Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім бал арасының тіршілігі жәрне түрлері Ара шаруашылығы өнімдері Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ара


Бал арасының тіршілігі жәрне түрлері



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата09.12.2022
өлшемі94,24 Kb.
#56143
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-42448 (2)

1.1 Бал арасының тіршілігі жәрне түрлері
Бал арасы отбасы (семья) деп аталатын көптеген бастан құралған
ұйыммен тағылары ағаш өзектерінде, ал қолда өсірілетіндері арнайы
жасалған бал шелегінде (ульи) өмір сүреді. Ұяда бал арасының көбейіп,
ұрпақ өсіруіне қолайлы ауа температурасы мен ылғалдылығы ұсталады.
Ұяның толуы ара басының санына қарай өсетін отбасының күшіне (сила
семьи) байланысты болады.
Бал арасы отбасының негізгі тұлғасы болып әр отбасындағы жалғыз
аналақ ара табылады. Ол отбасындағы басқа аралардан едәуір үлкен болып
келеді: жұмыс арасының дене ұзындығы 12-14 мм, еркек аранікі – 15-17 мм
болса, аналық аранікі – 20-25 мм болады. Оның үлкейген қарын бөлігін
қанаттары жаппайды. Дене ауқымы кең келетін еркек аралардың қанттары
қарын бөлігін жауып тұрады және олардың көздері біріне бірі жоғары жақта
жақын, тиісе орыналасқан.
Бал арасының ұясының негізін қырлары бірдей болып келетін дұрыс
формалы алты қырлы жұмыс аралары өсірілетін аралық ұялар (соты)
құрайды. Алты қырлы болып келетін еркек аралар өсірілетін ұялардың
көлемі олардан артады. Онда еркек ара дернәсілдері өсіріліп, бал мен оның
перга деп аталатын гүл тозаңымен (цветочная пыльца) қосындысы жиналады.
Бұл ұялардың бір-бірімен бірігетін жерлері және де ұялардың бал шелекке
жалғасатын жерлері формасы өзгертілген ұялар арқылы жалғасады.
Сотылардың жоғары жағында, әдетте, формасы аралық ұялар (пчелинные
ячейки) формасына ұқсас, бірақ олардан тереңірек және де қабырғалары
жоғары қарай құрылған бал салынатын )медовые ячейки) ұялар
орыналасады. Аналақ араларды шығаруға көлемі олардан анағұрлым
аумақты, басы кесілген конус немесе емен жидегі (желудь) тәріздес, іші
бесіктікіндей (мисочки) ұялар салынады. Сотылардың шеттерінде ара
отбасынан бөлінуге дайындалған (рой) аралардың аналаық арасын
шығаратын іші дөңгелектелінген ұялар салынады. Ал отбасының аналақ
арасын тез арада ауыстыру не орнын бастыру қажет болған жағдайда 1-, 2-
күндік дернәсілі бар аралық ұялар ұлғайтылып, ашық жара ауызы тәріздес
(свищевые) ұялар дайындалады.
Жаңадан жасалған сотылардың түсі ақ, ақ-сары болып келеді. Өсірілген
дернәсілдер қалдықтарынан олардың түсі бірте-бірте қоңырланып, қарая
түседі де салмағы 140-150 грамнан 300-500 грамға дейін ауырлайды. Бұл
қалдықтар ұялардың аумағын 10-12%-ға тарылтып, қабырғаларын
қатайтуыңының салдарынан жылу өткізгіштігін бал арасының 1-2 ұрпағы
шығарылғанда – 60-62%-ға дейін, 4-6 ұрпағы шығарылғанда – 38-40%-ға
дейін, 12-14 ұрпағы шығарылғанда –20-25%-ға дейін төмендетеді.Ұрық
шашу (засев) кезінде аналық ара кішкене ақ сәл иілген сопақ жұмыртқаларды
ұя қабырғасының бағытымен (тігінен) оның табанына жабыстырыды.
Дернәсіл шығар кезде жұмыртқаның алдыңғы жағы ұя табанына қарай


жантаяды. Жұмыртқалармен қоса ұя табанында дөңгелектеніп бүктелген
дернәсілдер болады. Дами бастаған жұмысшы ара дернәсілдерінің ұзындығы
жұмыртқанікінен асып 1,6-2 мм-ге жетсе, 2-күндіктерінікі 2,5-3 мм-ге жетіп
ұя табанының жартысына жуығын, ал таға тәрізденген 3-күндіктерінікі 6 мм-
ге жетіп ұя табанының жартысынан астамын иеленеді. 4-күндік дернәсіл
денесі бүкіл ұя табанын жайлайды да 6-күндігінің соңына қарай аралар
ұялардың бетін балауызбен жаба бастайды.
Беті ашық ұядағы дернәсілдерді жабылмаған төл (незапечатанный
расплод) деп атаса, беті жабылған ұядағы дернәсілдер мен қуыршақтарды
(куколки) жабылған төл (запечатанный расплод) деп атайды. Ұяны жапқан
жұқа балауыз қақпақтан көрінетін қуыршақ басының қараюына қарай оның
даму кезеңін болжауға болады. Және де еркек ара төлі жұмысшы аранікінен
бір жағы ірірек болса, екінші жағынан олардың қабырғалары біршама
биіктетілген ұяларының қақпағы дөңес болып келетіндіктен оларды тіпті
бүкір төл (горбатый расплод) деп те атайды.
Ара – Аналық ара, еркек ара, жұмысшы ара деп үшке бөлінеді.
Жұмысшы араның дене тұрқы кішілеу, өңі қара, басы, кеудесі және жонында
сұрғылт сары нүктелері болады. Басы үш бұрыштылау келеді. Басында үш
жай, екі күрделі көзі болады. Аузы үлкен, бал жинауға қолайлы, кеуде жағы
үш буынды, ор-та буыны үлкен келеді. Екі жұп жарғақ қанаты бар. Үш жұп
аяғының тозаң жинайтын себеті болады. Қарын жағы дөңгеленген конус
тәрізді, сауыр жағында қара сары түсті 1-4-ке дейін келген қара белдеулер
бар. Құйрығында үшкілдеу безі және шанышқы инесі болады.
Бауыр жағында төрт түп балауыз пластинкасының ішіндегі балауыз безі
балауыз бөліп шығарады.
Аналық араның денесі ұзын, қанаты қысқа, көбею органы ерекше
жетілген. Еркек ара жұмысшы сәл үлкен, құйрық жағы жұмыр болады. У безі
және шанышқы инесі болмайды. Ара патшасы мен еркек араның ауыз қуысы
кішкене келеді. Аяғында гүл тозаңдарын жинайтын тозаң себеті, сондай – ақ
балауыз шығаратын балауыз безі болады. Ара топтасып тіршілік етеді. Ара
үйірі бір ғана ара патшасы мен бірнеше жүздеген еркек арадан және он
мыңдаған жұмысшы аралардан құралады. Ара патшасының бірден бір
міндеті – жұмысшы араларға гүл тозаңын және бал жинату, балауыз
шығарту, ұя салдыру, балапан құрттарды, ара патшасын, еркек араны бағу,
ұяны тазалау сондай – ақ, қорғау міндетін атқарады.
Еркек араның бірден – бір міндеті – ара патшасымен шағылысу. Араның
бөліп шығаратын балауызы, улы сұйықтығы, балы дәрілікке
жасалады.Жинау мен өңдеу – жаз және күз айларында омарта ішіне жиналған
балды алу әдістері бойынша сауып алады. Дәрілікке жасалатын балды отқа
жылытып, сұйылған сүзгіден өткізіп әзірлей-ді. Бал ақ және сарғылт түсті
болады. Жаз, күз мезгілдері тұнық өсімдік майы тектес сұйықтау болып, қыс
мезгілінде қоюланып, шекер өңдес іріткі кристаллға айналады. Балы – тәтті,
дәмді, усыз болады.Ара балының бөлінуіНегізінен, ара балы бір шырынды


және көп шырынды болып бөлінеді.Бір шырынды бал – тек өсімдіктердің бір
түрінен ғана жиналған шырын. Оны өсімдіктердің түріне қарай – қара-құмық
балы, жөке ағашының балы деп, неше түрлі атайды.Көп шырынды бал –
өсімдіктердің бірнеше түрінен жиналған шырын. Оны табиғи бал беретін
өңірлерге байланысты дала балы, тау балы, бақ балы деп ерекшелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет