Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт және Людвиг ван Бетховен сияқты композиторлар жатады. Музыканың ерекшеліктері



бет3/5
Дата17.11.2023
өлшемі40,16 Kb.
#124283
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-5 дәріс Вена классиктері

Кемелдену кезеңі (1803-1812)


  • 1803-1808 жж. орталық шығармалар. Бетховен түсінігінде өмір – қаһармандық күрес болды, композитор үшін бүкіл адамзатқа бақыт пен шаттық сыйлау және адамдарға үлкен махаббат міндет болғандай.

Бұл жылдары Бетховен бесінші симфонияның және «Аппасионата» сонатасының жобасы жасалды, «Қаһаямандық» симфониясын және «Аврораны» аяқтап жатқанда «Фиделио» операсымен жұмыс жасайды, кейінірек төртінші симфоияны жаза бастайды. Сөйтіп керемет жігерлі шығармашылық ізденістерде болады. Осы өмір кезеңінде скрипкаға арналған концертін жазады, алтыншы симфония, «Кориолан» увертюрасы, фортепиано, хор, және оркестрге арналған фантазия жарыққа келеді. Үшінші симфония Наолеонға арналған еді, бірақ ол өзін император деп жариялаған соң Бетховенның көзінде түсіп, өзінің туындысын композитор «Eroica», яғни Қаһармандық деп атады. Идеясының бұрын болып көрмеген батылдығына, формалар мен музыкалық мәнерлеу әдістеріне қарай бұл симфония шынымен де революциялық акт болды. Осы шығарма алдағы симфонизмге кең өріс ашты, бұл туындыдан бастап әлем симфонизмінде жаңа эра басталды. Үшінші симфониядан кейін композитор «Фиделио» операсын жазуға кірісіп кетеді.
«Фиделио» - Бетховенның жалғыз операсы. Сахналық жанрларда, және опералық формаларда Бетховен симфонияларда ұрандаған тираниямен күресу және еркіндікке құштарлық идеяларын ашады. Бұл операға француз драматургы Буйидың либреттосын алды. Онда идеалды махаббат пен отбасы беріктігі басты құндылықтар болып табылады.«Фиделионы» жазу жұмысы 1803 жылдық соңына жатады, ал 1805 жылдың күзінде опера «Фиделио» веналық театрдың сазнасында қойылды. Қоғамдағы жағдай пераның сәтсіз қойылуына ықпал етеді. Тек 1814 жылда Венада қайта қойылған «Фиделио» ыстық ықыласқа бөленді. Сәл уақыттан кейін опера Прагада және Берлинде орындалды.

  • 1809-1812 жж. шығармалары. «Эгмонт». Бесінші концерттен кейін Бетховен бұл жанрда жұмысын аяқтайды. Композитор қаламының астынан бұл жылдары ор. 81а ми-бемль-мажорлы соната, жетінші және сегізінші симфониялар (1812) шығады.

  • Өмірінің соңғы жылдары. Композитордың соңғы жылдары өте қиын және қайғылы болды. Оны сол уақыттағы саяси жағдай шаршатып, өзін жалғыз сезінді. Ұлы композитор ештеңе естімеді.Бетховенның материалдық жағдайы бұрынғыдай нашар болып қала береді.

Бетховенның бөлесі композитордың қамқорында еді. Оны тәрбиелеуге енді үлкен қиыншылықпен табылатын қаржының барлығы кетіп отырады. Ұлы композитор 1827 жылдың 26 науырызында бірнеше ай ауырған соң өмірден өтті.[1]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет