Дәріс тезистері
Дәріс №1
Тақырыбы: «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті білім беру» пәнінің мақсаты мен міндеттері.
Жоспары:
Курстың мақсаты, міндеттері
Инклюзивті білім берудің философиясы
Инклюзивті оқытудың принциптері
Қазіргі таңда барлық әлемде жеке қажеттелікті түзету педагогикалық қолдау мен бейімдеу баланы емес, балалардың білімдік сұраныстары мен жеке ерекшеліктеріне ортаның, отбасының белсенді қатысуымен білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын «барлығы үшін бір мектеп» немесе «инклюзивті білім беру» туралы айтуда. (Д.Митчелл –профессор. Жаңа Зеландия, 1997 ж)
Мұндай арнайы оқу орындарында балаларды оқыту, әрбір баланың жеке қабілеттеріен бағытталған білім беру әдістемесінің болмауы, кемшіліктерді жоюға емес, керісінше баланың әлеуметтік бейімделуіне кері әсерін тигізеді.Негізгі көмек құрдастарының арасында білімін дамыту қажеттілігіне мүмкіндік жасау болып табылады.
Инклюзивтік білім беру барлық балаларды оқыту қажеттілігіне негізделеді, мұнда маргиналдау мен қатардан шығару салдарынан ең осал болып отырған топқа ерекше назар аударылады. Инклюзивтік мектеп мәдениеті барлық оқушыларды қамтиды, және де әрбір қатысушы – оқушылар, мұғалімдер, әкімшілер, қолдау жөніндегі қызметкерлер құрамы, атааналар мен қоғамдастық – қауіпсіз, оқуды қолдайтын және оқу үшін оңтайлы ортаны жасау мақсатында мектеп өміріне өз үлесін қосу мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бірбірімен қарымқатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, атааналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеупедагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту адамдармен қарымқатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивтік білім берудің ОБЪЕКТИВІ барлық балалар – қоғам мүшелері, барлық бала маңызды, барлық балалардың қоғамға тартылуға құқығы бар.
Адам құқығы балалардың барлығы сапалы білім алуға және академиялық, әлеуметтік табыстарға жету мүмкіндіктерге ие болуға құқылы (адалдық пен әлеуметтік әділеттілік).
Философия инклюзивтік білім беру әрбір оқушының өзінөзі ыңғайлы сезінуіне, сол сияқты, оның жеке қажеттіліктері мен оқу стильдерінің орны толтырылып, біздің мектептеріміз бен қоғамдастығымызда бағаланатынын сезуі тиіс.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Инклюзивтік білім беру философиясы мен арнайы мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды енгізу, барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, өз құрбықұрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар дегенге негізделген.
Арнайы оқытудың бұрын болған жүйесі істәжірибеде жеке, даралап тіл табудың өте қажет жағдайда ғана қолданылғанын көрсетеді. Болашақтағы мектепте әр оқушының оқу барысында жақсы нәтижелерге жетуіне көмектесетін психологиялық қолдау көрсетіліп, көңіл аударылып, қажетті жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек. Шынымен де, біздің мектептер инклюзивтік білім берілетін инклюзивтік мектептер болуы керек.
Барлық балалар өздерінің проблемалары, артта қалушылығы, жасы, жынысы, этникалық жағы мен экономикалық мәртебелеріне қарамастан, өздерінің құрбы құрдастарымен бірге білім алуға құқысы бар – әлеуметтік мұқтаждықтары бар балаларды, әсіресе ақылой мүмкіндіктері шектелген балаларды қосу мен инклюзивтік білім беру философиясы, міне, осыларға негізделген.
Ортақ игілік қоғамдастықтар, мекемелер мен орта балаларды бағалайды және қоғамның түгел мүшелеріне пайдасын тигізетіндей әрекет етеді.
Стратегия ерекше қажеттіліктері бар, оқуында қиындықтары бар балалардың және мектепке бармайтын жастардың мекткепке баруы жолындағы бөгеттердің түгелін жою арқылы балалардың барлығына білім беруді қолдау.
ОБЪЕКТИВ: Білім беру мен біздің қоғамға “жаңа” көзқарас.
Инклюзивтік білім берудің мақсаты білімнің қол жеткізерлігі мен оның сапасы немесе ұзақ мерзімді мақсат – «инклюзивтік қоғам» құру мәселелеріне сай анықталуы мүмкін.
Инклюзивтік білім берудің басты міндеті: отбасын қолдау және осы іске отбасын тарту, өйткені отбасы өз балаларына білім беру мен оларды асырауға тікелей жауап береді. Сонымен қатар олар әдеттегі мектеп жұмыстарынан сыртында қалатын, мысалы, үйде оқыту барысында мүгедек балалардың қарапайым дағдыларды алуына көмектесу сияқты оқытудың басқа да түрлерін қамтамасыз етуде тікелей рөл атқарады. Инклюзивтік білім беру шынайы мұқтаждықтарға жауап береді және көптеген мемлекеттерде көп қаржыны талап етпейтін, оңай қол жеткізерлік тұжырымдама болып табылады, өйткені ол ең алдымен, қарымқатынастардың, мінезқұлықтардың, жұмыстың түрі мен әдістерінің өзгеруін білдіреді. Сонымен қатар инклюзивтік білім беру әр түрлі мәдениеттерде бала құқықтарын жүзеге асырудың тиімді шыққан нүктесі болуы да мүмкін.
Сонымен қатар тәрбие, білім және өзінөзі тәрбиелеу негізінде, өздігінен алдына мақсаттар қойып, оған жетуде өзінің бар күш жігерін салатын, қоғамдағы өз орнына сенімді тұлғаны тәрбиелеу;
ерекше қажетсінуді қажет ететін балаларға білім беруде оқыту әдістемесін игеру;
ерекше қажетсінуді қажет ететін балалардың атааналарымен жұмыс түрлерімен танысу т.б;
Инклюзивті білім беру екі мақсатқа жетуге көмектеседі :
ерекше қажетсінуді керек ететін балаларға өзінің әлеуетін толығымен жүзеге асыруға көмектеседі, ісірекетін дамытады;
атааналарға өз балаларын дұрыс қабылдауларына көмектеседі, дамуында проблемасы бар, әлеуметті, инкюлизивті білімді қамтамасыз етеді;
Инклюзия анықтамасын тереңірек зерттеудің тағы бір себебі – қызығушылық көрсеткен тұлғаларды сөзжарысқа барынша көп тарту. Инклюзия арнайы білім беру
қызметкерлері мен мүгедек балалардың атааналары арасында жиі талқыланатын тақырып болғанымен де, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдерін аса қызықтыра қоймайды, ал мүгедек балалары жоқ атааналар «инклюзия» түсінігінің олардың балаларына да қатысы бар екендігін білмейді.
Біріктірілген (инклюзивтік, енгізілген) білім беру (БББ) – жалпы білім беретін мектептерде ерекше мұқтаждықтары бар балаларды оқыту үрдісін бейнелеу үшін қолданылатын термин. Инклюзивтік білім беру – білімнің барлық адамдарға бірдей екендігін білдіретін біріктірудің кең үрдісі және барлық балалардың әр түрлі мұқтаждықтарына бейімдеу арқылы жалпы білім беруді дамыту. Әдетте барлық терминдер ерекше мұқтаждықтары бар балалар үшін білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету үрдісін бейнелеу мақсатында қолданылады. Халықаралық практикада (ЮНЕСКО) бұл үрдісті бейнелейтін «біріктірілген білім беру» термині «инклюзивтік білім беру» (integration – inclusion) терминімен ауыстырылған.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
Әрбір адам қарымқатынасқа құқылы.
Барлық адам бірбіріне қажет.
Білім шынайы қарымқатынас шеңберінде жүзеге асады.
Барлық адамдар құрбықұрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
Әрбір оқушы үшін жетістікке жету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
Жан жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді
-
Негізгі әдебиеттер
|
Акимова М.К. и
|
др. Индивидуальность
|
1.
|
|
учащегося и индивидуальный подход. М., 2000
|
|
2.
|
|
Айджанова Д.К.,
|
Искакова А.Т. Пути
|
сотрудничества в работе с детьми с особыми нуждами. – Алматы, 2003.
|
3.
|
|
Айджанова Д.К.,
|
Искакова А.Т.Вместе –
|
мы лучше.Алматы, 2003.
|
|
|
Включение исключенных. Соответствие разнообразию в образовании. Уганда и Румыния. Бухарест, 2001
5.Гончарова Е.Л., КукушинаО.И. Реабилитация средствами образования: особые потребности детей с выраженными нарушениями в развитии. Альманах Института Коррекционной Педагогики РАО, выпуск 1/2000.
Даниелс, Е.,Стаффорд, К. Создание инклюзивных классов. Гл.4. Подготовка планов индивидуализированного обучения. НьюЙорк,2000.
Дәріс №2
Дәріс тақырыбы: Инклюзивті білім беру ұйымдарының халықаралық тәжірибесі
Дәріс жоспары:
ТМД елдеріндегі инклюзивтік білім беру тәжірибелері
Қоғамдық ұйымдар тәжірибелері
Инклюзивтік білім беруді ТМД елдерінің көбі енгізіп отыр (Ресей, Украина, Прибалтика елдері, т.б.). Бұл ісәрекеттердің арасындағы жағымды нәтижелер – білім беру сапасының көтерілуі мен оқушылардың жетістіктері (оқудан шығып қалушылар мен үлгермеген оқушылар санының азаюы).
Әдебиеттерді аналитикалық талдау барысында Н.Н.Малофеевтің пікірі бойынша Ресейде инклюзивтік білім беру жүйесі кеңес дәуірінде құрылған (19271935 жж.) және жалпыға міндетті оқу туралы Заңмен байланысқан дегенді көрсетеді. Бұл кезеңдерде мемлекет баланың арнайы оқу мекемесіндегі тұрмысын толық төлеп отырды, ал бала мектеп пен отбасынан бөлек өмір сүрді. Тап осы уақытта Л.С.Выготский мен басқа да ғалымдардың әлеуметтікмәдени теориялары қалыптасты. Тек елу жыл өткеннен кейін ғана Л.С.Выготскийдің теориясы Батысқа мәлім болып, дамуында проблемалары бар балаларға білім беруге үлкен ықпал етті. Өз жұмыстарында ол мүгедек адамдарға оқшауланғандықтың қаншалықты теріс әсер ететіндігі туралы жазды. Ол баланы өз отбасы мен достарынан бөліп, оған ерекше орта жасаудың өзі екінші мүгедектікті тудырады, ал бұған кінәлі – қоғам деп тұжырым жасайды.
Ал бүгінгі күні Ресейде ерекше білім алуға мұқтаждықтары бар әр түрлі дәрежедегі балаларға инклюзивтік білім беру жүйесіне компьютерлік технологияларды ендіруге алғашқы қадамдар жасалып отыр, соның негізінде инструменталдық типтегі арнайы көп функционалды компьютерлік бағдарламаларды жасау тұжырымдамасы дайындалды (Кукушкина О.И.), дамуында әр түрлі ауытқулар бар балаларға арналған ресейлік бағдарламамен қамтамасыз етуді даярлау басталды. Ұсынылған тұжырымдық идеяларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қолданбалы зерттеулер барысында дәлелденді. Мәселен, Ресейде бірінші рет есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған жоғары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларына арналған «Сенің терезеңнің сыртындағы әлем» атты арнайы бағдарлама жасалды (Королевская Т.К., Кукушкина О.И., Гончарова Е.Л.) Мұндай үлкен көлемді мәселені шұғыл шешу көптеген мамандарға инклюзивтік білім беруді компьютерлеудің мағынасын түсінуге, жаңа технологиялардың бала мен мұғалімге беретін жаңа мүмкіндіктер спектрін бағалауға ықпал етті.
Ресейдегі «Сібір Мұғалімдерінің инициативасы» – Новосибирск облысының кіші қалалары мен селолары мұғалімдерінің бірлестігі. Бірлестіктің негізгі мақсаты – әр түрлі жастағы, білім алуға мұқтаждықтары да, әлеуметтік мұқтаждықтары да әр түрлі балалармен бірлесіп әрекет жасауды ұйымдастыру. Бірлестіктің жұмысы әр баланы құнды да толық құқылы етіп, қоғамға қосуға жағдайлар жасауға бағытталған. Автор Новосибирск ауданының Кольцово мектептерінің бірінде әдеттегі білім беруді инклюзивтік білім беруге жылжыту дәрежесін анықтауға зерттеу жүргізді. Жыл сайын
білім алуға ерекше мұқтаж 3040 бала Кольцовоның екі мектебіне келеді. Олардың ата аналары мен әкімшілік таңдап алған пәндер бойынша аптасына 8 сағаттық білім алуға мүмкіндіктері бар. Инклюзивтік білім беру үрдісіне қатысушылардың барлығы мүмкіндіктер өрісі әр түрлі балалар үшін мұндай білімнің маңыздылығын, олардың өзара қарымқатынастары мен әрекеттерінің пайдалы екендігін атап өтті. Көптеген атааналар саналы түрде өз балаларына білім берудің инклюзивтік түрін таңдады.
«Еркін қозғалыс» ұйымы жүзеге асырған, 2003ж. желтоқсан айында іске қосылған
«Баспалдақтар» жобасы – аса маңызды әлеуметтік бағдарламалардың бірі. Реабилитациялау мен әлеуметтік үйренудің арнайы, кешенді «Баспалдақтар» бағдарламасы мүмкіндіктері шектелген балалар мен жас адамдарға үйреніп, білім алуға, біртіндеп қоғамға енуге, өзінеөзі қызмет жасау дағдыларын барынша дамытуға мүмкіндік береді.
Балаларды әлеуметтеу бойынша үйретіп, білім беру мен сабақтарды өткізудің алғашқы бір жарым жылы мынадай жағымды нәтижелер берді:
бұрын оқытуға мүмкін емес деп танылған кейбір балалар қазіргі уақытта үйлерінде білім алып жатыр.
ұйымға Дауна синдромымен келген алты баланың төртеуі балалар бақшасына
барды.
қызмет мамандарымен 161 адам алғашқы кеңестен өтті.
Ерекше мұқтаж балалар мүдделерімен жұмыс істейтін мекемелер көп, олар өз жұмыстарын жақсы орындап жатыр. Егер инклюзивтік білім беру әдістері мекемелердің барлық жүйелеріне қатысты жасалатын болса, онда әр бала білім алу үшін өз орнын табады. Бұл бала үшін таптырмас орын, өйткені бала үшін мектепте білім алу отбасында өмір сүрумен қатар жүреді.
Жобаны жүзеге асырудың 3 жылында бұқаралық және балама білім беру мекемелеріне қатысатын балалардың саны 77%дан 93%ға дейін өсті.
Жағымды өзгерістер мына себептерден болды:
өзара ведомствалық ынтымақтастық;
ісәрекеттің осы бағытына деген мамандардың қарымқатынасының өзгеруі;
балама формаларды жасау («Феникс» орталығында әлеуметтеу тобы, «ерекше бала» сыныбы – педагогикалық медико психологиялық комиссия шешімі бойынша бұрын «оқытуға мүмкін емес» балалардан тұратын);
педагогикалық медико психологиялық комиссия көзқарастары
әрекеттерінің өзгеруі;
қала қаржысы есебінен балаларды көлікпен қамтамасыз ету;
білім беру мекемелеріне ертіп жүретін ассистенттерді енгізу.
Жалпы украиналық «Крок за кроком» қорының, «Step by Step» (Нидерланды) Халықаралық Ассоциациясының, «Каждому ребенку» (Ұлыбритания) мен «Жалпы білім беру орындары жағдайларында білім алуға аса мұқтаж балаларға инклюзивтік білім берудің модельдік орталықтарын дамыту» ұйымдарының бірлескен жобалары қорытындыларын талдау аса мұқтаж балалардың жетістіктерге жеткенін дәлелдейді: сөйлеу дағдылары дамыды, танымдық әрекеттері өсті, денелерінің даму көрсеткіштері жақсарды. Әр бала өзіндік жетістікке жетті: қайсыбірі үшін – шеберліктер мен дағдылардың жоғарғы объективтік көрсеткіштері, ал қайсыбіріне – аздаған болса да маңызды көрсеткіш, мысалы, өз есімін қатесіз жазу.
Алынған нәтижелер Украинадағы инклюзивтік білім беру тәжірибесін ары қарай дамытудың, педагогтарды дайындау жүйесіне қажетті өзгерістерді енгізудің, жасы үлкен адамдарды оқытуды ұйымдастырудың, қоғамдық көзқарасты қалыптастырудың және қоғамды демократизациялаудың негіздері болып отыр.
Украинаның Педагогикалық ғылымдар Академиясының арнайы педагогика Институтының және Жалпыукраиналық «Крок за кроком» қоры ұсыныстары бойынша білім беру орындарында жаңаша ісәрекетті байқап көру мақсатында Украинаның білім және ғылым Министрлігі «Жалпы білім беру орындарында психикалықфизикалық ерекшеліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыру жолдарымен оларды қоғамға әлеуметтік үйрету мен біріктіру» тақырыбында Жалпыукраиналық ғылыими педагогикалық сынақ өткізу туралы бұйрық шығарды. Алғаш рет Украинада ғылыми негізде психикалықфизикалық ерекшеліктері бар тұлғаларды біріктіру жағдайында оқыту ұйымдастырылды. Сынаққа Украинаның 16 обылысынан білім беру мекемелері қатысты.
Алғаш рет Прибалтикада ғылыми негізде психикалықфизикалық ерекшеліктері бар тұлғаларды біріктіру жағдайында оқыту ұйымдастырылды. Сынаққа білім беру мекемелері қатысты. Сынақ жұмыстары мына бағытта жүргізілді:
жалпы білім беру орындары жағдайында психикалықфизикалық даму ерекшеліктері бар балалалрмен жұмыс істеуге педагогтарды даярлау мен қайта даярлау;
сапалы білімге тең қол жеткізушілікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы бұқаралық пікірді қалыптастыру және аса мұқтаж балаларды қоғамға, күнделікті өмірге қосу.
психикалықфизикалық даму ерекшеліктері бар балалармен жалпы білім беру орындарында жұмыс жүргізуге арналған оқуәдістемелік әдебиеттерді даярлау және басып шығару.
аса мұқтаж балалар мен олардың құрбықұрдастарын оқытудың анағұрлым тиімді формаларын анықтау мақсатында зерттеулер жүргізу.
аса мұқтаж балаларды белсенді қоғамдық өмірге біріктіруге бағытталған нормативтікзаңды құжаттарды қабылдау, жетілдіру.
Даярланған концептуалдық құжаттар: «Физикалық және интеллектуалдық мүмкіндіктері шектелген балалар мен мүгедек балаларды реабилитациялау Тұжырымдамасы», «Жалпы білім берудің Мемлекеттік стандарты жобасы», «Ерекше мұқтаж балаларға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты Тұжырымдамасы» біріктіріп оқытуды жүзеге асырудың ғылымитеориялық негіздері болып табылады. «Жалпы білім беру (мектепке дейінгі) орындарда ерекше мұқтаж балаларды біріктіріп оқыту туралы Ереже» жобасы дайындалды.
ТМД елдерінде инклюзивтік білім беруді енгізу тәжірибесін талдау мынадай қорытындылар жасауға ықпал етті:
қазақстанда ерекше мұқтаж балалар туралы мәліметтердің ұлттық банкін құру;
инклюзивтік білім беру жүйесіне білім берудің жаңа технологияларын енгізуді қамтамасыз ететін педагогикалық кадрларды дайындау мен қайта дайындауды жүзеге асыру;
балалар туралы қамқорлықты жүзеге асыратын, олардың дамуы мен қоғам өміріне енуіне ықпал ететін, орталық институт ретінде тануға негізделген, бағдарламалық шаралардың маңызды мақсаты бола алатын отбасына назар аудару.
Сонымен, барлық балалар өз қажеттіліктері мен қабілеттіліктеріне қарамастан, білім алуға деген тең қол жеткізушілік арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытуға құқығы бар деген сенімді өмірде көрсете отырып, инклюзивтік білім беру жергілікті және
мемлекеттік дәрежеде әлеуметтік әділеттікке қол жеткізуге ықпал етеді. Ол екі мақсатқа: біріншіден, ерекше мұқтаж балаларға өз мүмкіндіктерін толығымен жүзеге асыруға көмектесетін ісәрекеттерді дамытады, өз қауымдастығы өміріне қатысуға және дербес болуға ықпал етеді, екіншіден, қоғамда орнығып, тұрақтап қалған қарымқатынасқа үн тастайды, дамуында проблемалары бар балаларды өз атааналары дұрыс қабылдауына көмектеседі, әлеуметтік инклюзивтілікке көбірек ықпал етеді.
Негізгі әдебиеттер
Баймуратова А.Т. Проблемы образования детей с ограниченными возможностями, обучающихся в начальных классах общеобразовательной школы: Материалы Международной научнопрактической конференции «Дошкольное и начальное образование: современное состояние, тенденции и проблемы развития» Алматы, 2007.
Акимова М.К. и др. Индивидуальность учащегося и индивидуальный подход. М.,
2000 3.Айджанова Д.К., Искакова А.Т. Пути сотрудничества в работе с детьми с особыми
нуждами. – Алматы, 2003.
4.Айджанова Д.К., Искакова А.Т.Вместе –мы лучше.Алматы, 2003.
5.Включение исключенных. Соответствие разнообразию в образовании. Уганда и Румыния. Бухарест, 2001
6.Гончарова Е.Л., КукушинаО.И. Реабилитация средствами образования: особые потребности детей с выраженными нарушениями в развитии. Альманах Института Коррекционной Педагогики РАО, выпуск 1/2000.
7.Даниелс, Е.,Стаффорд, К. Создание инклюзивных классов. Гл.4. Подготовка планов индивидуализированного обучения. НьюЙорк,2000.
8.Информационные технологии в образовании. – Новосибирск, 1995. – вып. 12.
Дәріс №3
Тақырыбы: Қазақстандағы инклюзивті білім беру жүйесі Дәріс жоспары:
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім берудің даму бағыты.
Білім берудегі интеграциялық оқытудың даму тарихы
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы «Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекелестікке сай елу мемлекеттің қатарына ену стратегиясына» сай отандық білім беруді жаңарту курсы инклюзивтік білім беру жүйесінің беріктілігін сынау болып отыр.
Инклюзивтік білім беру Қазақстанда бүгінгі күні бастапқы сатыда болып отыр, оны енгізу даму жағынан артта қалған балалардың санының өсу салдарынан әлеуметтік педагогикалық мәселеге айналып отыр. Соңғы жылдары республикада саны жағынан көбейіп отырған мүгедек балалар өмірінің негізгі көрсеткіш сапасы анағұрлым өзгерді. Бұған мүмкіндіктері шектеулі біріктірілген балалардың мәртебелерінің нақты еместігі, мұғалімдер мен тәрбиешілердің құқықтар мен міндеттерінің әр түрлілігі, әлеуметтік білім беру жүйелері мекемелерімен бірлесіп әрекет ету мәселелеріндегі қиыншылықтар, осындай дәрежедегі балалар оқитын жалпы білім беру мектептерін қаржыландырудан туындайтын жағдайлар дәлел болып отыр. Осыған байланысты Қазақстанда ерекше мұқтаждығы бар балалардың өмірі мен дамуына, олардың құқықтарын қорғауға орнықты жағдайларды қамтамасыз ете отырып, қолайлы модельді іздестіру жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде балалар құқықтары инклюзивтік білім берудің қазақстандық жолдарын ашатын «Бала құқықтары туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналықпедагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңдармен қорғалады.
Қазіргі уақытта әлемдің қауымдастықта білім беру саясатындағы басымдылық саясаты дәл осы инклюзивті білім беруді енгізу бойынша әр елдің қайталанбас ерекшеліктеріне байланысты барлық мемлекет үшін қолданылатын нақты әдістемелер мен нұсқаулықтар жоқ, инклюзивті үрдістерді дамыту тәжірибесі оның дұрыс бейімделу барысында оларды пайдалану үшін маңызды болып табылады.
Қоғамдағы демократиялық қайта құрулар соңғы кездерде Қазақстанда үлкен назар аударылып отырған инклюзивтік білім беру идеясының тәжірибеде пайда болуы мен енгізілуіне ықпал етіп отыр.
Тәжірибені біздің елімізде оқыту 2000 жылы «Мүмкіндігі шектеулі балаларға базалық білі беруге көмек» Қазақстан Республикасының Үкіметі және ЮНЕСКОмен бірігіп САТР Орталығымен Пилоты жобаның жүзеге асыру барысында басталды. Осы жобаның арқасында «инклюзивті білім беру» түсінігі орнықты енді.
Бала құқықтары Конвенциясының жеке 23ші бабы мүгедек балалардың құқықтарын қорғауға арналған, жалпы алғанда Конвенцияның балаларға қатысты әр бабы мүгедек балалардың құқықтарын қорғауға арналған. Осы аталған бапта былай деп жазылған: мүгедек баланың ерекше күтімге, барынша дербестік пен әлеуметтік интеграцияны қамтамасыз ететін жағдайда оның құнды да лайықты өмір сүруіне көмектесу мақсатында дайындауға және білім алуына құқысы бар.
Қазіргі кезде Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар көбінекөп арнайы мектепинтернаттарда білім алады. Шындығында олар оқшауланған, қоғамдық өмірге аса бейім емес. Мәселенің бұлай қалыптасуына бүгінгі қоғамның да кінәсі бар. Өйткені біз мүмкіндігі шектеулі жандарға мүсіркей қараудан арыла алмай келеміз. Жалпы білім беретін орта мектептерде олардың оқып, білім алуына жағдай жасау ендіенді қолға алына бастады. Инклюзивті білім берудің негізі мектептегі барлық балаға олардың ерекшеліктерінен тыс сапалы білім беру болып табылады.
Инклюзивті білім берудің халықаралық және қазақстандық тәжірибесі қоғам, отбасы, мемлекет ерте ме, кеш пе барлық балалар сапалы білім алу үшін бірдей жағдай жасауға міндеттенетінін көрсетіп берді. Бүгін инклюзивті білім беру әдісі енгізілген жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі дайындық жүйесінің педагогтары өз тәжірибелерімен бөліседі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медикапедагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің негізгі принциптері айқындалды. 2004 жылы зерттеу жүргізілген кезде, орта мектеп педагогтарының 80 пайызы бұл жүйеге қарсы болса, 2007 жылы 49 пайызы ғана қолдамаған. Яғни педагогтардың басым көпшілігі мұндай балаларды мектепке қабылдауға дайын болды. Ал атааналардың 79 пайызы түсінбей, «неге менің баламның қасында мүгедек бала отыруы керек?» деп наразылық білдірсе, қазір олардың көпшілігі бұл идеяны қолдайды. Бұл инклюзивтік білім берудің дамып жатқанын көрсетеді.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 20112020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамытуды қостық. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды.
Ал Қазақстанда жарымжан балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан бөлектетілген. Бұл мекемелерде көбіне медициналық әдістемелер көп қолданылады. Қазақстан қазір оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан дені сау екенін түсініп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеуі керек. Тек сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн. Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Көптеген елдердің тәжірибелері арнайы мұқтаждықтары бар балалардың өз құрбы құрдастарымен бірге дамуына және олармен ортақ әрекеттер жасауға мүмкіндіктерінің барын дәлелдейді. Бірақ бұл үшін балалардың көбі білім алатындай етіп, ересектердің қарымқатынастары мен білім беру жүйесін өзгерту керек.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 20112020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі мектептегі инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіру болып табылады. Инклюзивті білім беру Қазақстанда қажетті деңгейде дамымаған. Бұл проблеманы шешу дамуында ауытқулары бар балалар санының өсуімен байланысты кезек күттірмейтін шараларды талап етеді. Мүмкіндіктері шектеулі балалар саны өсуде. Егер 2005 жылы олардың саны 124 мыңды құраса, 2010 жылы 149 мыңнан асты. Олардың 41,4 %ы ғана арнайы білім беру бағдарламаларымен қамтылған. Қазіргі кезеңде мүмкіндіктері шектеулі 149246 баланың 29212сі немесе 19, 5%ы мектеп жасына
дейінгі балалар. 37 арнайы балабақшада және 240 арнайы топта 10 мыңдай бала мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған, бұл 32,8% ды ғана құрайды.
«Инклюзивтік білім беру – бұл халықтың әлсіз, аз қорғалған бөлігіне, сонымен қатар мүгедектеріне білім алудың қол жеткізерлік идеясынан тұратын интеграция процесі және әртүрлі мұқтаждықтары бар балалар үшін жалпы білім беретін мектептің бейімделгіштігі. Бұл термин әдетте жалпы білімнің мүгедек балаларға қол жеткізерліктей болуын қамтамасыз ету процесін бейнелейді».
Инклюзивтік білім беру – білім беру процесінен адамдарды алып тастайтын барьерлерді жою үшін және қоғамдағы барлық адамдардың білім алуға мұқтаждығы, білім алу жылдамдығы, жасы, жынысы, этникалық жағы, экономикалық мәртебесіне қарамастан, жалпы білім беру процесіне қосыла алатындықтарына кепілдік беру үшін білім беру жүйесі мен оның құрылымындағы өзгерістерді білдіреді.
Инклюзивтік білім беру әлеуметтік модельге негізделген және баладағы емес, бағдарлама мен әдістемелердегі проблемалардың таралуына жол бермейді.
Негізгі алғы шарт: балалардың барлығы оқи алады. Бұл серпінді үрдіс. Оның бірбеткей мақсаты: әлеуметтік әділеттілік пен теңдікті, инклюзивтік қоғамды қамтамасыз етудің кең стратегиясына ықпал ету болып табылады.
Инклюзивтік білім беруді дамытуға қоғамның барлық мүшесі жауапты және әр түрлі секторлар мен олардың белсенді қатысуы арасындағы қажетті ынтымақтастықты талап етеді.
XIX ғасырға дейін дамуында проблемалары бар балаларды емдеу мен оларға қамқорлық көрсету көбінесе қамқоршылық сипатта болды. Балалар өздерін күткен жанұя мүшелерімен бірге болды немесе жетімханаларға өткізілді. Оларды күту үшін қандай да бір орындардан көмек сұрауға жанұяның мүмкіндігі болмады. Дамуларында ауытқулары бар балаларды оқытудың алғашқы құжатталған қадамдары 1800г. сай келеді, осы кезеңде француз дәрігері ЖанМарк Итар проблемалары бар балаларды оқытудың қайталанбас тәсілін жасаған. Ж.М.Итардың ізбасарлары оның тәсілін АҚШна әкеліп, ақылойдың даму проблемаларын ғылыми зерттеуді мақсат етіп қойған ұйым құрады. 1830 жылдары АҚШда саңыраулар мен соқырларға арналған мектептер ашылды. Осы алғашқы мектептерде мүгедек адамдарды оқыту үшін, мүгедектіктің нақтылы түрлеріне қатысты адаадарға қызмет көрсету үшін және оларды оқыту үрдісі арнайы құрылған оқу орындарында жүргізілді.
Ресейде, Н.Н.Малофеевтің пікірі бойынша, арнайы білім беру жүйесі кеңес дәуірінде құрылған (19271935 жж.) және жалпыға міндетті оқу туралы Заңмен байланысқан. Бұл кезеңдерде мемлекет баланың арнайы оқу мекемесіндегі тұрмысын толық төлеп отырды, ал бала мектеп пен отбасынан бөлек өмір сүрді. Тап осы уақытта Л.С.Выготский мен басқа да ғалымдардың әлеуметтікмәдени теориялары қалыптасты. Тек елу жыл өткеннен кейін ғана Л.С.Выготскийдің теориясы Батысқа мәлім болып, дамуында проблемалары бар балаларға білім беруге үлкен ықпал етті. Өз жұмыстарында ол мүгедек адамдарға оқшауланғандықтың қаншалықты теріс әсер ететіндігі туралы жазды. Ол баланы өз отбасы мен достарынан бөліп, оған ерекше орта жасаудың өзі екінші мүгедектікті тудырады, ал бұған кінәлі – қоғам деп тұжырым жасайды.
20012002 жж. республикада инклюзивтік білім беру идеясын жүзеге асыру үшін «TACIS lien» жобасы жұмыс істеді, оған Қазақстанның экологиялық қолайсыз екі аймағынан (Семей қ., Арал қ.) 7 мектеп қатысты.
Сыныптардағы ісәрекеттерді дұрыс ұйымдастыру үшін жобаға қатысқан мұғалімдер мен мамандар балаларға қажеттілердің барлығын ескере отырып, сыныптардағы ортаны ұйымдастыру мен бейімдеу бойынша әдістемелік қолдау мен білім беру материалдарын үнемі алып тұрды.
Бұл жобаны жүзеге асыру барысында арнайы мұқтаждықтары бар балаларға деген қоғамның қарымқатынасы өзгерді. Атааналар ниеттестер «командасының» бір бөлігі болды: олар қажетті қолдау алып, өздерінің жалғыз еместігін білді: өз балаларының
мүмкіндіктеріне көңіл аудара бастады: өз балаларына және қызметкерлерге балалар
проблемаларын шешуге қатысты талаптар қоя бастады: олар балаларының өз құрбы құрдастарымен қарымқатынастарының маңыздылығын түсінді: балалардың табыстарын көріп, олардың дамитындығына сенді, олардың болашақтары туралы ойлана бастады. Олар мұндай балалар үшін ұялу сезімінен айрылды, өйткені олар баланың өз кемістігіне қарамай, дамып келе жатқанын және нәтижелерді өз көздерімен көрді. Атааналар өз балаларының табыстарын мақтан ете бастады.
Мұғалімдер санасында да өзгерістер болды. Мұғалімдердің семинарларда өз әріптестерімен араласуы және мүгедек балалармен жүргізген өз жұмыстарының тәжірибелері оларға балалардың мүмкіндіктеріне сеніммен қарауға көмектесті: инклюзивтік топтар мен сыныптардың педагогтары балалардың қабылдау стиліндегі ерекшеліктерді ажырата білу шеберлігіне үйренді, оларда мүмкіндіктері шектелген бала үшін жауапкершілік сезімі пайда болды, мұғалім бала дамуындағы өз рөлін көрді.
Инклюзивтік оқу практикасынан балалардың өздері де көп пайда алды: құрбы
|
құрдастарымен өзара ісәрекеттер жасағанда оларда когнитивтік, сөйлеу, әлеуметтік және
|
эмоциялық
|
дағдылары белсенді дами бастады. Мұндағы құндылық – бұл дағдылар
|
өмірлік тәжірибе алуға қызмет етеді, ал оларды қолдану баланың күшті жақтары мен
|
талантын дамытуға ықпал етеді. Билік өкілдері балаларды ісәрекеттерге қабілетті деп
|
таныды және
|
олардың мүмкіндіктеріне байланысты олардың айырмашылықтарын
|
мойындады.
2009 жылы 20062011 жылдарға арналған мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асырудың екінші сатысы басталды. Құжатта білім алу саласында мектепке дейінгі кезден бастап, мүгедек балаларды және мүгедектерді қолдауды күшейту көзделген. Бұған қоса мектептерде мүмкіндіктері шектелген балалар үшін жағдай жасау жұмыстары, яғни пандустарды салу, сынып бөлмелерін жабдықтау жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні Қазақстанда әр түрлі топтағы мүгедек балалар саны 47 мың болып отыр. Олардың үштен бір бөлігі мектеп бағдарламаларын интернаттарда, үйлерінде, ал қалған үштен бір бөлігі еш жерде оқымайды.
Сонымен, бүгінгі күні бар нәтижелер арнайы мұқтаждықтары бар көптеген балалардың білім алуға мүмкіндік алатындығын көрсетеді.
Қазақстан 2008 жылы БҰҰның «Мүгедектердiң құқықтары туралы» конвенциясына қол қойып, барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға міндеттенген. Осы мәселені талқылаған халықаралық конференциялар, түрлі семинарлар ұйымдастырылуда. Бас сарапшы «Қазақстан инклюзивті білім беруді дамытуға дайын» деп есептейді. Бірақ қажетті құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу қажет. «Біз алғашқы қадамын жасадық. Сондықтан мемлекеттік «Білім беруді дамытудың 20112020» жылдарға арналаған бағдарламасына бірінші рет инклюзивті білім беруді дамыту қосылды. Бірақ бізде жұмыс істеп тұрған арнайы мектептердің жүйесі сақталады. Өйткені бәрін бір партаға әкеп отырғыза алмаймыз. Қанша айтсақ та, жарымжан балалар жалпыға білім беретін мектеп жағдайында қажетті білім ала алмайды. Сондықтан бұл жүйе кеңейе береді. Жақында ғана республикалық зағип балаларға арналған жаңа мектеп салу жөніндегі Үкіметтің шешімі шықты. Арнайы мектептер жалпыға білім беретін оқу орындарына ресурс секілді болады, өйткені мұнда арнайы ұжым қалыптасқан. Біздің елімізде 1996 жылдан бері қолданылып келе жатқан Халықаралық білімділік «Step by step» бағдарламасы ерекше қажеттілікті балаларды қолдауды, қатардан қалдырмауды қамтамасыз етеді.
Қазақстанда ерекше мұқтаждықтары бар балалардың дамуы мен өміріне оңтайлы жағдайларды қамтамасыз ететін, олардың құқықтарын қорғайтын қолайлы модельді іздестіру жүргізіліп жатыр. Біздің елімізде балалар құқықтары инклюзивтік білім беруді жүзеге асырудың қазақстандық жолдарын ашатын «Бала құқықтары туралы», «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Мүмкіндіктері шектеулі балаларды
әлеуметтік және медициналықпедагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Заңдармен қорғалады.
2009 жылдан бастап біздің елімізде инклюзивтік білім беру енгізілуде. Бұл әдістеме 20072010 жылдардағы «Қазақстан балалары» мемлекеттік бағдарламасында көзделген. Қазіргі кезде республикамызда 614 интернат бар, онда шамамен 75 мың жетім балалар мен мүгедек балалар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Алдағы жылы білім берудің 20062011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың екінші сатысы басталады, онда білім беру саласында мектепке дейінгі уақыттан бастап, мүгедек балаларға барынша қолдау көрсету көзделген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап және ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін дүниежүзілік білім беру жүйесі өзінің құрылымында оқщауланған қосалқы жүйені құрастырып отыр – бұл мүмкіншіліктері шектелген балалардың көпшілік санатына арналған арнайы білімнің ұлттық жүйелері, көпшілік білім беру жүйесінен дифференциалды және жеке оқыту мен жоғарыда көрсетілген санаттағы балаларды тәрбиелеу.
Интеграциялық оқыту мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту. Интеграциялық оқыту біріктірілген (оқушы дені сау балалар сыныбында/тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады), жартылай (жеке балалар күннің бір бөлігін арнайы топтарда, ал екінші қарапайым топтарда өткізеді), уақытша (арнайы топтардағы балалар және қарапайым топтардың оқушылары бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді өткізу үшін біріктіріледі), толық (дамуда ауытқулары бар 12 бала бала бақшаның, сыныптың, мектептің қарапайым топтарына енгізіледі, мамандардың бақылауы бойынша түзету көмегін атааналар көрсетеді) болады.
Интеграцияның қазіргі формасы шетелде ХХ ғ. екінші жартысында ғана бірінші рет пайда болады. ХХ ғ. технологиялық және ақпараттық революциялары 70ші жылдардың либералдыдемократиялық реформаларымен үйлесе отырып, экономикалық өсуге, жалпы және арнайы педагогикаға адамгершілік идеяларының, инновациялық теориялардың және технологиялардың енуіне, оның ішінде білім берудегі интерактивті және экологиялық тәсілдердің теориялары мен тәжірибелерін енгузі мен жүзеге асыруына ықпалын тигізді.
Интеграциялық үдерістерді жүзеге асыру кезінде скандинавия елдері ұсынған «нормализациялау» тұжырымы (Н.Э.БенкМиккельсен – 1959; Б.Нирье – 1968) маңызды орын алып отыр, бұл мүмкіншіліктері шектелген тұлғаларға қатысты жүргізілетін әлеуметтік саясаттың заңды түрде бекітілген ұстанымы, оның негізінде – халықаралық құқықтық актілерге сәйкес («Адам құқықтарының декларациясы және т.б.») мүгедектер үшін әлеуметтік өмірдің жағдайларын дұрыстау туралы идея. Дұрыстау аспектілерінің құрастырушы бөліктерінің бірі интегралданған (инклюзивное) білім беру болып отыр.
ғ. 60шы жылдарынан бастап еуропа елдерінде (Скандинавия елдері), АҚШта, Жапонияда бір мезгілде бірге оқытудың жолдарын іздеу басталды. Егер Скандинавияда интеграция негізінен нормативтік және тәжірибелік жолмен жүзеге асырылатын болса, онда АҚШта оның жүзеге асыру үшін педагогикалық ізденістер мен тәжірибелер жасалды.
Бірінші батыс еуропалық елдермен қатар, 1975 ж. АҚШ 94142 заңын (The Education for all Handicapped Children Act) қабылдай отырып, өз елінде интеграцияны құқықтық негізге қояды. ХХ ғ. 70ші – 80ші ж.ж. басында АҚШтың көпшілік мектебінің білім беру тәжірибесіне интеграциялық инновацияларды енгізу бір қатар қиындықтар мен мәселелердің пайда болуына апарды. Сол уақытта мұғалімдер арасында жасалған зерттеулердің нәтижелері көрсеткендей, ең маңызды мәселе көпшілік мектептің мұғалімінің кәсіби әрекеттің жаңа түрінде және жаңа жауапкершілікке дайын болмауы.
ғ. екінші жартысында білім беруде интеграциялық идеяларды жүзеге асырған көптеген еуропалық елдер де ұқсас жағдайды кездестірді.
«Дұрыс» интеграцияны жүзеге асыру үшін көпшілік мектептегі жүргізіліп отырған ұйымдастыру, әдістемелік және дидактикалық қайта құрулардың маңыздылығын атап өту қажеттілігі терминологияның ауысуына (нақтылауына) және ХХ ғ. 80ші жылдарында АҚШ білім беру жүйесінің педагогикалық айналымында бірге оқыту жағдайын білдіретін inclusion – қосылу, жаңа терминнің пайда болуы мен қолдануына апарды, осы термин бір қатар дамыған елдер үшін әрекет етуге үлгі болған жаңа халықаралық құжаттардың арқасында кеңінен таратылды. Осылай, 1994 ж. ЮНЕСКО басшылығымен Саламанка қ. (Испания) ерекше қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру бойынша Дүниежүзілік конференция өтеді, ол халықаралық айналымға «инклюзия» терминін қосады және инклюзивті білім беру қағидатын жариялайды. Инклюзивті білім беру қарапайым мектептің білім беру үрдісіне мүмкіншілігі шектелген балалардың тек белсенді қосылуы мен қатысуын ғана емес, сонымен қатар барлық балалардың білім алу қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін, көпшілік білім беруінің барлық үрдісінің жүйе ретінде барынша қайта құрылуын қарастырады.
ССРОда интеграцияланған оқыту идеясы не көпшілік, не арнайы білім беру жүйесінде қолдау таппайды. Тәжірибе ретінде ол ұзақ уақыт ішінде ССРО ПҒА дефектология ҒЗИ (70ші жылдары – Э.И.Леонгард проф. Ф.Ф.Раудың басшылығымен; содан кейін – сол жерде 80ші ж.ж. бастап қазіргі уақытқа дейін Н.Д.Шматко басқарған зерттеушілер ұжымы) зерттеу нысаны болды.
Соның арасында ХХІ ғ. басына қарай шетелде интеграция кең әлеуметтік философиялық мағынада тұрмыс формасы, қарапайым адамдар мен мүмкіншіліктері шектелген адамдардың (мүгедектердің) бірге өмірі ретінде танылды, қоғам және оның қосалқы жүйелері (оның ішінде білім беру институттарының қосалқы жүйелері) оған қолдау көрсетіп немесе қарсы шыға алады, және оған қатысты қоғамның барлық мүшелері еркін таңдау жасауға құқылы.
Шетелдік педагогика интеграцияны осы үдерісті экономикалық, ұйымдастыру, дидактикалық және әдістемелік сипаттағы шаралармен қолдау көрсетіп және ілестіре отырып, қарапайым балалар мен мүмкіншіліктері шектелген балалардың бірге өмір сүру және оқу мүмкіншілігі ретінде қарастырады.
Педагогикалық түсінікте интеграция дегеніміз, барлық балалар әркімнің арнайы мүмкіншіліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, бір жалпы мағыналы және қатынастық кеңістікте бірге оқитынын, жұмыс жасайтынын, ойнайтынын білдіреді. Осы кезде мүмкіншіліктері шектелген балалар мен жасөспірімдер үшін бірлескен оқыту үрдісінде олар осы үрдістің барлық құрастырушы бөліктерінде белсенді қатыса алу үшін жағдайлар жасалады, осылай олдардың дамуы мен білім алуына ықпал жасалады.
Әдебиеттер:
1.www.informkiosk.com
1.Назарбаев Н.А. Новый Казахстан –в новом мире. Послание Президента страны народу Казахстан –Алматы, 2007. 72б.
Саламанская декларация и Рамки действий по образованию лиц с особыми потребностями: доступ и качество. Саламанка: ЮНЕСКО, 1994.
Бала құқықтары туралы Конвенция (ББҰ, НьюЙорк, 1991 ж.).
Дәріс №4
Дәріс тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың дене және ақыл –ойының дамуындағы бұзылыстар
Дәріс жоспары:
Балалардың ақыл–ой дамуындағы ауытқулар
Даму ауытқушылықтарының классификациясы
Бала дамуындағы ауыткушылықтардың диагностикасы
Ауытқушылықтарды түзету, тексеру жұмыстарының принциптері мен әдістері
Балалардың ақыл–ой дамуындағы жеңіл ауытқулар «психикалық дамудың тоқтап қалуы» деп аталатын терминмен сипатталады. Бұл жағдайдың негізгі себебі бала миының әлсіз түрдегі органикалық зақымдануы немесе іштен туа біткен, туылы кезінде және өмірінің бастапқы кезеңдерінде болған жағдайлар болып табылады. Сонымен қатар, дамудың тоқтап қалуы жоғарғы жүйке жүйесінің ауруларымен, созылмалы соматикалық жағдайлармен, бас мидың жарақаттануымен, эндокриндік жүйенің бұзылуымен байланысты болуы ықтимал.
В.Г.Степанова, В.А.Крутецкий мінез – құлықтағы мәселесін қарастыра келе, оқушыларды екі қатарға бөледі:
Бірінші қатарға адамгершілік дамуында және мінез – құлқында, шашамен алғанда өте үлкен емес ауытқушылықтары бар оқушыларды жатқызады, олар – тәртіпсіз, жалқау, қыңыр, дөрекі, өтірікші балалар. Тәртіптілік өзіне және басқаларға деген жоғарғы талап қоюшылық, киіміндегі тазалық және жинақылық сияқты және т.б. көрсеткіштерден айқындалады. Тәртіпті емес мінез– құлықты осыған қарамақарсы көрсеткіштерден: жұмыстан жалтарып кетуге тырысу, берілген тапсырманы орындамау, адал еместік, өзінің жеке қызығушылықтарын достарының арасында жүзеге асыруға тырысу, үнемі тәртіпті бұзуынан және т.б. байқалады.
Екінші қатарға жеке акцентуациясында және мінез – құлқында қиындығы бар балаларды жатқызады.
Үйлесімдік типтегі балалар барлық жеке қасиеттері қалыптасқандығымен сипатталады, олардың қиналыс және қауіп – қатерлік сияқты психологиялық факторлары іс жүзінде қалыс қалады. Олар интеллектің жоғары деңгейіне ие болады, көпшіл, өзіне сенімді, орындалатын жұмысқа адал ниетпен кіріседі, өзінің мінез – құлқына ойдағыдай баға береді.
Әлеуметтік – болжамды типіне жататын балалар үйлесімді тип сияқты жекеліктің тұрақты құрылысына ие болады, бірақ оларда жағдайда байланысты өте күшті тәуелділік, өзін қоршаған ортамен сәйкестендіруге тырысушылық, дұрыс мінез – құлық мөлшерін сақтап, іс — әрекет жасауға деген қажеттіліктері өзгешеленеді.
Үстем типіндегі балалардың айрықша ерекшелігі дербестік, тәуелсіздік, өзін — өзі сендіруге тырысушылық. Олар өздеріне өте сенімді, тәуекел жасауға бейім тұрады және әлеуметтік батылдыққа ие болады.
Қауіп – қатерлі типтегі балаларға жоғары эмоционалдық тұрақсыздық, тым мазасыздану, қауіп – қатерлік төменгі стрестік, тұрақтылық тән.
Әсерленгіш типтегі балаларға жасқаншақтық пен ұялшақтық тән. Бұл типтегі балалар үшін өрескелдік, жылылықтың болмауы, басқалардың күлуі, психо – травмды жағдай болып табылады.
Интровертивті типтегі оқушылардың тұйық, жанасымы кем балалар. Олар үшінбіреулермен байланысқа түсу қиындық тудырады.
Инфантивті типтегі балалардың эмоционалды – ерктік сфералары жетілмегендіктен, өзіндік шешім қабілдаудағы сезім дәрменсіздігі, қорғансыздығы көрінеді.
Бала көп жағдайда өзін дұрыс ұстамайды, ол оның тәрбиесіздігінен, қажетті позитивті білімінің, дағдысының, ақылының қалыс қалуынан, қараусыз қалу, қоршаған ортаның теріс ықпалының, соның нәтижесінде әлеуметтік – психологиялық дезадаптациясының дамуынан, т.б. көрінеді. Балаға мұғалімнің, ата – аналарының немқұрайлығының өршуі, құрбы – құрдастарымен өзара қарым – қатынастарының дұрыс болмауы қоғамда қиын баланың көбеюіне әкеліп соғуда.
Отандық психологияда адамды тұлға деп – қоғамның субъектісі ретінде оның қарым – қатынасқа түсу жүйесін сипаттайды.
В.Г.Ананьев (1), А:Н.Леонтьев (2) өз еңбектерінде объектіні өмірді бейнелеу процесінде белсенді тұлға, қоршаған әлеуметтік өмір танымы, сана – сезімімен бірлестікте іске енетін – тұтастай субъект ретінде көрініс береді деп белгіленген. Сонымен қатар, тұлға сезімдік қасиеттермен біргелікте, демек индивид пен әлеуметтік ортаның шартымен бірлікте қарастырылуын көрсетеді.
Даму ауытқушылықтарының классификациясы
Дамудағы ауытқушылықтарды жіктеудің (классификация) қазіргі кезде белгілі бірнеше түрі бар. М.А.Власова мен М.С.Певзнердің «Оқытушыға дамуында ауытқушылықтары бар балалар туралы» деген еңбегінде аномалды балалардың келесі топтары бөліп көрсетіледі:
сенсорлық жетіспеушіліктері бар (көру, есту, сөйлеу қабілеттері бұзылған, жүру тірек аппараттарында, сенсомоторикалык жүйелерінде зақымданулары бар) балалар;
психикалық дамуы тежелген балалар; ^
астеникалық (инфекциялық, соматикалық аурулардың немесе бас сүйек, ми жарақаттары нәтижесінде пайда болатын психикалық, жүйке әлсіздігі немесе реактивтік (ауыр психикалык күйзелістермен байланысты пайда болатын психикалық ауытқушылыктар)) жағдайдағы балалар;
мінез құлқы психопаттық түрдегі (мінез құлықтың эмоциялық тұрғыдан бұзылуы) балалар;
ақылой дамуы тежелген (олигофрен) балалар:
психикалық аурулардың (шизофрения, эпилепсия, истерия, т.б,) бастапқы көріністері бар балалар.
О.Н. Усанова (Дети с проблемами психического развития. М, 1995) төмендегідей жіктеуді ұсынады:
органикалықауруларға байланысты дамуында ауытқушылықтар пайда болған балалар;
2)функциялық жетілмеуіне байланысты дамуында ауытқушылықтары бар балалар;
психикалық депривация негізінде дамуында ауытқушылықтар пайда болған балалар.
В.А. Лапшин мен Б.П. Пузаыов өз жұмыстарында (Дефектология негіздері М., 1990) дамуы шектелген балаларды төмендегідей топтарға бөледі:
сенсорлық (көру, естукабілеті нашарлаған) дефектілері барбалалар;
2)интеллектуалдықкабілеттері бұзылған балалар;
сөйлеу қабілеттері бұзылған балалар;
жүрутірек аппараттарында кемістіктері бар балалар;
дамуында аралас (кешенді) дефектілері бар балалар;
дамуында үйлесімділік жоқ (дисгармония) балалар.
Дамудағы ауытқушылықтардың себептері әртүрлі болуы мүмкін. Мамандар ол себептерді негізгі екі топқа бөліп көрсетеді: эндогендік (генетикалық) және экзогендік (қоршаған сыртқы ортаәсері) факторлар.
Эндогендік факторларға жататындар: түрлі тұкымқуалайтын аурулар (аплазия ішкі кұлақтың жеткілікті дамымауы, миопатия бұлшық еттердегі зат алмасудың бұзылуы, т.б.); хромосоманың саны мен құрылымындағы өзгерістермен байланысты аурулар
(хромосомалық жинақтардың шамадан тыс көбейіп кетуі немесе хромосомалық жұптардың жетіспеушіліктері, т.б.).
Экзогендік себептерге жататын факторлар: ата аналардың созылмалы, инфекциялық аурулармен ауруы, интоксикация (алкоголь, наша, никотиндік, т.б.), түрлі жарақаттар (туылу кезіндегі, бас сүйек, ми зақымданулары, аяқ қол жарақаттары, т.б.), резус факторлардың сәйкес келмеуі, санитарлық гигиеналық нормалардың сакталмауы.
Бала дамуындағы ауыткушылықтардың диагностикасы
Дамуында ауытқушылықтары бар балалар арнайы коррекциялық дамытушы оқыту мен тәрбиені қажет етеді. Бұл балаларға жасалатын көмек неғұрлым тиімді болуы үшін, олардың денсаулық жағдайына неғұрлым ертерек диагноз қоюдың маңызы зор. Кез келген кемістікті көріп қана қоймай, оның сандық және сапалық көрсеткіштерін, жалпы сипатын анықтап, дер кезінде коррекциялық жұмыс жүргізетін мекемелерге орналастыру қажет.
Аномалды балаларға арналған мекемелерге балаларды орналастыру және жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар ашу ісімен психологиялық – медициналық педагогикалық білімдері бар мамандар айналысады .
Бұл істе мамандар төмендегі принциптерді жетекшілікке алады:
Достарыңызбен бөлісу: |