Жоспары: Оқушылар дүниетанымының мәні және оның негізгі компоненттері



бет1/4
Дата24.11.2023
өлшемі25,07 Kb.
#125611
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс 10


Дәріс 10. Ғылыми дүниетаным- оқушының интелектуалды дамуының негізі
Жоспары: Оқушылар дүниетанымының мәні және оның негізгі компоненттері.
Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары: оқыту мен тәрбиенің мазмұны, формасы, әдістері, пәнаралық байланыс, оқушыларды әралуан іс – әрекет түрлеріне қатыстыру, отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі, ТПҮ жобалау.
Жеке тұлғаның ғылыми дүниетанымын қалыптастырудағы мұғалімнің кәсіби-педагогикалық құзіреттілігінің маңызы.
1.Дүниетанымның қалыптасуы – күрделі әлеуметтік-педагогикалық мәселе. Педагогика тарихы мен мектеп тәжірибесінде бұл мәселені шешудің үлкен және құнды тәжірибесі жинақталған. Жеке тұлғаның, оның ішінде оқушы жастардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы теориялық, және тәжірибелік тұрғыдан көкейкесті мәселеге айналуда.
Жаңа заманның нарық қатынастарына көшу жағдайларында жастардың мемлекеттік және қоғамдық құрылыс жүйесіндегі орны түбегейлі өзгеруде. Сондықтан, қоғам мен мектеп алдында жеке тұлғаның дүниетанымын оның ең алдымен жастардың өздері үшін, сондай-ақ бүкіл қоғам үшін қажетті әлеуметтік-адамгершілік құндылықтарының жаңа жүйесін құру үдерісіне белсене қатыстыру арқылы қалыптастыру міндеттері жатады.
Дүниетанымның қалыптастыру үдерісі көп қырлы, сондықтан педагогикалық ғылымда бұл ұғымға байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Әлеуметтік топ пен жеке тұлға қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың және оның партияларының жетілуінің елеулі көрсеткіші.
Дүниетаным –дүниенің, адамның, қоғамның бейнеленуі, оны жалпы түсіну жіне олармен адамның әлеуметтік-саяси, философиялық, адамгершілік, эстетикалық, ғылыми-теориялық, құндылық. Дүниетаным болмысты тану әдісі бола отырып, адамдардың іс-әрекетінің ерекшелігін анықтайтын өмір принциптерінен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет