Жоспары: Жүйке жүйесі Жалпы сипаттамасы 3Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері



бет1/3
Дата30.03.2023
өлшемі22,22 Kb.
#77779
  1   2   3
Байланысты:
Жүйке жүйесі


Жоспары:
1.Жүйке жүйесі
2.Жалпы сипаттамасы
3Адамның жүйке жүйесінің бөлімдері.
.Жүйке жүйесі — адам мен жануарлар ағзаларының қоршаған ортаға бейімделуін реттейтін жүйе. Жүйке жүйесін зерттейтін морфологияның бөлімін нейрология (гр. Neurologia; neuron — жүйке, жүйке жасушасы; logos — ілім) деп атайды. Жүйке жүйесінің қызметтері рефлекстер арқылы іс жүзіне асады.
Жүйке жүйесі жануарлар мен адам организмдегі органдар мен жүйелер әрекетін біріктіретін және организмнің тіршілік әрекетінің сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынасын қамтамасыз ететін жүйке ұлпасы мен глеяның жиынтығы. Жүйке жүйесі ішкі және сыртқы тітіркендіргіш әсерін қабылдайды, талдайды, өңдейді,организм қызметін реттеп үйлестіреді.Бұның негізгі бөлігі – аса қозғыш және қозуды тез өткізетін өсінділері бар жүйке жасышасы (нейрон). Жүйке жүйесі филогенез процесінде күрделі өзгеріске ұшыраған.
Қарапайымдардың жүйке жүйесі
Қарапайымдарда (бір жасушалылар) Жүйке жүйесі болмайды, бірақ инфузориялардың кейбір түрінде қозулы жасушаның басқа бөліктеріне өткізетін торшасы болады.
Ішек қуыстылардың жүйке жүйесі
Жүйке жүйесінің ең қарапайым түрі төменгі сатыдағы ішек қуыстыларды (гидра) диффузиялы түрде болады. Бұл жүйеде қозу барлық бағытта тарала алады. Еркін қозғалып тіршілік ететін ішек қуыстыларды жүйке жасушалары топтанып, жүйке түйіні (ганглий) түзелген және олар бір-бірімен ұзын өсінділері (жүйке талшықтары, нервтер) арқылы жалғасады. Мұндай диффузиялы түйінді Жүйке жүйесінде маманданған қабылдағыштар – рецепторлар қатар дамиды және жүйе қозуды бір бағытта ғана өткізетін қасиетке ие болады.
Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілердің Жүйке жүйесі
Буылтық құрттар, буын аяқтылар, тікен терілілер, моллюскілерде Жүйке жүйесінің түйін құрылысты түрі пайда болған. Түйіндердегі жүйкежасушалары, жүйке талшықтары арқылы бір-бірімен және тиісті рецепторлармен, орындаушы органдармен байланысады. Белгілі бір қашықтықтан әсер қабылдау қабілеті дамып, дистантты рецепторлармен – сезім органдарымен байланысты болып, организмнің бас бөлімінде орналасқан жүйке түйіндері үлкейіп, күрделілене, ерекшелене түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет