Шизофрения дегеніміз — жастық шақта пайда болатын созылмалы психикалық эндогенді прогредиентті, этиологиясы жағынан айқындалмаған ауру.
1911 жылы О.Бейлер «Шизофрения» терминін ұсынған (гр.тілінен schiso-ыдырау, phren – жан деген мағынаны білдіреді ).
Шизофренияның этиологиясы
Э. Крепелиннің ойынша шизофрения токсикоздың, сонымен қатар жыныс бездерінің функцияларының бұзылысы нәтижесінде; Белок алмасуы бұзылысының нәтижесінде, науқас ағзасында ыдыраудың азотты өнімдері жиналуына байланысты дамиды деп есептеген. Тұқым қуалаушылық фактор көп жағдайда этиологиясы анықталмаған, белгісіз.
Клиникалық көрінісі
Ойлау бұзылысы: ойдың ағылып-төгілуі, тоқтап қалуы, ойдың параллелдігі.мазасызсыз ақылдылық, сөйлеу үзілістілігі;
Қабылдау бұзылыстары: Есту, тактильді, иіс сезу, көру галлюцинациялары(жалған галлюцинациялар), сандырақтың көптеген түрлері-паранойяльды, параноидты,парафренді. Кандинский-Клерамбо синдромы көрінеді;