Жоспары: Кіріспе Негізгі бөлім


Өңдеу жүйесіндегі сатылар



бет3/4
Дата12.05.2022
өлшемі21,7 Kb.
#34211
1   2   3   4
Байланысты:
Аси

Өңдеу жүйесіндегі сатылар

Бірінші саты – жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл мұғалім мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы. Болашақ барлық маман өз бастауын мектептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мыңдаған жеткіншек арасынан мектеп өзіне қажетті, болашақта сапалы педагог бола алатын тұлғаны таңдап, кәсіби бағдарлауға мән бермесе, мұғалім мамандығынан басқа мамандыққа беріле бермейтін зор мүмкіндіктерін қолдана алмаушылық болады.  Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті жастарына, оларды оқытатын  мұғалімдерге байланысты десек, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінің бірінші сатысы мектептен басталуы  қажет.

Екінші саты – педагогикалық колледж. 12 жылдық білім жүйесінде 11-12 сыныпта оқитындар саны күрт азаюы мүмкін  деген болжам бар. Бұл өмірдің шындығы.  Оған  “Келесі жылғы бірыңғай ұлттық тестілеу талабы  қиындатыла түседі” деген ақпараттардың да   құбылыстың басталуын жақындата түседі.  Оған  жылдан жылға гуманитарлық бағытты таңдаушылардың азайуы да дәлел болады.  Сондықтан – педагогикалық  колледжді педагогикалық институттың бір құрылымы етіп қайта құру  керек. Бұл арнаулы орта білімді бастауыш сынып мұғалімі мен   жоғары білімді бакалавр мамандарының  бірізді, біртұтастықта, сапалы  даярлануларына жол ашар еді.

Үшінші саты – бакалавриат дайындайтын педагогикалық институт.

Басты мәселе 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада  белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стандарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасай отырып,  үздіксіз педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде мектептегі педагогикалық практикаларды сапалы өткізудің жолдарын қарастыруды төртінші келелі мәселе қарап,  институт пен мектептің құрылымдық интеграциясын жасау.  Сонда   педагогикалық  процестегі нәтижелік арта түсер еді.



Төртінші саты  – магистратура, докторантура.  Пединститут түлегі – бакалавр екі жолды таңдай алады: бірі – орта білім беретін мектепке барып қызмет ету, екіншісі – магистратураға түсу  . Атап айтқанда, педагогикалық кадр даярлауда  білім беру жүйесінің әр саласы әр жаққа қарамай, олардың ғылыми-әдістемелік тұрғыдан байланыста жұмыс жасауларын қамтамасыз ететін аймақтық педагогикалық кадр даярлаудың үздіксіз бағдарлама

Бесінші саты – педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтеру. Қазіргі заманғы біліктіліктің өзіне тән сипаты оның динамизмі болып табылады. Бір жолғы алынған біліктілік кәсіптік білімдер мен машықтардың қайсыбір тұрақты жиынтығы деуге  болмайды, ол жаңа технологиялардың дамуына орай үнемі жаңартылып отыруға тиіс.

Жоғарғы оқу орындары  жаңа формация мұғалімдерін  дайындауға  енді ғана бағыт алып отыр.



Мұғалім

Лидер – ұстаз – тұлғалық – гумандық бағыттылығы жоғары өз  ісі – әрекетін жүйелікпен атқаруға қабілетті, өмірге деген көзқарасы терең өзіндік дарындылығымен, ой – ұшқырлығымен үндестік жасай білетін маман. Ерекшелігі: білім, білік, дағды, жылдамдық, әдіс, орамдылығы, ойлау, сыншылдығы, беріктілік пен тұрақтылық т.б.

Жаңашыл – ұстаз – өзінің кәсіби – шығармашылығын жүзеге асыру жолында шеберлікке ұмтылатын отандық және озат шетелдік тәжірибелерді өз тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білетін маман.

Мастер – класс – ұстаз – ол өзінің білімділік – біліктілік құндылығынмен ерекшеленетін жаңашыл, жаңалыққа жана құмар, өз тәжірибесімен әріптестермен бөлісе алатын маман.         Зерттеуші –  ұстаз – жаңалық енгізуші, инновациялық үрдістің алдыңғы қатарында бола отырып, эксперимент жасайды, зерттеу жүргізеді; авторлық бағдарламалар жасап, оқыту мен тәрбиенің үйлесімділік технологиясын ойлап таба алатын, оқулық жазатын маман.

Мастер – ұстаз –оқытудың жаңа ақпаратты технологияларын меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды таба таңдай алатын, сараптай білетін өз ісінің шебер маманы.         Жаңа формациядағы – ұстаз – ізденімпаз өзіне талап қоя білетін, кәсіби – құзырлылық және шеберлілік деңгейі жоғары, рухы биік, даралық сапалары жетілген, шығар тауы биік маман.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет