Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі. Аты-жөні: Қасымбай Салтанат Серикқызы Ғылыми зерттеу тақырыбы



бет1/4
Дата23.11.2022
өлшемі21,84 Kb.
#51969
түріДиссертация
  1   2   3   4
Байланысты:
Диссертацияға негіздемеееемммм


Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі.
Аты-жөні: Қасымбай Салтанат Серикқызы
Ғылыми зерттеу тақырыбы : Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға болашақ педагог-психологты даярлау.
Зерттеудің өзектілігі: Жеке адам денсаулығы– қоғам байлығы. Қоғамдағы әрбір жеке адам өз денсаулығын сақтау және мықты болу жолдарын қарастыру қажет. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан бастап және еліміздің қазіргі рухани жаңғыру жағдайында әрбір жеке адам өз денсаулығын сақтау туралы ұстанымды басшылыққа алып келеді.
ҚР «Білім туралы» Заңында: әрбір бiлiм алушы мен тәрбиеленушiнің құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiнің бірі ретінде денсаулық сақтауды және бiлiм беру ұйымдарында олардың денсаулығын нығайту, тән саулығын жетiлдiру, салауатты өмiр салтына ынталандыру жөнiндегi қажеттi шаралардың орындалуын қамтамасыз ету» - деп қарастырылады. Денсаулық сақтау мәдениетінің аса қажеттілігі мен маңыздылығы басқа да мемлекеттік ресми құжаттардан айқын көрініс табады. Атап айтатын болсақ, ҚР азаматтарының денсаулығын сақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1997), [4] ҚР мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы (2013) [5] ҚР «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» [6], «Қазақстан – 2020: Болашаққа жол» мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы және т.б.
Сондай-ақ, «Бүгінгі студент – ертеңгі маман» дегендей, заманауи болашақ педагог мамандығының бойына қажетті кәсіби және тұлғалық құндылықтары жайында «Педагогтың кәсіби стандартында» айқын көрсетілген[8].
Осы құндылықтардың бірі – педагогикалық мәдениет болып табылады. Педагогикалық мәдениет – педагогикалық іс-әрекет жүйесіндегі мұғалімнің жалпы мәдениетінің маңызды бөлімі. Осыған орай, болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениеті – педагогикалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырылады. Олай болса, болашақ педагог-психологың салауатты тамақтану мәдениеті – олардың педагогикалық әрекеті, қарым-қатынасы және еңбегі арқылы жүзеге асырылады. Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениетін жүзеге асыру – денсаулықты сақтауға бағытталған педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, медициналық, әлеуметтiк-экономикалық, саяси және басқада шаралардың жиынтығынан тұрады. Ал бұл мәселе – күрделі, әрі кешенді жүйе болғандықтан, оны бірнеше ғылымдардың өзара бірігуінің нәтижесінде талдауды, яғни синергетикалық тұғыр тұрғысынан қарастыруды қажет етеді.
Педагогика және психология ғылымдарының зерттеулеріне, ғылыми тәжірибеде жинақталған мұраға талдау жасау көрсеткендей, «Мәдениет – жас ұрпаққа өз бетінше шешім қабылдау қабілетінің, өз алдына әрекет ету дағдыларының қалыптасуына, оның жан-жақты дамуына септігін тигізеді». Білім беру жүйесінде денсаулықты сақтау мәселесі мәдениетті қалыптастырумен ұштасады. Сондықтан денсаулық сақтауды мәдениеттің бір бөлігі және құндылықтарға қол жеткізудің құралы, әрі білім беру үдерісінің негізі ретінде қарастыруға болады.
Болашақ педагог-психологтар өзінің өмір салттарын, іс-әрекеттерін мақсатты түрде таңдаушы, әрі өзгертуші және денсаулығын сақтау мәдениетіне деген көзқарастарын өзгерте алатын, қайта қарай алатын оқу үдерісінің субъектілері ретінде қарастырылады. Болашақ педагог-психологтардан талап етілетін негізгі мақсат – денсаулықты оның физиологиялық, психологиялық және өзіндік деңгейінде басқарудың негізгі заңдылықтарын білу, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың мүмкіндіктерін меңгеру. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерге, жоғары оқу орнындағы оқу бағдарламалары мен оқу үдерісіне жүргізілген сараптамалар көрсеткендей, бүгінгі таңда болашақ педагог-психологтар денсаулықты сақтау мәдениетіне қатысты көзқарастарын қалыптастырудың мазмұны, құрылымы мен деңгейі дене тәрбиесі пәні арқылы жүзеге асырылады, ал мұның өзі оның жеткіліксіз екендігін аңғартады.
Саламатты Қазақстанның рухани жаңғыру жағдайында ұлттық идеяға айналатындай салауатты тамақтану мәдениеті бүгінгі күні жан-жақты қарастырылуда. Педагогика және психология ғылымдарында бұл мәселе аймағында ерекше назар аударатын көптеген ғылыми-зерттеулер жүргізілуде. Оларды ғылыми тұрғыда жүйелей келе, мынадай бағыттарын атап айтуға болады: - Тұлғаның денсаулығын сақтау мәдениетін арттыру, оларды рухани және тәндік тұрғыдан жетілдіру мәселелері (Ш.Уалиханов[12], А.Құнанбаев[13], Ы.Алтынсарин[14], А.Байтұрсынов[15], Ж.Аймауытов[16], М.Жұмабаев[17] және т.б.); - Оқу-тәрбие үдерісінде тұлғаның адамгершілік қасиетін дамыту мәселелерін зерттеу (Я.А.Коменский[18], А.Дистервег[19]) - Денсаулықты сақтауға байланысты оны ұйымдастырудың практикалық шаралары, әдістемелік ұсыныстары (П.Ф.Лесгафт[20], А.С.Макаренко[21], В.А.Сухомлинский[22], В.В.Марков[23], В.М.Бехтерев[24], В.А.Фармаковский [25]және т.б.); - Денсаулықты сақтау мәдениетін философия, мәдениеттану мен әлеуметтану ғылымы тұрғысынан (Л.Н.Арутунян[26], Г.Л.Апанасенко[27], Л.Н.Каган[28], Э.С.Маркарян[29], Ю.Б.Бромлей[30], И.Т.Левкина[31], Р.В.Рыбкина[32], Т.Ж.Нақыпбеков [33]және т.б.); - Болашақ педагогтардың бойында кәсіби педагогикалық мәдениет және құндылық бағдар негіздерін қалыптастыру (А.П.Сейтешев[34], К.Б.Сейталиев[35], А.А.Бейсенбаева[36], Ш.Т.Таубаева[37], Р.К.Толеубекова[38], Г.К.Нұрғалиева[39], С.С.Тілеуова [40]және т.б.); - Оқу-тәрбие үдерісінде жастардың денсаулықты сақтау мәдениетін адамгершілік және эстетикалық құндылықтар арқылы қалыптастыру (А.Қ. Каплиева[41], Б.Қ.Мұхаммеджанов[42], Г.Ж.Нұрышева[43], Ж.З. Торыбаева[44], А.З. Әліпбек [45]және т.б.); - Денсаулықты сақтау мәдениетін тарихи және халықтық педагогика тұрғысынан зерттелуі (С.Ғаббасов[46], Ж.Ембергенова[47], Э.Құрманалиева [48]және т.б.); - Валеология ғылымын теориялық және әдістемелік тұрғыда зерттеу мәселелері (Н.М.Амосов[49], И.И.Брехман[50], М.Г.Колесникова[51], Л.Г.Татарникова[52], Р.И.Айзман[53], В.Ф.Базарный[54], Э.Н.Вайнер[55], В.В.Колбанов[56], Э.М.Казин[57], А.С.Иманғалиев[58], А.А. Ақанов[59], Ж.Ж.Нұржанова [60]және т.б.); - Болашақ педагогтардың бойындағы денсаулықты сақтау мәдениетінің психо-физиологиялық аспектілері (Ш.Ә.Тулебаева[61], Т.Қ.Игисинов[62], И.Ю.Мордвинцева [63] және т.б.)
Жоғарыда талданған салауатты тамақтану мәдениетіне қатысты мемлекеттік бағыт-бағдар берілген құжаттарға шолу жасау негізінде келесі қорытынды ұсынамыз: жас ұрпақтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруды, оны дұрыс жүйеде ұйымдастырып, басқара білу, өмір салтын ұстануға дайындығы, өмірде кездесетін әр түрлі жағдайларға толық дайындалған, өз бетінше дұрыс шешім қабылдап, іс-әрекет ете алатын тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды көрсеткіштерінің бірі деп айтуға негіз бар. Бұл қоғам дамуының көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени, рухани құндылық болып саналатын денсаулықты сақтау мәдениеті – негізінен денсаулықты күтуге, ары қарай дамытуға, оны қалыптастыруға байланысты екендігінің дәлелі. Қарастырылған жұмыстар бүгінгі таңда болашақ педагог-психологтардың денсаулықты сақтауын құндылықтар тұрғысынан біркелкі зерттелгенін айқындайды. Алайда, біздің зерттеуіміздің өзегі – жоғары оқу орнының оқу тәрбие үдерісінде студент-жастардың, яғни болашақ педагог-психологтардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттеу қажеттігін айқындайды. Бұл жоғары оқу орны қабырғасында студенттік кезеңде болашақ педагог-психологтардың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда жеткілікті дәрежеде зерттелмегендігі және ғылыми-әдістемелік жағынан қажетті деңгейде қамтамасыз етілмегендігі арасында қайшылық бар екендігі байқалады. Осындай қайшылықтың шешімін ғылыми тұрғыда іздестіру зерттеу мәселесін анықтауға және жұмысымыздың тақырыбын «Мектеп оқушыларының салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруға болашақ педагог-психологты даярлау» - деп таңдап алуымызға негіз болды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет