Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім бал арасының тіршілігі жәрне түрлері Ара шаруашылығы өнімдері Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Ара


Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата09.12.2022
өлшемі94,24 Kb.
#56143
1   2   3   4   5
Байланысты:
stud.kz-42448 (2)

1.3 Омартаға арналған жерге қойылатын гигиеналық талаптар
Омартаны балды алқаптардың маңына орналастырады. Омарта аумағын
әрбір ара балұясына 30-40 м2 жер ауданының қажет екендігін ескеріп,
есептейді.
Омрата орналастырылатын жер шағын , су қоймасына жақын манда
және ық жерге орналасуы керек. Омарталарды желсіз,құрғақ жерге мал
фермаларынан 1 км, басқа шаруашылықтардың омарталарынан 5-7 км
қашықтықта орналастырылады. Омартаны басқа омарталардың аралары
ұшатын жолға орналастыруға болмайды. Әйтпесе, әртүрлі омарта
араларының өзара күресі нәтижесінде аралар әлсірейді, ал кейде, тіпті, өлімге
де ұшырайды.
Тұрақты омартада ара ұяларын-үйшіктерін орналастырар кезде жер
қыртысын (өсімдік қабатын) жарты метр тереңдікке дейін қазып, құммен
толтырады. Омарта жер аумағын тегістейді, бөгде заттардан тазартады,
шөбін уақытылы шауып, ара өлекселерін және қоқыстарды жинап өртейді. 
Омарта көлемін балды алқаптардың ауданына және ауыл шаруашылық
өсімдіктерін тозаңдандырушы ретінде шаруашылықта араларды пайдалану
қажеттілігіне байланысты белгілейді. Бұл жерде шырынды өсімдіктердің өсу
ұзақтығы есепке алынады. Бал бағытындағы омарталар үшін омартадан 2 км


радиуста бал балансын есептейді (мұнда, аралардың бұл аудандағы тәтті
шырынының 50 пайызын ғана жинай алатынын ескеру керек).
Еліміздің көптеген аудандарында омарталар көшпелі келеді, оларды
маусым ішінде шірне жинауға ауыл шаруашылық дақылдарын
тозандандыруға бірнеше рет тасымалдайды. Бұл ара өсіру шаруашылығының
неғұрлым үделі әдістері. Ол тауарлы бал өндіруді едәуір көбейтуге мүмкіндік
береді.
Жергілікті жердің бал балансын талдау, осындай жағдайда қанша ара
ұясының өнімділігі жоғары болатынын көрсетеді. Азықтық базасы жақсы
аудандарда бір жерге 130-150 ара балұясын орналастыруға болады. Егер бал
жинау жағдайы ара балұясын көп мөлшерде бір аумаққа шоғырландыруға
мүмкіндік бермесе, онда бал жинауды жақсарту үшін 100-120 ара балұясынан
тұратын омартаны 4-5 жер бөліктеріне бөліп орналастырады, олардың арасы
3-4 км болады. Мұндай жағдайда әр жер бөлігінде 20-30 ара балұясы
орналасады. Ара үйшіктерінің арасы 3-3,5 м, ал қатарларының арасы 20 м
кем болмауы керек.
Ара семьясына қажетті қорек
Ара семьясын қорекпен жақсы қамтамасыз еткен жағдайда ғана ара
өсіру шаруашылығын ойдағыдай дамытуға болады. Ара ұясында қорек
қорының мол болуының айрықша мәні бар.
Ара семьясының балға жалпы жылдық мұқтаждығы 70-тен 90 кг дейін
ауытқиды, оның ішінде 10-12 кг жуығы қысқы тыныштық кезеңде, ал қалған
бөлігі семьяның әрекетінің пәрменді кезеңінде жұмсалады. Қыстаудан
шығарғаннан кейінгі алғашқы екі айдың ішінде ара семьясы 30 кг дейін бал
тұтынады. Азды-көпті бұл мұқтаждық аралардың ұяларға шірне әкелуінен,
енді бір бөлігі өткен жылы даярланған қорек қоры есебінен өтеледі. Көктемгі
шірне жинау тіпті шамалы болғанда, семьяның жетілуі үшін аралар бар
қоректік қорды пайдаланады. Ал көптеген жағдайда омартада көктемде ара
семьясының әрқайсысына кемінде 15 кг бал қоры болуы тиіс. Мұнда күшті
семьяның әр ұясында кемінде 8 кг бал және бір-екі рамка гүл тозаңы үнемі
болуы тиіс. Қорек қоры мардымсыз болса, аналық аралар жұмыртқа салуды
кенет азайтады және ара семьяларының көктемгі жетілуі баяулайды. Шірнені
мол жинауға қол жеткізетін ара өсірушілер жыл сайын қысқы аралардың әр
семьясына арнап орта есеппен 25-30 кг қорек қалдырады.
Аралардың қыстау жағдайын жақсарту және шаруашылықтың қорекке
жұмсалатын шығынын азайту үшін қысқа ұяларда қалдырылатын қоректік
балдың шамамен 1/3 бөлігін тамыздың соңғы он күндігіне қантпен
алмастыран жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет