Жоспары: Білім беру ұғымы


Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 қырынан қарастыруға болатынын атап көрсетеді



бет2/3
Дата10.12.2023
өлшемі94,38 Kb.
#136830
1   2   3
Байланысты:
Айсина Г педагогика

Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 қырынан қарастыруға болатынын атап көрсетеді:


Құндылық
Жүйе
Үдеріс және іс-әрекет
Нәтиже

Құндылық аспектісі

  • Ұлттық құндылықтарды меңгеру негізінде адам жалпыадамзаттық құндылықтарға деген қатынастары қалыптасады. Олардың қатарына ұлттық және нәсілдік айырмашылықтарына қарамастан барлық адамдарға ортақ маңызды болып есептелетін құнды нысандар жатады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы, қадір-қасиеттері,білімі,т.б.Адам санасында аталған құндылықтарға деген көзқарас білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны анық. Білім беру ұйымдарында алған білімдері мен тәрбиесі арқылы әр адам әлеуметтік қатынастарға бейімделіп, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік алады. Сондықтан білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі.

Білім беру жүйе ретінде

  • Білім беру жүйе ретінде.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесі ретінде өзара бірлесе іс-әрекет ететін:
  • 1) білім берудің деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының жиынтығы;
  • 2) білім беру бағдарламаларын типтеріне, түрлеріне, меншіктік формаларына қарамастан жиынтығы;
  • 3) білім беру сапасының мониторингін жүргізетін ғылыми ұйымдар оқу-әдістемелік және оған сәйкес инфрақұрылымдарының жиынтығы қарастырылады.

Үдеріс және іс-әрекет

  • Білім беру-үдеріс және іс-әрекет мақсаттан нәтижеге қарай жылжу үдерісі. Үдеріс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп өзгеруі; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.Білім беру – педагог пен оқушы арасындағы қарым-қатынас үдерісі. Бұл үдеріс барысында оқушы немесе студент оқу, тәрбие, даму үдерістеріне белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады.Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың,студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық үдеріс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер,көрнекілік құралдар, компьютерлер,қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған(жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет