннеси оларды партиялар туралы зерттеулердің негізін қалаушылар деп есептесе, С. Элъдесвельд оларды партиялар туралы ғылымды дүниеге әкелушілер деп санайды. Олар нағыз саяси ғылым ретінде сипатталатын, саяси партиялар туралы алғашқы кітаптарды жазған авторлардың арасында аталады. Саяси партиялар туралы жалпы теорияның негізін қалаушы болып франзуц ғалымы М. Дюверже саналады.
Партияларды құқықтық реттеудің келесі кезеңі болып, саяси партиялар туралы арнайы заңның пайда болуы саналады. Саяси партиялар туралы арнайы заң - құқық шығармашылығының жас түрі болып есептеледі. Оның қалыптасуы XX ғасырдың 60-70 жылдарына жатады. Аталған заңның ерекшелігі, оның тек қана партияға бейімделуінде және оның қызметінде ғана емес, сонымен бірге ұйымның өзін де реттеуінде еді. Сондай-ақ аталған заң партияның ішкі ұйымдастырушылық қатынастарын реттейтін нормаларды қамтиды. Уақыт өте келе заң шеңберінде партия қызметін қаржыландыру сұрақтарына ерекше назар аударыла бастады.
Сонымен, осы тақырыпта партияның пайда болу себептері анықталды. Себептері ретінде, қоғамның күрделі ұйымдасуын, азаматтық қоғамның болуын және осы қоғамда әртүрлі нақты білдірілген әлеуметтік мүдделердің болуын айта аламыз. Демократия мен партияның пайда болуының арасындағы тікелей байланыстың жоқтығы негізделді. Сонымен бірге, партиялардың пайда болу себептері XX ғасырдың ортасында басталған оларды институционализациялау процесінің (яғни мемлекет қызметі аясының кеңеюі, партияның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлінің өсуі, жеке тұлғаның, оның құқықтары мен бостандықтарының артуы) себептерімен байланысты емес екендігі анықталды. Шетелдік тәжірибеде, партияларды институционализациялаудың және олардың қызметін құқықтық реттеуді жүйелеудің іргетасы болып, партиялардың мәртебесін конституциялық деңгейдегі реттеу табылады. Сондай-ақ партияларды институционализациялаудың кезеңдері зерттелді.
Партияларды зерттеудің үш жолы бар екендігі анықталды, яғни, саяси партияларды әлеуметтік және құқықтық құбылыс ретінде зерттеу. Осы жұмыста партиялар әлеуметтік және саясаттану тұрғысынан емес, құқықтық құбылыс ретінде қарастырылады. Партиялардың құқықтық құбылыс ретінде зерттеу басым сипатқа ие болуы тиіс, себебі партияның өзгермейтін императивті ұғымының пайда болуы, қоғам мен мемлекеттегі олардың орны мен рөлін нақты анықтау, саяси жүйенің өзге элементтерінен оларды даралау, партиялардың жағдайын құқықтық регламенттеудің көмегімен ғана мүмкін болады. Партияны құқықтық құбылыс ретінде зерттеудің көлеңкелі тұсы болып, оның конституциялық-құқықтық мәртебесі табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |