Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Педагогика және Психология институты
СӨЖ
СӨЖ № 5 Қалыпты балалардың ата-аналарымен әңгіме құрастыру: «Инклюзивті білім беру – білімге деген тең құқық»
Орындаған: Жәдігерова Аққу
Тексерген: Шауенова М. А.
Мамандық: 6В01201 МДОжТ 4-курс, 1-топ
2022-2023 жж
Жоспары:
Кіріспе
Инклюзивті білім беруде қалыпты балалардың ата-аналарымен жұмысы
“Инклюзивті білім беру – білімге деген тең құқық
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
"Кәдімгі" балалардың ата-аналарының "ерекше" балалармен бірге оқытуға дайындығын қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмыстың қажеттілігі өткір мәселе болып отыр. Бұл мәселені шешу кезіндегі оң пікірлер маңызды болып табылады. Бұл мәселеде негізгі рөлдердің бірін отбасы атқарады, өйткені көбінесе дәл сол ата-аналар ерікті немесе еріксіз түрде жауласу, жиіркену, менсінбеу және теріс қарым-қатынас дәндерін себеді. Балалардың теріс қарым-қатынасты қайталайтынына және оны ұжымда танытатынына таңданбаймыз да.
Көптеген ата-аналардың бойында уайымдау туындауы негізделген десе болады, өйткені оқыту кезінде педагогтар "ерекше" балаларға көбірек көңіл аударатын болады, осы себепті басқа балалардың қажетті білімді, дағдылар мен икемдерді толық меңгермей, көбірек алаңдауы орын алады. Бұдан басқа ересектер өз балаларының "ерекше" балалармен байланысқа түсуі олардың зияткерлік дамуына кері әсерін тигізеді деген оймен жиі алаңдайды. Сондықтан педагогтардың алдында ата-аналардың "ерекше" балаларды "кәдімгі" балалармен тең қабылдауға дайындығын қалыптастыру міндеті тұр.
Инклюзивті білім беру – білімге деген тең құқық
Алдын ала жұмыс Ата-аналардың олардың балаларын даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен бірге бірлесе оқытуға деген қарым-қатынасының сипатын анықтау мақсатында сауалнама жүргізу. «Біз сондай әртүрліміз!» тақырыбында балалардың салған суреттерін әзірлеу. Инклюзивті білім беру туралы ақпарат жазылған стендті безендіру, ол ата-аналар жиналысы өткізілгенге дейін бір-екі апта қалғанда ілінеді. Инклюзивті білім беру проблемалары бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-көпшілік кітаптардың, мақалалар, заңнамалық актілер, ұлы адамдардың қанатты сөздері жазылған газет қиындыларының (ата-аналар жиналысына дейін бір апта ішінде) көрмесін өткізу және т. б. Бояулы бюллетеньдер немесе «Инклюзивті білім беру» жаднамасын даярлау.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі ЕББҚ балалардың мұқтаждығына әлі де болса осал бейімделген, қоғам, оның ішінде барлығы: балалар, педагогтар, ата-аналар ЕББҚ балаларді әлеуметтің толыққанды мүшесі ретінде қабылдауға дайын емес. ЕББҚ балалардың білім беру қызметін толық пайдалануға қол жеткізуінің шектеулі болуы да проблема болып табылады. Соның, яғни материалдық қиындықтардың тереңдей түсуі мен бұдан әрі даму болашағының жоқ екендігін сезіну салдарынан балалар мен олардың отбасы әлеуметтік жағынан оқшаулауға ұшырайды.
Бұл кезең ЕББҚ балаларға деген көзқарасты қайта қарастырудан, олардың тек тең құқықтығын ғана емес, сонымен қатар осындай адамдарды өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беру саласында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету міндеттерін түсінуіне байланысты. Тек балалардың ғана толерантты мінез-құлық негіздерін қалыптастырып қана қоймай, педагогтер мен қоғамды осы бағыттағы жұмысқа жалпы тарту керек.
Балабақша ұстанымы – барлық балалар өздерінің қиындықтарына немесе айырмашылықтарына қарамастан мүмкіндігінше бірге оқуы тиіс. Инклюзивті мектептер оқытудың әртүрлі стильдері мен өлшемдерін қолдана және сәйкес оқу жоспарының, ұйымдастырушылық іс-шаралардың, оқыту стратегиясының көмегімен, ресурстар мен қоғамдастықтармен серіктестік қатынастарды қолдану арқылы барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ете отырып, өз балаларының әртүрлі сұраныстарына жауап беруі тиіс. Мектеп тек білім беру қызметтерін ғана атқармайды, сонымен қатар бала өмірінің негізгі саласы болып табылады. Олардың әрқайсысының даралығын құрметтеу және мойындау арқылы өзіндік білім беру траекториясына ие тұлғаны қалыптастыру жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |