Мектепте мұғалімнің білім жетілдіру жұмысы жүйесін қалыптастыру
«Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтады.Кез-келген қызметкер біліктілігін ұдайы жетілдіріп отыруы қажет.
Мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды
орындау емес, күтетін нәтижеге жету үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру.
Білім беру асында мұғалімнің зерттеушілік бағыттағы қызметін күшейтуге байланысты
мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Біліктілікті арттырудың негізгі аспектілерінің ішінен мыналарды бөліп алуға болады.
Қызметтік (Мақсаты,міндеті,жұмыс мазмұны, формасы, әдістер және нәтижесі).
Мазмұндық (Әдістемелік,ғылыми-теориялық білімді практикада қолдана білуге
жағдай туғызу.)
Басқарушылық (Талдау, жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, танып-білу.)
Осы 3 аспект бойынша біліктілігін жетілдірген маман өз қызметіне талап деңгейінде қарайтыны белгілі.
Ұстаздар үздіксіз ізденіп, өз білімін үнемі жетілдіріп жаңа педогогикалық әдіс-тәсілдерді қолданып отырса ғана өзінің кәсіби шеберлігін арттырады.
«Мұғалім-өзі де оқуы керек…» — деп П.Ф.Каптеров айтқан еді.
Мұғалім — біздің тәуелсіз мемлекетіміздің болашағын қалап жатқан маман. Өйткені ел болашағының кілті – бүгінгі жас ұрпақтың қолында. Жас ұрпақтың тағдыры олардың бойына білім мен ізгілік нұрын себуші – ұстаздардың қолында.
Елбасы атап көрсеткеніндей, “Тек жоғары сауатты, дарынды, дана әрі отансүйгіш мұғалім ғана лайықты ұрпақ тәрбиелеп шығара алады. Бүгінде, мұғалім балаларға білімдер жиынтығын беріп қана қоймай, сонымен бірге, ең бастысы – оларды өмір бойы үйренуге үйретулері керек”.
Педагогтардың кәсіби-педагогикалық қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жоғары білім беретін оқу орындарының бірігіп ғылыми-практикалық және әдістемелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегративті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаға бағдарланған білім мәселесі 12 жылдық білім беруге көшу мен жаңа тұрпатты педагог қалыптастыру міндетін қойып отыр. Сондықтан да Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің “Қазақстан Республикасының жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі” тұжырымдамасында анықталған негізгі бағыттарды басшылыққа ала отырып, жаңа тұрпатты педагогті қалыптастыру жүйесінің белгіленген 5 сатысының сапасын жақсарту ең басты мәселе болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |