2 Комплексонометриялық титрлеу әдістерінің жіктелуі. Тура титрлеу әдісі. Анықталатын металл катиондары бар талданған ерітіндіні өлшеу колбасында сұйылтылып, титрлеу үшін ерітіндінің аликвотасы алынады.
Титрлеу ЭДTA стандартты ерітіндісімен эриохром қара T қатысында сілтілік ортада немесе ксиленолды қызғылтсары бар қышқыл ортада жүзеге асырады.
Тура титрлеу процесінде алдымен анықталған катионның концентрациясы біртіндеп азаяды, содан кейін эквиваленттік нүктеге жақындағанда күрт төмендейді. Бұл сәт металл катиондарының концентрациясының өзгеруі бірден әсер енгізілген индикатордың түсінің өзгеруінен байқалады .
Тура комплексонометриялық титрлеу әдісімен , Cd2+, , , , , , Th(IV), , , , , және т.б.катиондарды анықтауға болады. Анықтауға комплексондардың әсерінен бұзылмайтын анықталатын иондарды комплекс ретінде байланыстыра алатын затттар кедергі жасайды.
Кері титрлеу әдісі. Кері титрлеу әдісі анықталатын катионға сәйкес келетін индикатор болмағанда, буферлі ерітіндіде катион тұнба түзетін болса, комплекс түзу реакциясы баяу жүрген жағдайда қолданылады.
Талданатын ерітіндіге сандартты комплексон ерітіндісінің нақты өлшенген көлемі қосылады, комплекс түзу реакциясы аяқталу үшін қайнағанға дейін қыздырады, содан кейін комплексонның артық мөлшері бөлме температурасында стандартты немесе ерітіндісімен титрленеді . Магний иондарына немесе реакциясына әсер ететін индикатор металы. Мырыш эквиваленттік нүктені анықтау үшін магний мен мырыш ионынасезімтал металл-индикатор қолданылады.
Кері титрлеу әдісі арқылы суда ерімейтін түнбалардың құрамындағы катион мөлшерін (Са, MgN т.б.) анықтауға болады.
Орын басу әдісі бойынша титрлеу.-ионы, басқа иондармен салыстырғанда комплексонмен тұрақтылығы төмен комплексті қосылыс беретін болғандықтан (рК = 8,7) орын басу әдісі бойынша титрлеу қолданылады.
Мысалы, бұл реакция торий иондарын анықтау үшін қолданылады, ол үшін зерттелетін ерітіндіге алдын ала магний комплексонаты ерітіндісін қосады , нәтижесінде бөлініп шыққан -ионын ЭДТА-ның стандартты ерітіндісімен титрлейді (б);
+
рН = 2
ThY +
(а)
+
рН=10
+2
(б)
Th(IV) комплексонмен ионына қарағанда тұрақты комплекс түзетін болғандықтан реакцияның тепетеңдігі оңға қарай ығысады.
Егер реакция соңында бөлініп шыққан ионын эриохром қара Т қатысында ЭДТА-мен титрлесе, ерітіндідегі -иондарының мөлшерін есептеп шығаруға болады.
Қышқылды-негіздіктитрлеу әдісі Комплексон қандай да бір металл катионымен әрекеттескенде металлға эквивалентті мөлшерде сутек ионы бөлінеді. Осы бөлінген сутек иондарын эквивалентті мөлшерде қышқылды-негіздік индикатор қатысында алкалиметриялық әдіспен титрлейді.