Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт және Людвиг ван Бетховен сияқты композиторлар жатады. Музыканың ерекшеліктері



бет2/5
Дата17.11.2023
өлшемі40,16 Kb.
#124283
1   2   3   4   5
Людвиг ван Бетховен (нем. Ludwig van Beethoven, 16 желтоқсан, 1770 жыл, Бонн, Алмания — 26 наурыз, 1827 жыл, Вена, Аустрия) — немістің ұлы композиторы, дирижері және пианисі, үш Вена классиктерінің бірі.

Өмірбаяны


Бетховен өнердің мақсатын, мәнін барлық қауымға өзінің кеудесіндегі ыстық жалынымен күйдіріп бара жатқан пендеге және бостандыққа деген махаббатын жеткізуде көрген. Бірақ оның өнерінің бүкіл адамзатқа қызмет етуі, ақиқатта зиялы қауымдағы жеке адамдар шеңберіне қызметке айналды. Бұл Бетховен өміріне азапты әсер етті.
Людвиг ван Бетховен 1770 жылдың желтоқсанында Германияның Бонн қаласында дүниге келді. Иоганн ван Бетховен – Людвигтің әкесі – капеллада қызмет етті. Әнші, скрипкашы, клавесинист, ол қабілетті музыкант болғанымен алкогольға құмарлық Людвигтық өміріне ауыр зиян келтірді. Бетховенның ерте көрінген музыкалық дарынына әкесі жаңа табыс көзіне секілді қарады.
Кейбір мағлұматтарға жүгінсек, 1778 жылы Бетховенның алғашқы қауымдық концерты өтті. Оқуының хаостығына, жүйесіздігіне қарамастан Людвиг 12 жасында клавесинде, скрипкада, органда еркін ойнады және парақтан жеңілдікпен ноталық мәтіндерді оқи алған.
Бонндық кезең Бетховенның идеялық-көркемдік қалыптасунды маңызды рөл атқарды деуге болады. Оның динамизммен, бағыттылықпен, жігерлікпен көзге түсе бастаған. 1792 жылдың күзінде Бетховен жастықпен қоштасып Венаға бет алады. Венада өткен алғашқы бірнеше жыл Бетховен өміріндегі ең бақытты шақ болған. Бетховен-пианисттың тамсандырарлық сәті Бетховен-композиторға сара жол ашты. Алайда өз шығармаларын басып шығарар алдында Бетховен Гайдн, Альбрехтсбергер, Сальериден дәріс алып, теориялық білімдерін тексеріп толықтырып алған. Бетховен пианист және импровизатор ретінде Венаның өнерпаздары арасында көзге түсті.

  • 1795 жылы басылған оркестрлік 1. фортепианолық трио Бетховенге композитор ретінде көпшілік назарын аударды.

  • 1795-1802 жж. аралығындағы он шақты шығарманың ішінде 12 фортепианолық соната, 3 фортепиано мен оркестрге арналған концерт,екі симфония, 6 ішектік квартет оркестр 18 фортепианолық және ішекті аспаптық трио, және т. б.

Қиын өзінің өнерінің мәдениет әлемінде орын іздеу жылдары Бетховен үлкен қасіретке душар болып қалады, ол естімейді. Музыкант қайғысына адам қиыншылығы қосылады, ол жас, зиялы қауымның қызы Джульетта Гвиччардиді сүйеді. Вегелерге жазған хаттарында өмірге қуанышты екенін айтып, тағдырдың қаталдығына мойымайтынын ұрандады. Бірақ жаңа соққы дайын тұрады, Дж. Гвиччарди ортасында Бетховен тек кедей музыкант болып саналды. Және есту қабілетінен айырылуы жақындап, біліне бастады. Емшілер кеңесімен Бетховен Гейлигенштад деген жерге денсаулығын дұрыстауға барады. Бірақ емдеу көмектеспей Бетховен өте қатты қайғыға батады. Ол трагедиялық әсері үлкен Гейлигенштадтық ақыр хат (завещание) деп аталатын ескерткішті сол ауыр күндері жазады.

  • 1800-1803 жж. шығармаларында композитордың бастан кешіргенінің барлығы айқын көрінеді: Үшінші до-минорлық фортепианолық концерт, ор. 37 (1800ж.), жерлеу маршы бар Ля бемоль мажорлық соната,ор. 26 және «Лунная» сонатасы (1801), скрипка мен фортепианолық «Крейцерлік» сонатасы (1803), және т. б. шығармалар.

Бірақ адам қасіреті музыкант сәттілігіне әкелді. Қаһармандық симфонияда жеке тұлғалық қиыншылықтарды өмірге деген құштарлық, өнерге деген терең, ыстық махаббат жеңіп шығады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет