Жоспары: I кіріспе


Радиация қауіпсіздігі жӛнінде пайдаланылатын негізгі құжаттар



бет5/6
Дата24.05.2022
өлшемі33,73 Kb.
#35448
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рад-1

2.3 Радиация қауіпсіздігі жӛнінде пайдаланылатын негізгі құжаттар
Радиация қауіпсіздігі мәселелері халықаралық деңгейде радиациядан қорғанудың халықаралық комиссиясының (РҚХК, орысша МКРЗ) шешімдерімен шектеледі. Бұл комиссия ертеректе құрылған рентген сҽулелері мен радийден қорғанудың арнайы Комитетінің негізінде 1950 жылы құрылған. РҚХК өз жұмысын радиация өлшем бірліктерінің халықаралық комиссиясымен (РҾБХК, орысша МКРЕ ) тығыз байланыста жүргізеді. Сонымен қатар атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттгігі (АЭЖХА, орысша МАГАТЭ) де бар. Бұл құрылым да атом энергиясына байланысты жұмыстар кезінде радиациядан қорғану мәселелерімен айналысады.
Бұл құрылымға Қазақстан Республикасы 1994 жылы мүше болып кірді. Бұдан басқа БҰҰ - ның жанында радиация мҽселелері жөнінде арнайы ғылыми комитет құрылған (ЮНЕСКО). Ол РҚХК (МКРЗ), РӨБХК (МКРЕ) жҽне дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ орысша ВОЗ) бірге БҰҰ - ның Бас Ассамблеясының тапсырмасын орындайды. Жарғысының талаптарына байланысты, РҚХК иондаушы сҽулелерден қорғану жөніндегі барлық жетістіктермен танысып, негізгі ғылыми принциптерге байланысты тиісті нұсқаулар дайындайды, ол Халықаралық радиологиялық конгресте бекітіледі.
Осы конгрессте қабылданған құжаттардың негізінде, әрбір елдің ұлттық комиссиялары жергілікті жағрафиялық жҽне экономикалық жағдайларға байланысты тиісті ережелер мен заңдар қабылдайды, олар иондаушы сәулелер көздері жҽне радиоактивті заттармен жұмыс жүргізу қауіпсіздігі нормаларын анықтайды. РҚХК (МКРЗ) нұсқауларын ескере отырып, Қазақстан Республикасында, тиісті өзгертулер мен түзетулер енгізілген радиоактивті заттар жҽне иондаушы сҽулелердің басқа да көздерімен жұмыс жүргізудің негізгі санитариялық ережелері (НСЕ – 87, орысша ОСП – 87) жҽне радиациялық қауіпсіздіктің нормалары (РҚН - 99, орысша НРБ - 99) қабылданып, құжат ретінде басылып шыққан. Биологиялық әсері бар радиоизотоптар және басқа да иондаушы сәуле көздері, сырттай және іштей сәулелену мүмкіншілігі болғандықтан адам денсаулығына қауіп туғызуы мүмкін болып есептеледі.
Радиоактивті заттармен (РЗ) жұмыс жүргізу максимальді қауіпсіз болуы үшін радиациялық қауіпсіздік нормалары (РҚН-99) мен радиоактивті заттар жҽне иондаушы сҽулелердің басқа да көздерімен жұмыс жүргізудің негізгі санитариялық ережелерінің (НСЕ – 87) талаптарын қатаң сақтау қажет. Бұл құжаттар радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі талаптарын заңды түрде регламенттейді жҽне табиғи, жасанды радиоактивті изотоптарды жҽне басқа да иондаушы сәуле көздерін тасымалдайтын, сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын, сонымен қатар радиоактивті қалдықтарды өңдейтін және залалсыздандыратын барлық министрліктер мен ведомствалардың барлық мекемелері мен кҽсіпорындарына орындауға міндетті құжат болып есептеледі. Министрліктер мен ведомствалар НСЕ жҽне РҚН негізінде радиоактивті заттар жҽне басқа да иондаушы сҽуле кҿздерімен жұмыс жүргізу мҽселелері бойынша ережелер дайындайды және оны санитариялық эпидемиологиялық қызмет органдарымен келістереді. Бұл ережелерді орындау жауапкершілігі министрліктер мен ведомствалардың мекемелерінің басшыларына жүктеледі.
Радиациялық қауіпсіздік деңгейі радиоактивтілік көзіне (ашық немесе жабық), оның физикалық жҽне химиялық жағдайына, сәуленің түрі мен энергиясына, изотоптың жартылай ыдырау кезеңінің ұзақтығына, жұмыс орнындағы радиоактивтіліктің мөлшеріне байланысты болады. Иондаушы сәулелердің жабық көзі деп пайдалану кезінде ортаға таралу мүмкіншілік жоқ радиоактивті заттарды айтамыз (қорытпалар, құймалар, стерженьдер, дискілер және т.б.).
Бұл сәуле кҿздері тек сырттай сәулелену қауіптілігін туындатады. Ал иондаушы сәулелердің ашық көзі деп пайдалну кезінде қоршаған ортаға таралуы мүмкін радиоактивті заттарды айтамыз (ұнтақтар, сұйықтар, газдар). Радиоактивті заттардың ашық түрімен жұмыс жүргізген кезде (препараттар жасау, аналитикалық жұмыс), сырттай сәулеленуден қорғанудан басқа, радиоактивті заттардың адамның ішіне түсуінен толық қорғауды қамтамасыз ету керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет