3 Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау әдістері. Металлоиндикаторлар Комплексонометрияда титрлеудің соңғы нүктесін (ТСН) көзбен байқау арқылы және аспаптық әдістермен де анықтауға болады. Титрлеудің соңғы нүктесін көзбен байқау арқылы анықтауда металлиндикаторлар қолданылады. Металлиндикаторларлар– бұлар металл иондарының концентрацияларының өзгеруіне байланысты түсін өзгертетін қосылыстар. Әдетте металл иондарымен боялған комплексті қосылыстар түзетінорганикалық заттар.
Металлохромды индикаторлар молекуласының құрылысына байланысты 3 топқа бөлінеді:
1)–N=N– азотобы бар (эриохром қара Т, арсеназо III);
2) трифенилметанды бояғыштар (ксиленолды қызғылтсары, метилтимолды көк);
3)басқа (мурексид, дитизон, ализарин).
Металлиндикаторларларға қойылатын талаптар:
1. Таңдалған рН аймағында металл иондарымен Ме : Ind = 1 : 1 қатынаста тұрақты комплекс түзі шарт. Металл ионы мен индикатордың шартты тұрақсыздық константасының мәні металл иондарының титрантпен тұрақсыздық константасынан үлкен болуы керек, бірақ сонымен қатар аса үлкен де болмауы керек, себебі индикатордың аз мөлшері ерітіндіні қарқын боялған түсті ерітіндіге айналдыруы керек.
2. Металлдың индикатормен комплексі икемді болып, титрантты қосқанда жеңіл бұзылатындай, яғни лигандпен алмасу реакциясы жылдам жүру керек.
3. Титрлеудің соңғы нүктесінде ерітіндінің түсі күрт өзгеруі керек. Металлдың индикатормен комплексінің түсі мен бос индикатордың түсі бір-бірін толықтыратындай болуы керек (мысалы, қызыл – жасыл; сары – көк).
Түст қарқындығы максимал басым болу үшін аралас индикаторларды қолдады. Ол үшін металлиндикаторға бояғыш зат қосады.
Индикатордың түстінің өзгеру аралығын байқап бағалау үшін бір түрдің концентрациясы екінші түрдікінен 10 есе артық болуы қажет (қышқылды-негіздік индикаторда байқалғандай). Бұл жағдайда түстің өзгеру аймағы мына теңдеумен сипатталады : рМ= р.
Индикаторды таңдағанда, түстің өзгеру аймағы рН мәніне тәуелді екенін естен шығармаған жөн, себебі рН комплекстің шартты тұрақсыздық константасы мен индикатордың протондалуына тәуелді екенін ескеру қажет.