Жоспары: Курстың мақсаты, міндеттері



бет6/21
Дата14.02.2022
өлшемі429 Kb.
#25524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ДӘРІСТЕР

Əдебиеттер тізімі

  1. [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://tezister.net/index.php?newsid=102426&news_page=2

  2. Щипицина Л.М. Детский аутизм. Хрестоматия: учеб. пособие для студ. высш. и средн. пед. психолог. и мед. учеб. заведений. ¾ СПб.: Дидактика Плюс, 2001. ¾ С.

  3. Мамайчук И.И. Помощь психолога детям с аутизмом. ¾ СПб.: Речь, 2007. ¾ С.

  4. Юханнсон И. Особое детство / Пер. со швед. О. Б. Рожанской. ¾ М.: Центр лечебной педагогики, 2001. ¾ С.

  5. Аршатская О.С. Психологическая помощь ребенку раннего возраста при формирующемся детском аутизме //Дефектология. ¾ 2005. ¾ № 2. ¾ С. 46-56.

  6. Питерс Т. Аутизм: от теоретического понимания к педагогическому воздействию. ¾ СПб.: Ин-т специальной педа- гогики и психологии, 199

Дәріс №6
Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беруде оқу­әдістемелік кешен Дәріс жоспары:


  1. Ерекше қажетсінуді керек ететін балаларды тәрбиелеу мен оқытудың

жоспарлары.

  1. Инклюзивтік топтарда жұмыстарды ұйымдастыру.

Оқу жоспары оқу процесі мен білімді меңгеруді байланыстыратын негізгі буын болып табылады. Оқу жоспары жан­жақты қамтитын тұжырымдамамен сипатталады: ол өзінің жаратылысы бойынша өте ауқымды да бөлшектері бойынша өте күрделі. Жалпы айтқанда, ол материалдарды беру үрдісін, оларды меңгеру ерекшеліктерін қозғайды және оқу үрдісіне деген арнайы оқу шеберліктері мен қарым­қатынастың қалыптасуын талап етеді. Оқу жоспары оқу пәні, педагогикалық ерекшеліктер, оқытудың тиімділігін бағалау сияқты мәселелерді, сондай­ақ білім беру бағдарламаларын енгізумен және жүргізумен байланысқан басқа да жайларды қамтиды [Кәсіби білім беру мен біліктілікті


жоғарылатудың Халықтық кеңесі 1992; Deppeler 1998]. Аталмыш кітаптың осы және басқа да тарауларында оқу жоспары анықтамаларында келтірілген әр түсінік

қарастырылған. Біз қарастырып отырған тарау негізінен мәселелердің ішіндегі ең маңыздысы – «мектепте неге және қандай жолмен оқыту керек», білім беру бағдарламаларын енгізу тақырыбына жататын, қандай тиісті жақтарға оқыту керектігіне арналған.

Қабілеттіліктің әр түрлі деңгейлері бар оқушыларға арналған оқу жоспарын негізінен екі құрамдасқа бөлуге болады: танымал «негізгі (базистік) оқу жоспары» және «вариативті оқу жоспары». Негізгі оқу жоспары оқытылатын аудиторияның барлығына да бірдей маңызды базалық компоненттерден тұрады, яғни бұл білімді кеңейтудің базисі және білімді өз бетінше іздеудің концептуалды­әдістемелік құралдары болып табылады. Бұл компоненттер – негізгі, ол оқушының табысты дамуы мен әлеуметтік және мәдени әрекеттерге араласуы үшін қажетті құралдарыды береді. Негізгі оқу жоспарының ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – оның демократиялық идеология ұстанымдарымен ұқсастығы, қоғам өміріне белсенді де сындарлы қатысу – оның әр мүшесінің құқығы мен міндеті деген болжам (ORCD 1994b, Deppeler 1998).

«Вариативті оқу жоспары» негізгілер дәрежесіне жатпайтын оқу үрдістерінің қалған барлық аспектілеріне қолданылады. Вариативті оқу жоспары негізгіні тереңдету, кеңейту, қанықтыру мен түрлендіру үшін маңызды. Негізгі және вариативті оқу жоспарын қалыптастыру ұстанымдары оқу үрдісіне қатысатындардың әрқайсысының және барлығының көзқарастарымен, мінез­құлықтарымен және құндылықтар жүйесімен анықталатын контекстілерге қатысты болады. Егер де біреуге мектепте музыка немесе өнер сабағын оқу аса қажет болмаса, онда бұл пәнді оқу жоспарының вариативті бөліміне ауыстыруға болады. Ал екінші жағынан, музыка мен өнердің рөлдері қоғам өмірінде аса қажет деп сенетіндер бұл пәндерді негізгі оқу жоспарына жатқызады. Оқу жоспарының негізгі және вариативті бөлімдеріне нені жатқызу туралы көптеген мұғалімдердің өз пікірлері бар. Оқушылардың бүкіл аудиториясын оқытуға деген жолда олардың бар назарлары тап осы пікірлерге негізделеді.

Ерекшеліктері бар балаларды оқыту туралы біздің түсінігіміз негізгі және вариативті оқу жоспарларын үйлестіру қажеттілігіне негізделген. Ерекшеліктері бар балалар көбінесе негізгі оқу жоспарының тапсырмаларына көп көңіл аударулары керек. Ал талапты да дарынды оқушылар жоспардың вариативті бөлімінің мақсаттарына көңіл аударуы мүмкін, өйткені осы бөлім арқылы олар негізгі оқу жоспарында тез арада меңгерген ережелерін тереңдете алады. Дегенмен де, баланың қандай санатқа жататындығына қарамастан, оның алған білімдерін кеңейту мен жақсартуға мүмкіндіктер бере отырып, оған оқу жоспарының екі компонентін де жеткізу керек.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау.


Оқытуға ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін жеке жолдар, мақсаттар мен міндеттер туралы күнтізбелік­тақырыптық жоспарлауды (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) құрастыру сатысында­ақ ойлану қажет. Тақырыптық жоспар – арнайы
мақсаттарға немесе оқу жоспарының бірнеше мақсаттарына жету мақсатында жасалған, тақырыптың (тараудың) материалын қамтитын сабақтар жиынтығы. Мәселен, дене шынықтыру сабағы бойынша тақырыптық жоспар – «хоккей» тақырыбы бойынша бірнеше сабақтар болуы мүмкін. Бір сабақ ойын ережелеріне арналса, екіншісі – жаттығулар мен әдістеріне, ал үшіншісі командада тәртіппен ойнауды жаттықтыруға арналуы мүмкін. Ал қалған сабақтарды алған білімдерді практикада, нағыз хоккей жарысында бекіту үшін жаттығу ретінде жүргізуге болады. Тақырыптық тараудың соңында балалар жаттығуларда алған тәжірибелері мен тәсілдерін қолдана отырып, хоккейді ереже бойынша ойнауды үйренеді деген болжам жасалады.

Тақырыптық жоспарды құру барысында оқу үрдісінің жалпы мақсатына оқытуға ерекше мұқтаждығы бар оқушылардың жеке мақсаттарын да енгізуге болатын жайларды да ескеру қажет. Мұндай процедураны құрылымдауға да болады. Төменде инклюзивтік жолдарды есепке ала отырып, тақырыптық тарауларды жоспарлаудың негізгі элементтері келтірілген.

Инклюзивті тақырыптық жоспардың негізгі сегіз элементтері:


  1. негізгі мақсат немесе тақырыптық тарау материалы;

  2. кіріспе бөлім немесе теориялық негіздеу;

  3. осы тараудың мақсаттарымен және міндеттерімен тікелей байланысқан сабақтар;

  4. осы тарауды құрайтындарды түбегейлі мазмұндайтын оқу материалдары;

  5. қорытынды оқу тапсырмалары (жобалар);

  6. сабақ беру үлгісінің әр түрлілігі;

  7. нәтижелерді бағалаудың көп белгілері;

  8. үрдіске оқушылардың қатысуын көрсетудің көп жоспарлығы.

Сабақты жоспарлау
Тақырыптық жоспарды құрастыруды аяқтаған соң күнтізбелік­тақырыптық жоспар
жасалатын сабақтардың жеке жоспарына көшуге болады. Көптеген жағдайда мұғалімдер өздерінің сабақ беру үлгілеріне сай келетін сабақтарды жоспарлау түрлерін таңдап алады да оларды сабақ жоспарын құру барысында қолданады.

Сабақ жоспарының біз келтірген формасында мұғалім оқытуға ерекше мұқтаждықтары бар балаларға арналған жеке­арнайы мақсаттар мен міндеттердің өткізілетін сабақтың жалпы контекстіне қалай өрбитінін атап көрсетеді. Жеке тәсілдер туралы белгілер жазылатын бағанада кейбір жағдайларда басқа да ақпараттар жазылуы мүмкін екендігін атап кеткен жөн.

Инклюзивтік топтарда жұмыстарды ұйымдастыру
Инклюзивті білім беру ортасында жақсы білім беру үшін тәрбиешілер мен балалардың оқу­іс әрекеттерін ұйымдастырудың маңызы өте зор және басты тақырып болып табылады. Күнделікті жұмыстың нақты құрастырылған құрылымы педагогикалық үрдістің анық, айқын да тиімді өтуіне ықпал етеді. Көбінесе топта әр түрлі ерекшеліктері бар балалардың болуы топтағы тәрбиешінің жұмысын өте қиындатады. Біз осы
тақырыптың осы тарауында сыныптағы кеңістікті физикалық ұйымдастыруды, балаларға оқу орындарын жоспарлау тәсілдерін, сабақ кестесін құрастыру мәселелерін, медициналық көмекті үнемі қажет ететін балаларға оны сабақта ұйымдастастыруды, кейбір оқушылар үшін гигиеналық процедураларды ұйымдастыру мен сақтау мәселелерін қарастырамыз.

Инклюзивтік топтарда кеңістікті ұйымдастыру

Инклюзивті топтакеңістікті физикалық ұйымдастыру мәселесіне өте үлкен назар аударған жөн. Сынып ортасы әр бала оқу үрдісіне қатыса алатындай, сонымен қатар бүкіл сыныппен бірге әрекет ете алатындай барлық балаға ыңғайлы да қолайлы болуы керек. Топтың ыңғайлығы – бұл инклюзивтік білім беру ортасында оқытудың маңызды да алдыңғы талабы. Барлық балаларға мұндай қолайлықты қамтамасыз ету сынып мұғалімінің міндеті болып табылады, бірақ та мектеп кеңістігінің кейбір жерлерін қайта жоспарлауды да талап етуге болады, бұны тек мектептің жауапты тұлғаларымен міндетті түрде талқылау керек. Мектептің физикалық ортасын осылай қайта құруды қандай да бір «астамшылдық» деп қарастыруға болмайды, егер мектеп өз оқушыларының мұқтаждықтарын қанағаттандаруға шынымен ниет білдірсе, онда бұған қажетті минимум ретінде қарау керек. Қазіргі кезде жаңадан тұрғызылған көптеген мектептер физикалық ортаның өзінің барлық оқушыларына да ыңғайлы да қолайлығын қамтамасыз етіп отыр.
Оқытудың жеке дара жоспары/бағдарламасы
Инклюзивті жағдайда білім алатын, ерекшеліктері бар балаларға арналған оқу жоспарын жекешелендіруге қатыстылардың барлығы да осы үрдістің табысты болуының маңызды сәттері болып табылады. Даму ерекшеліктері бар балалар жеке оқу жоспарымен қамтамасыз етілуі керек деген идея көптеген батыс елдерінің заңдарында қолдау тапқан. Ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісін осы балалардың арнайы мұқтаждықтарына жататын, нақты анықталған проблемаларына сәйкес жүргізу керек, сонымен қатар осындай балаларды мүмкіндігінше әдеттегі оқу жоспары бойынша жүргізілетін жұмыстарға тарту керек. Стандартты оқу жоспарын түрлендіру парадигмасы даму ерекшеліктері бар оқушылар туралы кейбір болжамдарға негізделген. Бұл даму ерекшеліктері бар балалар басқа қарқынмен оқиды, олар оқу дәрежесін бағалаудың стандартты тапсырмаларын орындай алмауы мүмкін, білімді бекіту үшін оларға көп қайталау мен практикалық жұмыстар қажет болады деген болжамдар болуы мүмкін.
Жеке оқытуды жақтаушылар балаға арнайы берілген оқыту мақсаттарына тек қана жеке оқытуды тиімді қолданғанда ғана қол жеткізуге болады деп пайымдайды. Ерекшелігі бар бала үшін тиісті оқытуды қамтамасыз ететін, осындай баланы әдеттегі сынып жұмысына енгізуге ықпал ететін ең жақсы тәсіл ретінде жеке оқытуды қолдайтын көптеген авторлардың тарапынан стандартты оқу жоспарын бейімдеу мен түрлендіру арқылы арнайы оқыту мақсаттарын бірізді, нақты да жүйелі құрылымдау қарастырылған.

Оқытудың жеке бағдарламасы мен жеке жоспарлауды қолданудың мынадай артықшылықтары бар:

жауапкершлілікті қамтамасыз етуге көмектеседі – оқытуды жүргізуге жауапты қызметкерде оқу жоспары, оның кімдерге арналғаны туралы нақтылы,

айқын бағдар болады [Goodman and Bond, 1993].

стандартты оқу жоспарын жекелеудің жетіспеушіліктерінің орнын толтырады – стандартты оқу жоспары көбінесе мүмкіндігі әр түрлі бала өміріне жеткілікті түрде жан­жақты сай келе бермейді [Clough, 1998].
ата­аналарға олардың баласын неге оқытып жатқаны туралы білуге мүмкіндік береді [Strickland and Turnball, 1990].

жоспар құрылымы баламен жұмыс істейтін барлық қызметкерлердің оны оқытудың маңызды жақтарына көңіл аударуларына ықпал етеді [Goodman and Bond, 1993].


баланы оқу жоспарының қандай тарауларына оқыту керектігі туралы нақты ақпарат [Ryndak and Alper, 1996].

баланы оқыту үшін қандай қосымша қорлар мен көтермелейтін әдістердің қажет болуы мүмкін екендігін анықтауға ықпал етеді [Ryndak and Alper, 1996].

оқушылардың білімдерін бағалау процедураларын жүргізу шекараларын бекітеді [Goodman and Bond, 1998].

Біз мүгедектігі бар балалар үшін сынып кеңістігінің ыңғайлығы туралы ойлағанымызда, ең бірінші миымызға келгені – баспалдақтар бар жерде пандустар орнату. Пандустар жеңіл арбамен қозғалатын балалар үшін де және басқалар үшін де шынымен де өте қолайлы. Сонымен қатар олар қозғалу үшін әр түрлі құралдарды (тірек­рамкаларды, таяқтарды) қолданатын балалар үшін де, сондай­ақ қимыл­қозғалыстары бұзылған балалар үшін де өте пайдалы.


Дегенмен де, арнайы жабдықтарды орнату тек қана пандустармен ғана шектелмейді. Есіктің тесігін кеңейту қажет. Күні бойы жеңіл арбада отыратын адам тар есіктен сығылысып өткенде қол буындарының терілері қалай сыдырылып қалатынын растай алады. Өзінің құрылымы бойынша есік екі жаққа кеңінен ашылуы керек, жеңіл арбада отыратын адам оңай аша алатындай болуы керек және де адам одан жеңіл арбамен өте алатындай уақыт жеткілікті болып, бірден сарт етіп жабылмауы керек.

Көру мүшелері бұзылған балалар үшін есік толығымен жабылған қалпында немесе толығымен ашылған қалпында қалатындай құрылымда болуы керек. Көру мүшесі бұзылған бала жартылай ашылған есік арқылы жүрмеуі керек.

Қозғалысы бұзылған бала оқитын сынып бала еркін қозғала алатындай, барынша кең болуы керек, сынып қаншалықты кең болса, соншалықты ол балаға қолайлы болады.

Мінез­құлықтары бұзылған балаларды олардың назарын аудармайтындай етіп, сыныптағы заттар аз бөлікке отырғызу керек. Оқу тапсырмаларына ешқандай кедергісіз назар аударатындай етіп, оларды терезенің алдындағы орындарға отырғызу дұрыс шешім емес, Сондай­ақ мұндай балаларды сабақ кезінде мектеп бөлмесінің ынталандыратын және дамытатын материалдар мен оқу құралдар, мысалы, пазлдар, аквариумдар, плакаттар, жануарлар тұрған торлар жинақталған бөлігіне отырғызудан аулақ болу керек. Мұндай балаларды есіктің жанына немесе сабақ барысында жиі қолданылатын материалдар жинақталған стеллаждың жанына отырғызу да олардың назарын сабаққа аудармайды.

Сондай­ақ сыныптағы үстелдер мен орындықтардың биіктігіне де назар аудару керек. Орта мектептегі мүгедектігі бар балалар үшін сыныптағы жаратылыстану сабақтарында (мысалы, химияда) қол жуатын жер мен Бунзен жанарғысы үшін газды қосатын орын сыныптың қолайлы бөлігінде орналасуы керек. Инклюзивті сыныптарда орындықтар мен парталардың биіктігін өзгертуді талап етуге болады: орындықтарды біршама аласа етіп, ал парталарды көтеруге болады. Сөрелер мен стеллаждарды барлық балалардың қолы жетерліктей, ыңғайлы етіп орнату керек. Сыныптағы сабақ кезінде балалар отыратын орындықтардың биіктігін кішірейту аса ыңғайлы болмауы мүмкін, бірақ бұл өте қажет, оның есесіне парталардың биіктігін көтеру балаға жеңіл арбаны оның қасына қоюына ыңғайлы болады.

Біріккен оқыту (инклюзия) болашақ өз бетінділік өмірі мен қоғам дамуына балалардың дайындауға көмектеседі.

Мұндай міндеттерді жүзеге асыру үшін, жоғары мамандандырылған тәрбиешілер мен оқытушылардың көмегі қажет. Сонымен қатар педагогтар мұндай балалардың ата­ аналары мен бірігіп әрекет жасай алуы керек және балаларының дамуына қолдау қөрсете алу үшін білікті көмек беріп отыруы қажет. Бұл үшін басқа саланың мамандарымен жұмыс істей алатын және балалардың қабілеттеріне тәуелсіз сыйласымдылықпен қарайтын біліктілік қажет.

Заманауи оқытушыға инклюзивті топпен тиімді жұмыс істеу үшін қосымша құзіреттіліктер қажет:



  • балаға байқау жүргізуді, оның дамуының жеке жоспарын түзете білу;

  • балалармен әріптестік дағдыларын меңгеру: ұйымдастыруға көмек көрсете отырып, олардың белсенділігін арттыруға жағдай жасай отырып ойындық өзара әрекетін дамытуға белгісіз бола отырып балаларға көмектесу;

  • мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, сонымен қатар балалардың бірлескен ойын әрекетіне жағдай жасайтын әртүрлі «мазмұнды» пәнді орта құра білу;




  • бірлескен әрекеттің түрлерін ұйымдастыру арқылы ортақ топтар құра

білу;

  • ата­аналармен қызметтестікті құру;

Әдебиеттер:

1.Даниелс, Е.,Стаффорд, К. Создание инклюзивных классов. Гл.4.

Подготовка планов индивидуализированного обучения.­ Нью­Йорк,2000.

2.Дошкольное воспитание аномальных детей/Под ред.Т.А. Носковой.­М.,

1999.

3.Дети с временными задержками развития/Под ред.Т.А. Власовой.­М.,1999.



4.Игры – обучение, тренинг, досуг /Под ред. В.В. Петрусинского. М.
5.Ингрид Льюис. Доступ для всех. Как сделать процесс всеобщего участия доступным для всех. – Стокгольм, 2000.

6.Индекс включения. Развитие обучения и совместной работы в школах. – Лондон, 2000.

7Л. Марига. Интеграция детей с особыми образовательными потребностями в обычную начальную школу.­Лондон, 2000.

8.Леонтьев А.А. Психология общения. М., 2001




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет