Теоридан қысқаша түсінік.
Тақырыбы: Түс пен заливканы қолдану. Фондық және негізгі түс.
PhotoShop бағдарламасының палитра құралдарының төменгі бөлігінде 2 базалық түс бейнеленеді. Негізгі түстерді (негізі қара түс) таңдауменен ерекшеленген бөліктің заливкасы орындалады. Оны сурет салу құралдары салады. Фондық түс (негізі ақ түс) автоматты түрде өшірілген бөліктері немесе суреттің айналасына жол қосқан мезгілде ғана боялады.
1. Кисть құралын таңдаңыз. Бейненің бос жеріне апарыңыз да курсорды басып жылжытыңыз. Курсордың ізіменен қалың қара сызық пайда болады. Курсорды тоқтатсаңыз. Сызық аяқталады.
2. Негізгі түсті ауыстырыңыз. Ол үшін палитра құралдар тақтасынан керекті үлгіні таңдаңыз.Одан соң Color Picker диалогты терезесінен керекті түсті таңдаңыз.. Терезені жабыңыз.
3. Бір-екі жаңа түстерді өткізіңіз. (палитра құралдар тақтасын қолдансаңыз да болады).
4. Фондық түспен де жұмыстанып көріңіз.Ол үшін Ластик құралын қолданыңыз. Бейненің керек емес бөлігіне курсорды апарып, шертсеңіз не болмаса ұстап тұрып жүргізсеңіз болғаны керек емес бөлігіңіз ақ түске боялады немесе былай айтқанда өшіріледі.
Ақ түсті басқа бір ақшыл түске ауыстырыңыз. Ол үшін фондық түстің пиктограммасына шертіңіз де пайда болған түстер палирасынан қызыл түті таңдаңыз.Терезені жабыңыз.
Ластик құралыменен суреттің бетіне жүргізіп көріңіз де түстің өзгергеніне сенімді болыңыз.
Сол түспен белгіленген бөлікті бояңыз.Оны «тікбұрышты аймақ» құралының көмегіменен ерекшелеп алыңыз да Жөндеу/Тазарту командасын таңдай отырып тексеріңіз
Файлды сақтаңыз.
Жұмыс процесінде сіз негізгі түспен фондық түсті өте жие ауыстырып тұруыңызға тура келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |