Жоспарланған диссертациялық зерттеудің негіздемесі Аты-жөні



бет3/4
Дата29.03.2023
өлшемі25,96 Kb.
#77270
түріДиссертация
1   2   3   4
Зерттеу обьектісі: Жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып мұғалімдердің бойында ұлттық .құндылықтарды қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру процесі
Зерттеудің мақсаты: Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің мектепте ұлттық құныдылықтарды пайдалану даярлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер университет даярлығы барысында студенттерге олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық құндылықтарымызды оқу-тәрбие процесінде жүйелі түрде пайдалануды меңгертсе, ол болашақ бастауыш мұғалімдерінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға негіз болады.
Зерттеудің міндеті:
1.Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мәселесіне мазмұнды сипаттама беру;
2.Жоғарғы оқу орнында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін әдістемелік тұрғыдан даярлау ерекшеліктерін ашып көрсету;
3.Жоғарғы оқу орнында ұлттық құндылықтарды студенттердің бойына қалыптастырудың қажеттілігін дәлелдеп, оның ұлттық құндылықтарға деген көзқарасын көтерудегі мүмкіндіктерін ғылыми тұрғыда негіздеу.
4.Ұлттық құндылықтарды болашақ мұғалімдердің даярлық деңгейін жетілдіруге қажетті әдістемені жасау және оны тәжірибелі жұмысы арқылы практикаға ендіру.
Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша философиялық, ғылыми педагогикалық еңбектерді және озық іс-тәжірибелерді талдау, жинақтау, әңгімелеу, бақылау. Жоғарғы оқу орындарының құжаттары мен іс-тәжірибелерін жинақтап, оқып үйренудің негізінде талдау жасау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Болашақ мұғалімдердің ұлттық құндылықтарын қалыптастырудың мазмұнды сипаты ұсынылды.
2. Болашақ мұғалімдердің оқытудағы әдістемелік даярлығының моделі жасалып, өзіндік ерекшеліктері айқындалды.
3. Болашақ мұғалімдерді оқыту процесінде
ұлттық құндылықтардың материалдарын пайдалану мүмкіндіктері анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет