Жоспары: Қартаю туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата01.08.2022
өлшемі7,17 Mb.
#38006
1   2   3   4
Байланысты:
177664.pptx

геронтология және жастары ұлғайған
адамдар мен кәрі адамдардың ауруларын
зерттейтін ілім гериатрия қазір қатты
дамып келе жатыр.


Қартаюға әкелетін себеп шарттар туралы түсінік әлі толық тұжырымдалған жоқ. Ол туралы
ұсынылған көптеген жорамалдардың екі тобына назар аударуға болады:
- Қартаю организмнің тіршілігінде жинақталған орны толмайтын бүліністердің
нәтижесінде дамиды. Мұндай бүліндіргіш ықпалдарға табиғи жағдайларда радийбелсенді
заттардың ыдырауынан, ғарыштық сәулелердің т.б. радиацияның қайнар көздерінен пайда
болатын иондағыш сәулелер, организмдегі рН-тың және температураның өте аз мөлшерде
кездейсоқ толқулары жатады. Сонымен бірге организмде заттардың еркін тотығуларынан
пайда болатын радикалдар мен асқын тотықтар өте күшті бүліндіргіш әсер етеді.


Қартаю кезінде организмде ДНҚ молекуласының немесе ДНҚ, РНҚ молекулаларының
түзілуіне қажетті ферменттерінің бүлінуі жасушаларының тектік құралдарында мутация
дамуына және тектік ақпараттардың өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Шынында қартайған
организмдерде хромосомалардың ауытқулары жиі байқалады. Осы келтірілгендердің
нәтижесінде иммундық жүйенің қалыптыдан ауытқулары, аутоиммундық үрдістердің дамуы
қартаюдың патогенезіне елеулі үлес қосатыны күмән келтірмейді.


Қартаю дара тұлғалардың өмір ұзақтығын шектеуге бағытталған,
жасушалардың тектік құралдарында алдын ала жазылған ақпараттарға
байланысты. Кейбір адамдардың тым ерте қартаятыны және олардың
кәріліктен туралы мәліметтер жиі кездеседі.


ОСЫЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАРТАЮҒА ОНТОГЕНЕЗДІҢ БІР САТЫСЫ
РЕТІНДЕ ҚАРАУ ҚАЖЕТ. БҰЛ КЕЗДЕ АДАМНЫҢ ДАМУ
САТЫЛАРЫНДА АЛҒАШҚЫ САТЫ КЕЙІНГІ САТЫЛАРДЫҢ ДАМУЫН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ТҮРТКІ БОЛЫП ТҰРАДЫ.



Тұтас организм деңгейінде қартаю
кезінде шаш ағарып, түсе бастайды,
көздің көруі,құлақтың естуі нашарлайды,
тіс түседі. Тері жұқарып, құрғайды. Сол
себептен ол қатпарланып, бетте әжім
пайда болады. Сонымен бірге адамның
қол жұмысын атқаруға қабілеті
төмендейді.


 Қартаю кезінде мидың сыртқы
қыртысының кейбір қабаттарында
жүйке жасушалары азайып, глия
жасушалары көбейеді. Бұл кезде
мидың басқа аумақтарында елеулі
өзгерістер болмайды. Мидың біршама
құрылымдары әртүрлі өзгерістерге
ұшырайды. Соның ішінде
гипоталамустың өзгерістері дербес
жүйке жүйесі мен эндокриндік
жүйенің өзгерістеріне әкеліп, адамның
қартаюына бірталай ықпал етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет