. . Қоршаған ортадағы объектілердің барлығының дерлік өз атаулары бар.БҰҰ сарапшылар тобының анықтамасы бойынша , географиялық атау деп Жер шарындағы объектіге қатысты атауды айтады . Географиялық атау Жер бетіндегі белгілі бір жерді , объектіні немесе ауданды атау үшін ұдайы қолданылатын есім болып табылады . Аталған объектілерге жататындар : - елді мекендер ( мысалы , қалалар , кенттер , ауылдар , деревнялар )
- әкімшілік бірліктер ( мысалы , штаттар , кантондар , облыстар , аудандар , округтар )
табиғи объектілер ( мысалы , өзендер , таулар , мүйістер , көлдер , теңіздер )
жасанды құрылыстар ( мысалы , бөгендер , әуежайлар , жолдар )
жергілікті халық айрықша мән беретін ( кейде діни )
шекарасы анық ажыратылмайтын жерлер мен аудандар ( мысалы , жайылымдар , балық ауланатын аудандар , қасиетті жерлер )
Достарыңызбен бөлісу: |