Жоспары: I кіріспе



бет2/6
Дата24.05.2022
өлшемі33,73 Kb.
#35448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рад-1

II Негізгі бөлім
2.1 Ветеринариялық радибиология пәні
Радиобиология – иондаушы сҽулелердің биологиялық нысандарға ҽсер ету механизімі мен заңдылығын зерттейтін ғылым.
Ветеринариялық радиобиология – радиацияның биологиялық ҽсерінің тиімділігін және бұл жағдайларда ауыл шаруашылық малдарының организімінде пайда болатын патологиялық үрдістердің дамуы мен ерекшеліктерін зерттейтін ғылым. Жалпы радиологияның пайда болуы мен дамуы XIX – ғасырдың соңында, атап айтқанда 1895 – жылы Вильгельм Конрад Рентгеннің ашқан аса құнды жаңалығына байланысты. Ол осы уақытқа дейін белгісіз х – сәулесін ашты. Кейіннен бұл сҽуле Рентген сҽулесі деп аталып кетті.
Ал таза радиоактивтіліктің тарихы 1896 жылы фрацуз ғалымы Антуан Анри Беккерельдің уран тұздарының көзге көрінбейтін сәулелер бөлетіндігін ашуынан басталады. Ол қараңғы жерде жатқан уран тұздарының фотопластинкаға ҽсер етуінен оның бетінде тұз кесектерінің суреттері айқындалғанын анықтады да, осы тұздардың көзге көрінбейтін сәулелер бөлетіндігін болжады. 1898 жылы Мария Складовская – Кюри жҽне Пьер Кюри радий жҽне полонийдің радиоактивті қасиетін, олардың сҽуле бҿлу қарқындылығының ураннан басым екендігін ашты. 1935 жылы Мария мен Пьер Кюридің қызы – Ирен жҽне оның жұбайы Фредерик Жолио Кюри екеуі жасанды радиоактивтілікті ашты.
Көзге көрінбейтін өтімді сҽулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді. Радиоактивтілік деген radius «луч», «сҽуле» жҽне activus «действенный», «белсенді» деген латын сҿздерінен алынған. Тҽуелсіз мемлекеттер достастығында ірі зерттеу орталықтары Алматыда, Мәскеуду, Киевте, Минскде, Новосібірде т.б. қалаларда ұйымдастырылды. Радиобиологияның дамуына үлес қосқан А.М. Кузин, И.В. Курчатов, П.Д. Горизонтов, С.П. Ярмоненко т.б. кҿптеген ғалымдар, ал ветеринария жҽне мал шарушылығы салаларында радиобиологияның дамуына үлес қосқандар А.Д. Белов, В.И. Киршин, Г.Г. Воккен, П.А. Карташов, В.Г. Ильин т.б. Радиобиология ғылымына сүбелі үлес қосқан Қазақстандық ғалымдар С.Б. Балмұханов, Р.Қ. Қарақұлов, С.Т. Рысқұлова жҽне т.б.
Қазіргі заманда радиоактивті изотоптар мен иондаушы сҽулелер адамның барлық жұмыс жүргізу кеңістігінде, әртүрлі деңгейде пайдаланылады. Осыған байланысты адам мен ауыл шарушылығы малдарын иондаушы сҽулелердің зиянды әсерінен қорғау мҽселелері туындайды, сондықтан мал дҽрігеріне ветеринариялық радиобиологияны оқып үйрену аса өзекті мҽселе болып табылады.
Иондаушы радиацияның биологиялық ҽсерінің негізінде радиобиология келесі қолданбалы мәселелерді қарастырады: сырттай сәулуленудің аз дозасының әсерінен ауыл шаруашылық малдары мен құстарының шаруашылыққа пайдалылығын ынталандыруды; дәрі – дҽрмектер (витаминдер, антибиотиктер т.б.) мен ветеринариялық биологиялық препараттарды (вакциналар, сарысулар т.б.), хирургиялық тігуге жҽне орап - таңуға арналған материалдарды стерильдеуді, мал өнімдерін консервілеуді; малдан алынған шикізат өнімдерін (жүн, тері, елтірі, бағалы аң терісі, үлбір т.б.) зарарсыздандыруды жҽне т.б.
Сонымен қатар ветеринариялық радиобиология, радиоактивті изотоптар әдістерін мал шаруашылығы мен ветеринарияда мал физиологиясы мен биохимиясын зерттеу, ауруларды балау жҽне селекциялық генетикалық зерттеулер жүргізу үшін пайдалануды зерттеп оқытады. Ауыл шаруашылығы мамандары радиоактивті сҽулелердің әртүрлі дозаларының биологиялық әсерінің сипатын білуі қажет, радиациялық жағдайды бағалауды, сәулемен зақымданған малға балау жүргізуді, малды емдеу, аурудың алдын – алу шараларын ұйымдастырып жүргізуді меңгеруі қажет. Радиациялық жағдайды анықтау жҽне малды қорғау мен өңдеуді уақытында жҽне дұрыс ұйымдастыру, радиоактивті заттармен ластанған мал ҿнімдерін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет