ФАКУЛЬТЕТ «ИНЖИНИРИНГ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫ »
Пән : «ПСИХОЛОГИЯ (бакалавр)»
Дәріс тақырыбы: Құндылықтар, қызығушылықтар, нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде.
п.ғ.к, қауым проф.м.а. Исмайлова Р.Б
Жоспар
1. Рухани құндылықтар.
2. Нормалар тұлғаның рухани негізі ретінде.
3. Үш негізгі принцип.
Құндылық ұғымы
Білім беру жүйесіндегі негізгі мәселелердің бірі- ұлттың болашағын анықтайтын балалармен оқушылардың денсаулығы болып табылады. Денсаулақ – адамның ағзасы мен жан – дүниесіндегі аурулар мен физикалық ауытқудың болмауын, қалыпты дамуды білдіретін; тұрғылықты жердегі эканомикалық, экалогиялық, әлеуметтік жанұя жағдайларымен, тамақтану, дәрігерлік көмек сапасымен, педагогтар мен психологтардың балалармен жұмысымен байланысты комплексті түсінік. Қазақстанда соңғы 10-15 жылда психологиялық көмекке сұраныс пайда болып, қазір күн өткен сайын молаюда. Бұл түсінікті де, өйткені ересектер өмірінің стреске толы болуы, уақытының басым бөлігін жұмыспен өткізуі, балаларға зейіннің жеткілікті бөлінбеуі соңғыларда психологиялық, психикалық, физикалық бұзылулардың өсуіне әкеледі. Экологиялық фактордың физикалық денсаулыққа ғана емес, психикалық қалыпқа да қауіпті әсері еліміздің өндірістік, экалогиялық апат аудандарында анықталып, өзекті мәселелердің қатарында аталады.
Психологиялық денсаулық негізінде балалардың жеке басының қасиеттері дамып психикалық кейіптері қалыптасады. Сонымен қатар, психологиялық денсаулық балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болады. Балалардың өзін - өзі дамытып, жетілдіруін, реттей алуын, яғни өзіндік бағаның дұрыс болуын қамтамасыз ететін де, балалардың ересектермен және басқа балалармен қарым-қатынасын реттейтін психологиялық денсаулығы болып табылады. Қазақстандық психология ғылымында қазақ балаларының психологиялық денсаулығы мәселесі бұрын-соңды қарастырылмаған. Психологиялық денсаулық көрсеткіші болып табылатын жекелеген қасиеттердің балалардағы даму ерекшеліктері, коррекциялау мәселелері қарастырылса да, комплексті зерттеу, қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау әлі де қолға алынбаған. Осыған орай, қазіргі кезең жағдайында қазақ балаларының психологиялық денсаулығын қамтамасыз ету жолдары мен амалдарын анықтау мәселелері өзекті болып келеді.