Жоспары: Кіріспе 2


Алаш қозғалысы туралы шолу жасау



бет2/5
Дата27.02.2022
өлшемі26,37 Kb.
#26552
1   2   3   4   5
Алаш қозғалысы туралы шолу жасау.
Алаш қозғалысы – XX ғасырдың басындағы қазақ жерінің барлық өңірін қамтыған ұлт-азаттық қозғалыс. 1905 жылы қазақ оқығандары ұйымдасқан түрде саяси шараларды қолға ала бастайды. 1905 жылы 26 маусымдағы «Қарқаралы кұзырхаты» деп аталған Қоянды жәрмеңкесінде Ресей патша үкіметінің министрлер кабинетіне сөз бостандығы мен ана тілінде оқу, діни еркіндік т.б. мәселелерді көтерген 12.767 қазақ азаматы қол қойған құжат осы қозғалыстың бастауы болып табылады. Осы оқиғадан кейін Қазақстанның көптеген өңірлерінен патшалық билікке құзырхаттар жолдана бастайды. Осы жылы қарашада Мәскеуде қазақ халқының жағдайы жөнінде Ә.Бөкейхан, автономшылар сиезінде М.Тынышбаев сөз сөйлейді. Аталған жылы Орал қаласында қазақ облыстары өкілдерінің сиезі ұйымдастырылып, «Қазақ конституциялық-демократиялық партиясын» құру жөнінде шешім жасалып, партияның бағдарламасы қабылданады. Зиялылардың осындай саяси әрекеттері Алаш қозғалысын

1905 жылы бастауға мүмкіндік береді. Ұлт зиялыларының бірінші, екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайлануы оларды бір-бірімен таныстыра, жақындастыра түсті. Думаға сайланған Ә.Бөкейхан, А.Бірімжанов, А.Қалменов, Ш.Қосшығұлов, М.Тынышбаевтар Ресейдің заң шығарушы ең жоғары органына қазақтың мәселесін көтеріп, оны саяси биліктегілерге жеткізуге күштерін салды. Думадағы қазақ депутаттары ел ішіндегі беделді, белсенді азаматтармен тығыз байланыста жүріп, олар қалың бұқараның қолдауы мен сеніміне ие болды. Яғни, ел ішіне олар көтерген теңдік пен азаттық идеялары жылдан-жылға кең тарай бастады. Қазақтан мемлекеттік Думаға депутат сайлануы олардың Мұсылман фракциясына енуіне мүмкіндік берді. Сөйтіп, қазақтың елшіл азаматтарының Ресей империясына отар болған мұсылман халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен бірігіп жұмыс істеуіне де қолайлы жағдай туғызды. Мұндай парламенттік фракция құрамына Б.Қаратаев, Ы.Жаманшалов, С.Лапин, А.Жантөрин, Е.Оразаев, А.Өтегенов сияқты зиялылардың енуі ұлттық мүдденің көтерілуіне маңызды ықпал жасады. Жалпы Алаш қозғалысында діни-рухани мәселе басты мәселелердің біріне айналды. Қозғалыстың тарихында хазіреттердің, ишандардың, молдалардың рөлі жоғары болды. Қозғалыстың келесі кезеңінде зиялылардың халық өмірін танып, оны жігерлендіру, ояту қарекеттері байқалады. Айталық, «Оян, қазақ!», «Қырық мысал», «Маса», «Бала тұлпар» жинақтары, «Айқап» журналы, «Қазақстан» газеті қозғалыс ұрандарын қалың бұқараға таратқан мәдени-рухани құбылыстар болды. Осы кезеңде ұлт мүддесін бірлесіп шешу үшін жалпықазақ сиезін ашу мәселесі туындады. Оны алғаш көтерген Ж.Сейдалин болатын. Оның 1911 жылдан бастап «Айқап» журналында сиез ашу мәселесіне арналған мақалалары қазақ зиялыларының ортасында үлкен пікір тудырды. Ж.Сейдалиннің сиез ашу жөніндегі осы мақалаларына Б.Қаратаев, Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, Б.Сыртанов, М.Тынышбаев, Е.Қасаболатов тағы басқалар алдымен сол «Айқап» журналының өзінде, кейінірек «Қазақ» газетінде пікірлерін білдірді. «Қазақ» газетінің жарық көруі, оның ұлтшылдық бағыты – халықты оятудан тұтастыруға бейімдеді.

«Қазақ» ұлттың қазір қандай жағдайда екендігін, қай жолмен жүрсе, қалай болмағын нұсқап, зиялылардың ең көкейтесті ойларын жариялады. Ең бастысы – газет қазақ жерінің барлық өңірін қамти отырып ұлтты оятты, қазақ баласының пікірін, ойын, мақсатын тұтастырды. Яғни, ұлт-азаттық қозғалысы пікір жүзінде де, іс барысында да ортақ мүдде әрекетімен өрістей түсті, дамыды. Осы жылдарда зиялылардың өзара ұйымдасуы, қауымдасуы күшейе түсті. Қозғалыстың өрістеу эволюциясының бағыты мен қарқыны, азаттық қайраткерлерінің мүмкіндіктері мен дайындықтары 1917 жылы Ақпан төңкерісінен соң бедерлене байқалды. Атап айтқанда, сәуірдің алғашқы күндерінен бастап облыстық қазақ сиездері өткізіле бастады. Орынборда, Алматыда, Оралда, Омбыда, Семейде өткізілген Торғай, Жетісу, Орал, Ақмола, Семей облыстық сиездері, Ташкентте өткізілген Түркістан Мұсылмандарының Бірінші құрылтайы Алаш баласының азаттыққа шындап бағыт алғандығын байқатты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет