Байланысты: Сұйық ортаның электр өткізгіштігін өлшеу аспаптары
λ = ϰ×1000/Cн
Еріген электролиттің концентрациясы өскен сайын иондардың да мөлшері артады, яғни меншікті электрөткізгіштік артады. Бірақ меншікті электр өткізгіштік белгілі бір максимал мәнге жеткен соң оның мәні азая бастайды, себебі күшті электролиттер үшін λ релаксация эффектісі және электрофорезді эффект күшейеді, ал әлсіз электролиттер үшін олардың диссоциация дәрежелері азаяды. Релаксациялық эффект және электрофорезді эффект – электр тогы өрісінде қозғалатын ерітіндідегі иондардың еріткіш молекулаларынан және оларды қоршаған қарама-қарсы зарядталған иондардан олардың қозғалысын тежейтін әрекет. Осы тежейтін әрекет нәтижесі – ерітіндінің кедергісі болады.