Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі. Аты-жөні: Қасымбай Салтанат Серикқызы Ғылыми зерттеу тақырыбы



бет4/4
Дата23.11.2022
өлшемі21,84 Kb.
#51969
түріДиссертация
1   2   3   4
Байланысты:
Диссертацияға негіздемеееемммм

Диссертацияның құрылымы: Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, объектісі, пәні, міндеті, болжамы, әдіснамалық негіздері, зерттеудің кезеңдері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, практикалық мәнділігі, зерттеу базасы, қорғауға ұсынылатын қағидалары сипатталады.
«Болашақ педагог-психологқа салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың тарихи педагогикалық және әдіснамалық негіздері» атты бірінші бөлімде: салауатты тамақтану мәдениеті мәселесінің кілтті ұғымдарының мәні мен оның тарихи-педагогикалық алғышарттарының мәні ашып көрсетілді. Салауатты тамақтану мәдениеті мәселесін зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен теориялық негіздері анықталды.
«Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері мен заманауи тәсілдері» атты екінші бөлімде: Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетінің қалыптасуына әлеуметтік желілер мен заманауи ақпараттық құралдардың ықпалы айқындалды. Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың қызметтік-үдерістік моделі жасалынды.
«Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастырудың әдістемесі» атты үшінші бөлімде: Болашақ педагог-психологтың салауатты тамақтану мәдениетін қалыптастыруда оқыту үдерісінің мүмкіндіктері айқындалды. Оқу-тәрбие үдерісінде «Салауатты тамақтану мәдениеті – дені сау ұрпақ тәрбиесінің тірегі» тәжірибелік жобасының мазмұны жасалды және оның тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік жұмыста тексерілді.
Қорытындыда – болжамды дәлелдеп, нақтылайтын зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары мазмұндалды, зерттелген мәселенің болашақта зерделенетін бағыттары көрсетіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.
Қосымшада ғылыми-зерттеу жұмысында қолданылған сабақ талдамалары, танымдық үйірме жұмысының бағдарламасы, элективті курстың оқуәдістемелік кешені; сауалнамалар берілген.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет