Жоспар Сандық талдауға кіріспе. Талдаудың түрлері.
Сандық талдаудың қолданылуы
3. Сандық талдау әдістерінің жіктелуі
1.Сандық талдауға кіріспе. Талдаудың түрлері. Аналитикалық химия- заттың құрамын анықтау туралы ғылым. Оның басты мәселесі химиялық талдаудың теориясының мәселелерін шешу, бұрыннан қалыптасқан теорияны жетілдіру және нақты және жылдамырақ жасалатын жаңа талдау әдістерін жасау мәселелерін қарастыру болып табылады.
Аналитикалық химияның міндеті - ғылыми зерттеудегі талдаудың химиялық және физика-химиялық әдістерінің теориясын, процестерін және іс-әрекетін жетілдіру.
Зерттеу нысандарына байланысты аналитикалық химияны бейорганикалық және органикалық талдау деп бөлуге болады.
Сандық талдау - талданатын сынамадағы заттардың сандық құрамын анықтауға бағытталған.
Алдымен сапалық талдау жасалады, ол талданатын үлгінің құрамына қандай элементтер (элементтер, иондар, молекулалар) кіретіндігі анықталады.
Сандық талдаудың үш түрі бар: толық, жартылай, элементтік.
Толық сандық талдаудың көмегімен талданған үлгінің құрамындағы барлық компоненттердің толық сандық құрамы анықталады. Мысалы, қанның толық сандық анализі үшін 12 компоненттің құрамын анықтау керек: натрий, калий, кальций, глюкоза, билирубин және т.б. Толық талдау көп уақыт пен еңбекті қажет етеді.
Жартылай талдау жүргізу кезінде тек кей бір компоненттер анықталады. Мысалы, бензинді талдау - құрамында тетраэтил қорғасынының немесе ароматты көмірсутектердің пайыздық мөлшерін анықтауды қамтуы мүмкін. Сатылымдағы аспирин таблеткаларының тазалық дәрежесі олардың құрамындағы салицил қышқылының мөлшеріне байланысты. Көп жағдайда ішінара талдау зерттеушіні барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Элементтік талдау, қандайда да бір сынамадағы қосылыстардың құрамына қарамастан, талданған үлгідегі әр элементтің мөлшерін анықтайды. Бензин үлгісіне элементтік талдау көміртектің, сутектің, оттегінің, қорғасынның, фосфордың және т.б. пайыздық мөлшерін көрсетеді.