2.Титрлеу қисықтары
Титриметриялық реакцияны және оған сәйкесті индикаторды дұрыс таңдау үшін процессті сандық сипаттайтын әдістерді пайдалану керек.Мұндай әдістерген титрлеу қисығын тұрғызу, индикаторлы қатені есептеу әдістері жатады.
Титрлеу қисығын тұрғызу әдісі.Әдіс келесі жолмен орындалады:ордината осі бойыша рН мәндері,ал абсцисса бойынша - титранттың көлемі (мл). Нәтижесінде құйылған титранттың көлеміне сәйкес рН мәнінің өзгеруін сипаттайтын қисық түзіледі.
Титрлеу қисығын тұрғызу үшін титрлеу басталғанға дейін,эквивалентті нүктеге дейін,эквиваленттегі нүктедегі және эквивалентті нүктеден кейінгі жағдайларда -рН мәні есептеледі.
3. Күшті қышқылды күшті негізбен титрлеу қисығы.
10 мл 0,1н HCl ерітіндісін 0,1н NaOH ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық.
Титрлеу басталғанға дейін ерітіндінің рН мәні қышқылдың бастапқы ерітіндісіндегі сутек иондарының концентрациясымен анықталады:
Эквивалентті нүктеге дейін.Титрлеу барысында эквивалентті нүктеге дейін сутек иондарының концентрациясы бос(титрленбеген) тұз қышқылының концентрациясымен анықталады:
Жалпы түрде:
Егер 10 мл 0,1н тұз қышқылына 9 мл 0,1н натрий гидроксидін қосса, онда сутек иондарының концентрациясы тең болады:
Эквиваленттік нүктеде:
Эквиваленттік нүкте орнағаннан кейін NaOH ерітіндісі артық мөлшерде болады, сондықтан рН-тың мәні негіздің бос концентрациясымен анықталады:
Жалпы түрде:
Егер 10,01 мл 0,1 н NaOH құйылса:
; ;
Алынған мәліметтер 9- кестеде жинақталған.
Кесте 9.- 10 мл 0,1н HCl 0,1н NaOH ерітіндісімен титрлеудің нәтижелері.
VNaOH,мл
|
,моль/л
|
рН
|
,моль/л
|
рОН
|
0
|
|
1,0
|
|
13
|
5,0
|
|
1,5
|
|
12,5
|
9,0
|
|
2,3
|
|
11,7
|
9,90
|
|
3,3
|
|
10,7
|
9,99
|
|
4,3
|
|
9,7
|
10,0
|
|
7,0
|
|
7,0
|
10,01
|
|
9,7
|
|
4,3
|
10,10
|
|
10,7
|
|
3,3
|
11,0
|
|
11,7
|
|
2,3
|
9 - кестедегі мәліметтер бойынша титрлеу қисығы салынды (3 - сурет).
Сурет 3.- 10 мл 0,1н HCl 0,1н NaOH ерітіндісімен титрлеу қисығы
Титрлеу қисығын талдау негізінде келесі қорытындылар жасалды:
Эквивалентті нүктенің маңайында рН мәні күрт өзгереді.
Титрлеу қисығында рН секіру мәні үлкен интервалға ие, NaOH ерітіндісінің көлемі 9,99-10,0 аралығында өзгергенде рН мәні 4,0-тен 10-ге дейін өзгереді.
Эквиваленттік нүкте бейтараптану сызығында жатады.
Эквиваленттік нүктені анықтау үшін рТ көрсеткіштері 4,0-10,0
аралығында жататын индикаторлар сәйкес келеді:метилді қызғылт сары
(рТ=4), метилді қызыл (рТ=5,5), фенолды қызыл (рТ=7,5), фенолфталеин (рТ=9,0).
Достарыңызбен бөлісу: |