Орта нарықтан көтеріңкі бағалар, клиниканың бір кемшілігіне айналуы мүмкін.Егерде олардың науқасқа неге жоғары баға екенін түсіндіре алмаса кемшілігіне айналады;
Пайда келтіретін және ыңғайлы баға “орта нарықтағы баға”.Бұл жағдайда науқасқа түсіндіріп жатудың қажеті жоқ, өйткені ол барлық клиникаларда да осындай баға екенін біледі.
Product(тауар)
Бір қарағанда тауар стоматологиялық қызмет болып табылады.Бірақ науқастың стоматологқа келуі бар ынтасымен емес,амалсыздан екенін білеміз.Сондықтан шындығында тауар болып, емдеу кешені жатады.
Promotion (дамуы)
Клиниканың жылжуы одан әрі дамуы науқасты өзіне қаратуда маңызды сұрақтардың бірі болып табылады.Бұл жерде клиниканың атауы,жарнама компаниясы,репутацияның басқарылуы бәрінің маңызы зор.
Стоматологиялық мекеменің дамуына әсер ететін факторлар
Тәжірибесі мол дәрігерлер,сапалы қызмет көрсету
Науқастармен жеке дара қатынас құру
Тиімді жерде орналасу
Жарнама жасай білу
Инновациялық технологиялар мен жаңа материалдарды қолдану
Маркетинг стратегиясын анықтау үшін қандай аудиторияға жұмыс жасайтынынызды білуіңіз қажет.Көптеген адамдар қазіргі заманда клиниканы интернет желісі арқылы іздейді.Бірақта қарт адамдар интернетті қолданбайтындықтан,оларға теледидардан немесе радио арқылы жарнамалау қажет.Егер сіз белгілі бір аудандағы адамдарға ориентир жасасаныз,онда баннерлер немесе автобустарға жарнама қағазын ілуге болады.
Әдіс 1.Сыртқы жарнама
Сыртқы жарнамаға барлық тексттік және графикалық ақпараттарды,яғни баннерлерде,қоғамдық көліктерде жарнамалау.Оның өзіндік ерекшеліктері:арзандау,оны сөндіріп тастай алмайды,көп аудиторияны алады.Егер жарнама дұрыс қолданылса,клиникаға күнделікті 1-2 жаңа клиенттер келеді.
Әдіс 2.Интернет-жарнама
Интернет жарнаманы екі түрге бөлуге болады:сіздің сайтыңыз және жарнама тасымалдаушылар.Бұл әдіс өте тиімді әдіс.Интернет арқылы клиникаға сайттан барлық ақпаратты біліп алған науқастар келеді. Сайтынызды әртүрлі суреттермен ,пайдалы мақалалармен толтырыңыз.Стоматологиялық қызметтің бағасын жазып қойыңыз.Соның арқасында сайтқа кіретін адамдар саныда өседі.Әрине оған сізге арнайы маманның көмегі қажет.