Жоспары: І кіріспе ІІ негізгі бөлім



бет4/6
Дата03.11.2022
өлшемі0,84 Mb.
#47272
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Диагностика

Инвагинация ауруында, маңызды диагностикалық мәліметтерді тоқ ішекке ауа жіберіп іш қуысын рентген сәулесін қолдана отырып тексеру береді. Тексерудің бұл түрін, ауыру басталғаннан бері 12-16 сағатқа дейін түскенде, инвагинацияның түрін білуге және консервативтік ем қолдану реті келгенде ғана қолданады. Диагностикалық мақсатпен тоқ ішекке ауаны Ричардсон аппараты арқылы 40-50 мм с.б. қысыммен жібереді. Тоқ ішекті ауаға толтыру арқылы инвагинаттың гомогеңді көлеңкесі анықталады. Инвагинат көлеңкесінің аумағына қарап инвагинацияның түрін білуге болады. Тоқ ішек инвагинациясында инвагинаттың басы дөңгелек тәріздес, сонымен қатар жалпақ деңгейде болады. Ауа екі жақ қабырғасынан тарай отырып «екі тісті» тәріздес фигура жасайды.

Диагностика

Ащы ішек-тоқ ішек инвагинациясының өзіне тән рентгенологиялық белгілері болады: гомогенді инвагинат көлеңкесі соқыр ішектің немесе өрме тоқ ішектің ішінде анықталады, және инвангинаттың көлеңкесі алмұрт тәріздес болып тарылған жағы мықын клапанына қарай жатады. Сол кезде ауа, инвагинатты жан жағынан қоршай отырып соқыр ішекті толық қамтиды. Инвагинация ауруы мынадай сырқаттармен салыстырып сараптауды талап етеді: дизентерия, Шенлейн-Генох ауруы, жедел аппендицит, Меккел дивертикулы, ішек гемангиомасы, тоқ ішек полипозы, іш қуысының айналып кеткен торсылдағы. Бұл аурулардың инвагинациядан бөлек өздеріне тән клиникалық, лабораториялық және қосымша тексерулер арқылы табуға болатын белгілері болады.

Емі

Инвагинацияны емдеудің негізгі мақсаты - ертерек дезинвагинация жасау. Дезинвагинацияның екі тәсілі бар: консервативтік және операциялык. Консервативтік ем өте қарапайым және жарақатсыз. Бұл емнің негізі - тоқ ішекке ауа жіберу арқылы инвагинатқа механикалық әрекет жасау, сонымен сәбиді операциядан сақтап қалуға және аурудың емханада жатқан уақытын азайтады.

Консервативтік емді келесі жағдайларда қолданбайды:

  • ащы ішек инвагинациясында тік ішек арқылы қысыммен жіберген ауа баугиниев қақпасы арқылы өтпейді, сондықтан инвагинат шешілмейді;
  • аш ішек-тоқ ішек инвагинациясында, ішектің мықын клапанында ісініп қысылып қалуынан дезинвагинация болмайды;
  • егер науқас ауруханаға 12 сағаттан кейін түссе, консервативтік ем қолданған дұрыс емес;
  • бір жастан асқан сәбилерде көбінде механикалық себептерден инвагинация болуы мүмкін (полип, дивертикул, т.б.), сондықтан консервативтік ем қолданбау керек;
  • инвагинацияның қайталанба түрінде консервативтік ем қайшылық етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет