Жоспар: ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы ҚР-дағы саяси партиялар жүйесі ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы Қорытынды. ҚР-дағы саяси партиялардың қазіргі жағдайы


ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы



бет3/3
Дата01.11.2023
өлшемі24,32 Kb.
#121330
1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word

3. ҚР-ның саяси партиялар туралы заңы

Қазақстан Республикасының Заңы. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ


Осы Заң саяси партияларды құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Саяси партия ұғымы
1.Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады.
2. Саяси партияның халық атынан билiк жүргiзуге құқығы жоқ.
2-бап. Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары
1.Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актерлерiнен тұрады.
2. Саяси партиялар заң алдында бiрдей.
3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы
1.Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға бiрлесу бостандығына құқығы бар.
2.Қазақстан Республикасының азаматы тек бiр саяси партияға мүше бола алады.
3.Саяси партияға мүше болу Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды.
4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге құқылы.

Қорытынды
Партиялар әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтау, негіздеу және білдіруді жүзеге асырып қана қоймай, сонымен бірге, осы мүдделерді біріктіру арқылы қоғамның жалпыұлттық консолидациясына жол ашады. Кез келген мемлекеттегі демократиялық даму деңгейін нақ осы саяси партиялар анықтайтыны белгілі.
Саяси партиялардың қазіргі күнгі анықтамасы да әртүрлі. Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық дамуының ерекшеліктерін және шет мемлекеттердің құқықтық тәжірибесін ескере отырып, бітіру жұмысында бұл құқықтық институтқа жеке анықтамамызды бердік. Сонымен саяси партия дегеніміз демократиялық жолмен, мемлекеттік деңгейде саяси билікке жетуге және оны жүзеге асыруға ұмтылатын немесе соған қатынасатын, халықтың белгілі бір бөлігінің саяси еркін білдіретін, қоғамдық мемлекеттік процестерге ықпал етуді көздейтін пікірлестердің идеологиялық негізде құрылған, ерікті, тәуелсіз, қоғамдық бірлестігі.
Партия қызметін мәжбүрлеп тоқтатудың бітіру жұмысында қарастырылған негіздері партияның заңсыз қызметіне тыйым салуға және қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын сақтауға бағытталуы тиіс. Осыған орай біздің пікірімізше, Парламент Мәжілісінің сайлауына қатарынан екі мәрте қатыспау партияны таратуға алып келеді деген негіздің күшін жою керек. Себебі, республикада қолданылатын қазіргі құқыққа сәйкес, саяси партияның кез келген сайлауға қатысуы ерікті болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер:



https://www.yaneuch.ru/cat_110/azastanny-azrg-sayasi-partiyalary/553553.3434319.page2.htm

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет