Аурудың клиникалық белгілері ішектің кіру деңгейімен, баланың жасымен, ішектің кірген уақытымен анықталады. Бір жасқа дейінгі нәрестелерде көбінде (93%) мықын аймағының инвагинациясы кездесетін болғандықтан, инвагинацияның клиникалық белгілерін бұл түрінде «нағыз» белгілері деп атайды.
Клиникасылық көріністері
Іштің ауырсынуы немесе жас сәбидің мазасыздануы. Ауру кенеттен басталады: бала мазасызданып жылайды, аяғын жиі-жиі қозғайды, бет әлпеті сұрланып, суық тер басады. Үлкендеу балалар қолымен ішін ұстап жылайды. Сәби анасының қолында да уанбайды, емшекті аузына алмайды. Іш ауырсыну ұстамасы 3-7 минутқа созылады, одан кейін кенеттен ауырсынуы тоқтайды. Бала ол кезде емшекті емеді, қолына ойыншық алады, т.б. бірақ келесі 5-10 немесе 15 минуттан кейін қайтадан ұстаманың бұрынғы белгілері пайда болады. Ұстама кезінде балалар құсуы мүмкін.
Бара-бара, ұстама аралығындағы уакыт ұлғая береді де, сәбидің жалпы жағдайы нашарлай бастайды. Бала әлсізденіп, жан-жағына әуестігі азаяды, тамақтан қайтады.
Клиникалық көріністері
Тік ішектен қан кетуі - ішек бір-біріне кірген кезде ішек цилиндрінін арасына шажырқай қысылып көк тамырларда (веналарда) қан айналу тоқталады, ал артериялык тамырлар арқылы қан келе береді. Көк тамырда қанның қысымы артуынан, қан ішектің қабырғасы арқылы ішек қуысына сіңеді. Ауру басталғаннан 14-24 сағаттан кейін ішектің ісінуінен және кейбір тамырлардың жарылуынан немесе ішектің шіруінен қан ішекке жиналады.
Клинакалық көріністері
Ішті пальпациялап қараған кезде инвагинаттың анықталуы - іш қуысында ісік көбінде оң жақ қабырға астында (мықын аймағыңдағы инвагинацияда), кіндік тұсында (аш ішек-аш ішек инвагинациясында), сол жақ қабырға астында немесе сол жақ аймағында (тоқ ішек тоқ ішек инвагинациясында) инвагинат анықталады. Жоғарыда берілген клиникалык белгілер инвагинация ауруының алғашқы 6-12 сағаттарында болады. Егер бұл аралықта дұрыс диагноз қойылмаса, инвагинация белгілері саябырлай бастайды. Балалар аз мазасызданады, айқайы әлсіздеу, улану және құрғақтану белгілері артады. Денесінің ыстығы 39-400С-қа көтеріледі. Тілі құрғақтанып шорланады. Тамыр соғуы әлсіз, жиілеу болады. Ішектің қозғалысы азаяды (парез), перитонит белгілері пайда болады. Іштің көлемі үлкейіп, қатаяды. Ішектен жел шықпайды, дәреті болмайды.