Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт және Людвиг ван Бетховен сияқты композиторлар жатады. Музыканың ерекшеліктері



бет5/5
Дата17.11.2023
өлшемі40,16 Kb.
#124283
1   2   3   4   5
Байланысты:
4-5 дәріс Вена классиктері

Йозеф Гайдн - Австрияның композиторы. Йозеф Гайдн 1732 жылы 1 сәуірде Төменгі Австрияның Рорау ауылында дүниеге келді. Ол - 104 симфония, 83 ішекті аспаптар квартеті, фортепианоға арналған 52 соната, 30-дан астам опера, 3 оратория және тағы басқа шығармалардың авторы. Йозеф Гайднды "Симфония мен квартеттің атасы" деп атайды. Камералық ансамбльдерге көптген концерртер жазған.

Өмірбаяны


Йозеф Гайдн (Франц атымен композитор өзін ешқашан атамаған) 1732 жылдың 31 наурызында туған граф Гарраховтардың иелігінде карета шебері Маттиас Гайдн (1699—1763) отбасында дүниеге келген. Әке шешесі вокалмен айналысқан, музыканы жақсы көрген. Олар баланың бойындағы дарынды ертерек байқап, оны 1737 жылы туыстарына Хайнбург-на-Дунай қаласына жібереді, онда Йозеф хорлық ән айту мен музыканы үйрене бастайды. 1740 жылы Йозефті Веналық құдіретті Стефан атты собордың капелласының директоры Георг фон Рейттер байқап, дарынды баланы өзінің капелласына алады. Онда он жыл ішінде (1740 - 1749) Венадағы құдіретті Стефан соборында хорда ән айтып, аспаптарда ойнап үйренеді.
Кішкентай Гайдн үшін капелла жалғыз мектеп болатын. Оның дарынынын дамуы мөлшері бойынша оған күрделі партиялар бере бастады. Гайдн бұл хормен мерекелік іс-шараларға, тойларға, жерлеу рәсімдеріне, қалалық мерекелерге де қатысты. Осындай шаралардың бірі 1741 жылы Антонио Вивальдимен қоштасу болды.

Шығармашылық мұрасы


Композитор Йозеф Гайдн өзінің шығармаларын былай атады: di me giuseppe Haydn, италиян тілінде: «менімен, Йозеф Гайднмен».
«О Құдайым, император Францты сақтай гөр» партитурасын да Йозеф Гайдн жазған.
Композитор 24 опера, 104 симфония, 83 ішектік квартет, 52 фортепианолық (клавишалық) соната, баритон үшін 126 трио, увертюралар, марштар, билер, оркестр мен түрлі аспаптарға арналған дивертисменты, клавир мен басқа аспаптарға арналған концерттер, ораториялар, клавир үшін түрлі пьесала, өлеңдер, канондар, шотландия, ирландия, валлия өлеңдерінің фортепиано үшін өңделген түрлері (скрипка немесе виолончельге өз қалауымен) жазған. Шығармаларының ішінде 3 оратория («Әлемнің пайда болуы», «Жыл мезгілдері» және «Кресттегі құтқарушының жеті сөзі»), 14 месса және басқа да рухани шығармалар бар. Камералық музыка
• Скрипка мен фортепианоға арналған 12 соната (солардың ішінде ми минор сонатасы, Ре мажор сонатасы бар)
• Екі скрипка, альт және виолончель үшін 83 ішектік квартет
• Скрипка мен альт үшін 7 дуэт
• Фортепиано, скрипка (немесе флейта) және виолончель үшін 40 трио
• 2 скрипка және виолончель үшін 21 трио
• Баритон, альт (скрипка) және виолончель үшін 126 трио
• Араласқан үрлегіш және ішектік аспаптар үшін 11 трио Концерттері
Оркестрмен бір немесе бірнеше аспаптар үшін дайындалған 35 концерті: • Оркестрлік скрипкаға арналған төрт концерт
• Оркестрлік виолончельге арналған екі концерт
• Оркестрлік волторнаға атналған екі концерт
• Оркестрлік фортепианоға арналған 11 концерт
• 6 органдық концерт
• Екі дөңгелекті лирге арналған 5 концерт
• Оркестрлік баритонға арналған 4 концерт
• Оркестрлік контрабасқа арналған концерт
• Оркестрлік флейтаға арналған концерт
• Оркестрлік трубаға арналған концерт
• Клавишаға арналған 13 дивертисмент
• Вокальдық шығармалар

Дереккөздер


• Гайдн, Йозеф // Энциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.
• Альшванг А. А. Иосиф Гайдн. — М.—Л., 1947.
• Альшванг А. И. Гайдн, в кн.: Избр. соч., М.., т. 2, 1965.
• Кремлев Ю. А. Йозеф Гайдн. Очерк жизни и творчества. — М., 1972.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет