Географиялық атаудың пайда болуы , түсініктің нақтыланғандығын көрсетеді . Өйткені бұрын жалпы Су деп атап жүрген өзенді Сарысу , Ұзынсу , Қызылсу деп атау өзеннің жеке ерекшеліктерін байқап , объект туралы неғұрлым нақты түсінік қалыптастырады . Сонымен , топонимнің пайда болу себебінің өзі күнделікті қажеттіліктен келіп туындайды . Адамның өз мекен ортасын шаруашылық тұрғыда игеруі және кеңістікте бағдар алуы үшін ондағы объектілер туралы білімі осы атауларда көрініс табуы маңызды болды . Белгілі бір аумақта бірнеше ұқсас объект болған жағдайда оларды ажырату үшін нақтылау қажет болды .

Сонымен , топонимнің басты қызметі бірегей объектіні оған ұқсас объектілерден бөліп көрсету болды . Ресейлік ғалым В.А. Никонов топонимнің бұл қызметін адрестік қызмет деп атаған болатын . Номинация , яғни белгілі бір объектіге атау беру көптеген фактор әсерінен болады . Нақты объектіге берілген атау ендігі жерде жалпы есімдерге тән емес жаңа қасиетке ие болады . Жерге меншік қатынастарының дами бастауы , феодалдық дәуірде
Номинацияға әсер ететін факторларды ғалымдар тілдік ( лингвистикалық ) және тілден тыс ( экстралингвистикалық ) деп бөледі . Жетекші экстралингвистикалық факторлар ретінде географиялық орта мен тарихи жағдайларды атауға болады . Номинация барысында объектінің белгілі бір ерекшелігі дүниенің кез келген аймағында атауға негіз болуы мүмкін . Мысалы , белгілі бір елде жаңа қаланың пайда болуы осы мағынадағы атауды әр тілде қалыптастыруға негіз болған : Карфаген ( Солтүстік Африкадағы көне қаланың финикиялық атауы ) , Неаполь ( Италиядағы қаланың гректер қойған атауы ) , Ниигата ( Жапония ) , Нейбург ( Германия ) , Синьфу ( Қытай ) , ВеликийНовгород ( Ресей ) , Новогрудок ( Беларусь )