Дүниетанымдегеніміз – дүгиеге деген нақты-тарихи маңызы бар көзқарастың, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарына, өмірдің әлеуметтік-экономикалық құрылысына, адамның белсенді өмір көзқарастарын анықтайтын қоғамдық-саяси қатынастар жүйесіне қатысты ғылыми негізделген сенімдердің органикалық бірлігі, тұтастығы. Оқушылардың дүниетанымы ғылыми-философиялық білімдерді, заманына сай ғылыми жетістіктерді, сонымен бірге, болмысты танудың жалпы әдістерінің жүйесін жүйелі игеруі нәтижесінде қалыптасады.
Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жалпы, ең жоғарғы формасы. Табиғат, қоғам, ой идамуының мәні мен заңдылықтарына түсінік беретін дүниетанымдық идеялар жиынтығы оқушы санасында көзқарас, сенім, ойлау-болжау, аксиома, әр түрлі табиғи және қоғамдық үдерістер мен құбылыстар түсіндірмесінің ғылыми негізін құрайтын кез-келген ғылымның жетекші идеялары мен негізгі ұғымдары ретінде қалыптасады.
Дүниетаным негізінде дүниеге көзқарас, яғни дүние туралы белгілі бір білімдердің жиынтығы жатыр. Дүниетаным түрлі білімдерді игеру үдерісінің нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар күнделікті көзқарастарды меңгеру нәтижесінде де қалыптасады. Қоғамның жаңаруы, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының дамуы нәтижесінде жетіледі. Жаңа ғылыми фактілер, қоғамдық білім және жаратылыстану ғылымдарының жаңалықтары, өмірді жаңартудың жаңа қоғамдық тәжірибесі қалыптасқан көзқарастары мен ойлау стереотиптерін толықтырып, нақтылай түседі, өзгертеді.
Тұтас-психикалық білім ретінде дүниетаным – күрделі де көпаспектілі құрылым. Оның ұйтқысы – теориялық ойлау, жоғары интелектуалды сезімдерді білдіру, саналы мақсатты ерік-жігердің дамыған қабілеттігімен үйлесімді көзқарастар мен сенімдер. Көзқарастар – адамның идеясы, білімдер, теориялық тұжырымдар мен болжамдар ретінде қабылдауы. Олар табиғат пен қоғам құбылыстарын түсіндіріп, адамның мінез-құлық, іс-әрекет пен қатынастардың бағыт-бағдары қызметін атқарады.
Әрбір адамның дүниетанымдық көзқарастары ұзақ та күрделі интеллектуалды қызмет-әрекет нәтижесінда қалыптасады. Ал көзқарастар болса оның рухани мәдениетінің негізін құрап оның «Мен» деген сезімінің мәнісін ашып, оның өмірлік ұстанымдарын, ар-ұятын анықтайды. Сенім – көзқарастардың сапа жағынан мейлінше жоғары күй. Сенім білім сияқты объективті шындықтың субъективті көрінісі, адамдардың коллективті әлед бір «білетін» немесе «түсінетін» емес, ол – жеке тұлғаның ішкі ұстанымдарына айналған білім. Білімдер адам үшін қажетті білімдер болуы керек, яғни субъективті, жекелік мағынаға ие болулары керек. Сенімга айналған білімдер мен идеялар дүние мен адамды өзгертіп, материалдық күшек айналады.
Регулятивті қызмет атқара отырып сенім жеке тұлғаның тұтас рухани құндылық бағыттарын, мақсат-мүдделерін, тілек-қажеттілігін, сезім мен қылықтарын анықтайды. Олар қоғамдық мақсат-мүдделердің объективті талаптарынан, адамның танып білген қажеттілігіне сәйкес әрекет туындайды. Сенім жеке тұлғаның қазіргі уақытта іс-әрекетінде басшылыққа алып, оның болашақ өмір жолын анықтайды. Сенім –жеке тұлғаның өз құндылық бағыттары мен көзқарастарына сәйкес қызмет-әрекет етуге итермелейтін саналы қажеттілігі. Адамның сенім жүйесі – оның дүниетаным көрінісі. Сезім – сенімнің үйлесімді қасиеті. Сенімді өмірде басшылыққа алу таным қуанышы мен ақиқат шындығының, сұлулыққа эстетикалық сүйсіну мен оған берілгендік, әлеуметтік оптимизм мен мақсаттылық сияқты интеллектуалды сезімдермен байланысты.