30-400С температурады тірі ағзада ферменттер белсенді келеді. Егер бұл температура деңгейі төмен не жоғары болса, онда фермент белсенділігі төмендейді
Ферменттің өзі ақуыз болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.
Төменгі температурада ферменттік реакциялардың жылдамдығы өте төмен болады. Бұл жағдай практикада азық-түлік өнімдерін сақтау үшін (ет, май, балық, сүт, көкөністер т.б.) пайдаланады.
Ортаның рН шамасына байланысты ферменттер белсенділігі бірден өзгереді. Әр түрлі ферменттер әрекеті үшін рН көрсеткішінің шамасы әр түрлі болады;
Кейбірі қышқыл ортада, екіншісі бейтарап ортада, үшіншісі әлсіз сілтілі немесе сілтілі ортада ерекше белсенді болады;
Ферменттер ақуыз сияқты электр заряды бар заттар, сондықтан олардың кеңістіктік құрылымы рН шамасына тәуелді.
Ингибиторлар мен активаторлар
- Фермент активтілігі ортада әр түрлі химиялық заттардың болуына байланысты. Кейбір зат фермент активтілігін арттырады, мұндай қосылыстар активаторлар деп аталады.
- екінші бір заттар фермент әрекетін баяулатады, тіпті оны тежейді. Мұндай заттар ингибиторлар (тежегіштер) деп аталады.
- ферменттер әсерінің бәсекелес және бәсекелес емес тежеушісін ажыратып бөледі.
Проферменттер мен изоферменттер
Проферменттер(лат. pro – алдыңғы, бұрынғы және фермент деген сөзден шыққан) – ферменттердің активті емес түрі. Безді эпителийде бірқатар протеолиттік ферменттер белсенді емес күйде - проферменттер (зимогендер) түрінде синтезделеді. Осының арқасында проферменттер түзілген жасушалар мен тканьдер өздерін өздері бүлдіріп бұзбайды.
Проферменттердің белсенді түрге (ферментке) айналуын физиологиялық және биохимиялық жағдайлар реттейді. Проферменттің белсендіру үдерісі жүреді:
пептидтік байланысты үзу арқылы профермент молекуласынан бір немесе бірнеше пептид бөлініп ажырайды, осының нәтижесінде ферменттің сәйкес конформациясы қалыптасады және оның белсенді бөлігі ашылады.
Иммобилденген ферменттер
Иммобилденген (лат.immobilis - қозғалмайтын)
ферменттер – қатты таянышқа (полимерге, целлюлозаға,әйнекке) бекіген ферменттер.
Ондай ферменттер ерімейтін материалмен ковалентті байланысады.
Иммобилденген ферменттер кең көлемде амин қышқылы, витаминдер, қант, антибиотиктер және дәрі- дәрмектер сияқты аса тапшы азық-түліктің және жемшөптік заттар өндірісінде қолданылады.
Тұңғыш рет 1910 жылы А.Гэррод зат алмасу ферменттермен және тұқым қуалайтын аурулардың арасындағы байланысты анықтады.
Медицинада ферменттер емдеу мақсатында қолданылады:
химотрипсин (гидролаза) iрiңдi жарақаттар, көздiң қасаң қабығының ойылымдары және қатты күйiктердiң емдеуiнде тиiмдi.
iрi қараның асқазан асты бездерінен алатын трипсин ферменті трахеиттер және бронхит сияқты тыныс жолдарының iсiп қызару ауруларында қолданады
Лидаза гематомалар және тыртықтардың тарауында маңызды. Оның көмегімен жараланған буындардың қозғалғыштығы жақсарады.
пепсин ас қорыту аурулары (гастрит) кезінде қолданылады.
Ұйқы безі (панкреатин) ферментi ас қорытудың жақсарту мақсаты-мен бауырдың әр түрлi ауруларында қолданады.
Микроорганиздермен ашу процессі практикада тамақ, алкогольді сусындар өндірісінде немесе консервілеу кезінде қолданылады. Барлық ашу процестері пируваттың түзілуімен анаэробты ортада өтеді.
Амилазалар нан, сыра өндірсінде крахмалды ыдырату кезінде;
Протеазалар: пепсин дайын ботқалар, трипсин балалар тағамдарының, бактериалды протеазалар ақуызды гидролизаттар дайындауда;
Глюкозооксидаза глюкозаны немесе оттегіні бөліп шығару кезінде;
Каталаза сутегі пероксидін кетіру үшін;
Целлюлаза мен пектиназа жемістер шырындарын тазарту үшін қолданылады.
Назарларыңызға рахмет!!!