Жоспар: Тұлға психологиясы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі рөлі. Тұлғаның мотивациялық-қажеттіліктік саласы. Мотивтерді тану мәселесі, оларды тану жолдары. Мотивтер түрлері. Негізгі әдебиеттер



бет13/15
Дата06.10.2023
өлшемі419 Kb.
#112994
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
3 дәрістер жинағы

Негізгі әдебиеттер:

  1. Ильин Е.П. Психология общения и межличностных отношений. — СПб.: Питер, 2009. — 576 с. ил. — (Серия «Мастера психологии»).

  2. Виноградова, С. М. Психология массовой коммуникации: учебник / С. М. Виноградова, Г. С. Мельник. – Москва: Юрайт, 2014. – 512 с.

  3. Гарнер А., Пиз А. Язык разговора. Издательство: «Эксмо-Пресс» 2006 г. – 224 с

  4. Итбаев Н.И. Жалпы психология. Ақмола, 1992.

  5. Алдамұратов Ә. Жалпы психология Алматы., 1996



Қосымша әдебиеттер:

  1. Шульц Д., Шульц С. Қазіргі психология тарихы. 11-басылым, Астана, 2018, Рухани Жаңғыру

  2. Майерс Д., Туенж Ж. Әлеуметтік психология. 12-басылым. Астана, 2018, Рухани Жаңғыру

  3. Арбузова Е. Н., Анисимов А. И., Шатрова О. В. Практикум по психологии общения. 2008 – 272 с.

  4. Немов Р.С. Психология. СС в 3-х томах. Т. 1. - М., 1995

1. Қарым-қатынас психологиясы.

Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағыдармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.


Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен тілдесу қажеттілігін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз болып өсуіне, кішкентайынан айналасына деген сезімінің азаюына әкеліп соқтаратыны байқалып жүр. Сөйтіп қарым-қатынасқа түсу қай жастағыларға болмасын айналадағы жұртпен қарым-қатынас жасай білу орасан қажет. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.
Қарым-қатынас ұғымын кім енгізді, және оның бастапқы мәнін ашу. Психологтардың қарым-қатынас туралы көзқарастарын айту, оқушыларға қарым-қатынастың құрлымын, деңгейін көрсету. Лассуэл бойынша коммуникативтік процесс моделін ұсыну.
Қарым-қатынас – екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен хабар алмасу арқылы өзара әрекеттесу процесі. Қарым-қатынастың ғылыми мазмұнын түсіну үшін оны мынадай құрылымдарға бөліп қарастыру керек. Олар: қарым-қатынастың коммуникативті жағы, интерактивті жағы және перцептивті жағы. Жоғарыда көрсетілген сызбаға назар аударайық.
Қарым-қатынастың коммуникативті жағы – екі жақты ақпарат алмасу поцесі.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы – адамдао арасында өзараәрекеттестіктің пайда болуы және оның жүзеге асуы.
Қарым-қатынастың перцептивті жағы – қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдауы және осының негізінде өзара түсіністік қалыптастыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет