Жоспары: I. Кіріспе II. Негізгі бөлім



бет2/5
Дата25.04.2022
өлшемі26,96 Kb.
#32252
1   2   3   4   5
Байланысты:
срс эпизот

Негізгі бөлім

Сүйелді дерматит (Dermatitis nodularis, нодулярный дерматит) - дене қызынып, теріде өліеттенген бүртіктер пайда болуымен, сөл түйіндері, кілегейлі қабықтармен тыныс жолдарының зақымдануымен ерекшеленетін сиырдың жұқпалы ауруы.

Қоздырушысы. Ауру қоздырушысы ретінде зерттелген вирустар үш топты құрайды: Orpheling, Allerton, Neetling. Сүйелді дерматит вирустарының төзімділігі айтарлықтай жоғары. Зақымданған теріде вирус 33 күн сақталады, терідегі бұдырмақтарда бөлме температурасында 18 күндей сақталады.

Індеттік ерекшеліктері. Табиғи жағдайда сиыр, әсіресе оның асыл тұқымдары ауруға бейім, сонымен қатар енеке,сусиыр ауырады. Қойдың ауыратындығы туралы да мәліметтер бар. Қолдан жұқтырғанда керік пен антилоптар да ауырады, бірақта жабайы жануарлар арасында өздігінен ауыру байқалмайды. Індет көбінесе, ыстық, ылғалды маусымда, ойпат, сазды аймақтарда байқалып, эпизоотия ретінде кең таралады.

Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған және вирус алып жүретін жануарлар. Берілу жолдары жете зерттелмеген.

Балау індеттанулық,клиникалық патологоанатомиялық  деректер  мен  лабораториялық  зерттеулер, гистологиялық   зерттеулерге  кіретін  вирусты  бөліп  алу, БР пен  басқа  типтерден  ажырату, ИФР, электрондық  микроскопия  және  бейім  жануарларға  биопроба  жасау  арқылы  қояды. Диагностикалық  гистологиялық  тексеру  маңызды  орын  алады.

Сүйелді  дерматитті  дерматофилезден, демодекоздан, онхоцеркоздан, глобидиоздан, эфемерлі  қызбадан, аусылдан, есекжемнен, эпизоотиялық  лимфангоиттан, тері  туберкулезінен, бөгелектің  балақұрттары  келтіретін  зардаптардан  және  поствакциналық  домбығудан  балап  ажырату  қажет.

Ауырып  тұрған, аурып  жазылған  және  жасырын  жұқтырған  вирус-тасығыш  жануарлар  қоздырғыштың  тарататын  көздеріне  жатады.

Сүйелді  дерматитті  алдын-алу:

Мал иелерінің сүйелді дерматит ауруын ескерту мақсатындағы  міндеттері:

1) ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және оларға ветеринариялық төлқұжаттарды рәсімдеуді қамтамасыз етуге;

2) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануарлар, туған төлдер, олардың сойылғаны мен сатылғаны туралы хабарлауға;

3) ветеринариялық мамандарға олардың талап етуі бойынша диагностикалық зерттеулер мен вакцина егуді жүзеге асыру үшін жануарларды беруге;

4) бірнеше жануар кенеттен өлген, бір мезгілде ауырған немесе олар әдеттен тыс мінез көрсеткен жағдайлар туралы ветеринариялық мамандарға хабарлауға және ветеринариялық  мамандар келгенге дейін ауру деп күдік келтірілген жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануға.

Сүйелді  дерматитпен  күресу  шаралары:

Сүйелді  дерматит  шыққан  шаруашылық  субьектісіне  карантин   қойылады, ауру  және  ауру  жұғуға  күдікті  жануарлар  дер  кезінде, мұқият  оқшауланып,лабораториялық  тәсілдермен  диагнозы  анықталады. Ауру  малдар  оқшауландырғыш  ішінде  болған  кезеңде  оларға   қансорғыш  жәндіктердің  кіруіне  жол  бермейді.

Карантиннің  шарты  бойынша  рұқсат етілмейді:

1)шаруашылық  субьектісіне  барлық  жануарлар  түрлерін  құстармен  қоса  әкелуге, әкетуге;      ​

2)шаруашылық  субьектісі  ішінде  қызмет  көрсететін   ветеринариялық  инспектордың  рұқсатынсыз  малдардың  орнын   ауыстыруға;

3)малсауу,сою  және  етін  пайдалану,  ауру  малдың  және  ауруға   күдікті  жануарлардың  сүтін  пайдалануға;

Сүйелді  дерматиттен  өлген  жануарлардың  өлекселері  терісімен   бірге  жойылады, өлекселерді  диагностикалық  мақсатпен   сойып көру  арнаулы  жабдықталған  орында  рұқсат  етіледі.

Карантин  кешендік  ветеринарлық-сантиарлық  шаралар  өткізіліп, қорытынды  дезинфекциядан  кейін  алынады.

Сүйелді  дерматит  алғашқы  пайда  болған  мезгілде, барлық  ауру  және  ауруға  күдікті  жануарлар  сойылып, мұқият  дезинфекция, дезинсекция жүргізілуіне ұсыныс жасалады. Дезинфекция жүргізу  үшін  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  реестрінде   тіркелген  ветеринариялық  препараттар  қолданылады.

Ірі қара мал нодулярлық дерматиті (тері ісігі, түйіндік экзантема, жұқпалы түйіндік дерматит) ірі қара малдың қызбамен, тері асты дәнекер тінінің және ағзалардың ісінуімен, тері түйіндерінің пайда болуымен, көздің, тыныс алу және ас қорыту жолдарының шырышты қабығының зақымдануымен қоса жүретін вирустық жұқпалы ауруы. Нодулярлы дерматит кезіндегі өлім-жітім 10% – дан аспайды, алайда қаржылық шығын үлкен, ол өсім мен сауынның төмендеуімен, сондай-ақ сиыр терісін пайдаланудың мүмкін еместігімен көрінеді. Ауру жылы климаты бар жерлерде таралған. Адам нодулярлы дерматитпен ауырмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет