Жоспары: І кіріспе ІІ негізгі бөлім



бет5/6
Дата03.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#47272
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Емі

Консервативтік ем үшін тік ішекке ауаны Ричардсон аппараты арқылы 80-90 мм с.б. қысыммен жібереді. Ауа жіберер алдында, сырқаттың тері астына баланың жасына сәйкес промедол және димедрол, атропин ертінділері жіберіледі. Дезинвагинацияның барысы рентген сәулесі арқылы қадағаланады. Қолданған емнің әсерін, клиникалық белгілер арқылы және рентгенологиялық әдістермен анықтайды. Біріншіден, баланың жалпы жағдайы жақсара бастайды, тынышталып емшек еме бастайды, ұйықтап кетеді, ішін басып қарағанда инвагинат анықталмайды, нәжісі 5-12 сағаттан кейін дұрысталады. Екіншіден, рентгендік белгілер қалыпты болады: тоқ ішек толық ауаға толады, инвагинаттық көлеңкесі жоғалады, ащы ішекте біртіндеп ауа пайда болады. Консервативтік еммен дезинвагинация жасау үшін науқастар ауруханаға жатқызылуы керек. Ауырған бала, ары қарай міндетті түрде дәрігердің байқауында болуы керек. Өйткені, инвагинация қайталануы немесе жартылай дезинвагинациялануы мүмкін. Кейбір зерттеушілер консервативтік емнің толық көмегін білу үшін барий сульфаты ерітіндісін ішкізіп, 12 сағаттан кейін контрасттық зат арқылы ішек қозғалысын анықтап біледі.

Емі

Оперативтік емдеу түрі ащы ішек инвагинациясында, сырқат ауруханаға кеш түскен уақытта (12 сағаттан кейін), инвагинация қайталанғанда, инвагинаттың тік ішек арқылы сыртқа түсіп кеткен кезінде және инвагинация сырқаты 1 жастан асқан балаларда анықталған жағдайларда қолданылады. Операция ерте жасалған уақытта, оның асқынуы да аз болады. Іш қуысын трансректальдық, параректальдық әдіспен ашады. Инвагинаттың басын анықтағаннан кейін, біртіндеп, саумалап дезинвагинация жасалады. Ішекті толық жазғаннан кейін, оның толық жұмыс істеу қабілетін анықтайды. Егер ішекте тіршілік қабілеті жоқ болса, немесе ішек қабырғасы қарайып шірісе, ішектің шіріген бөлігін кесіп алып (резекция) тастайды да, ішек арасына анастомоз салады.

Емі

Соқыр ішек-тоқ ішек инвагинациясы: а) дезинвагинацияға дейін б) дезинвагинациядан кейін Егер, іш қуысында ірің немесе нәжіс болса жағдайда, ішектің өзгеріске ұшыраған жеріне резекция жасағаннан кейін, ішектің ұшы құрсақ қуысының алдыңғы қабырғасына шығарылады (қосалқы илеостома Микулич бойынша). Операциядан кейінгі уақытта, Л.М.Рошальдың мәліметі бойынша, 21,4% ауруда әр түрлі асқынулар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет