«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том
Волфганг Амадей Моцарт (нем. Wolfgang Amadeus Mozart, толық аты Johannes Chrysostomus Wolfgangus Theophilus Mozart — Йоханн Хризостом Волфгаң Теофил Моцарт; 1756 жылы 27 қаңтарда, Зальцбург, Қасиетті Рим империясында – 1791 жылы 5 желтоқсан, Қасиетті Рим империясында) – Вена классикалық композиторлар мектебінің жарқын өкілі. Асқан шебер скрипкашы, клавесинист, органист, дирижер болған. Замандастарының куәландыруларына қарағанда таңғаларлық әуендік (есту) қабілеті, есте сақтау, импровизациялық қабілеттері болған.
Өмірбаяны
Музыкаға деген қабілеттер үш жасынан ақ көріне бастаған. Әкесі Леопольд алдыңғы қатарлы еуропалық педагогтардың бірі болған. Әкесінің «Versuch einer gründlichen Violinschule» (Скрипкада ойнау негіздері жайлы шығарма) атты кітабы 1756 Моцарт туған жылы жарыққа шықты. Талай басылымнан өткен бұл кітап талай тілдерге аударылған. Волфгангқа әкесі клавесин, скрипка мен органда ойнауды үйреткен.
1762 Моцарттың әкесі ұлы мен қызы Аннаны, және әдемі клавесинада ойнаушы әйелмен әртістік саяхатпен Мюнхен мен Венаға, сосын Алманияның басқа қалаларына, Париж, Лондон, Голландия, Швейцарияға барады. Барлық жерде Моцарт халықты өзінің қабілетімен таңырқатады: музыкамен танысы бар, бейтаныс бар адамдар арасындағы қиын жарыстардың жеңімпазы атанады. 1763 жылы Парижде Моцарттың клавесина мен скрипкаға арналған алғашқы сонаттары шығады. 1766-1769 жылдары Моцарт Гендел, Страделла, Кариссими, Дуранте және т.б. мықты шеберлерді оқып зерттейді. Император Иосиф II бұйрығы бойынша Моцарт бірнеше апта ішінде «La Finta semplice» (Қылымсық қарапайым) операсын жазады, бірақ осы 12 жасар композитордың еңбегі қолдарына түскен италияндық труппа мүшелері баланың әуенін орындаудан бас тартады, олардың сұмпайылығы сонша, тіпті оның әкесі операның орындалуын қатаң талап етуге батылы бармады. 1770 —74 жж. Моцарт Италияда өткізеді.. 1771 ж. Миланда, тағы да театрлік импрессариолардың қарсылығымен, Моцарттың «Mitridate, Rе di Ponto» (Митридат, Понтия патшасы) атты операсы әйтеуір қойылып, көрермендер оны үлкен ілтипатпен қабылдайды. Дәл осындай сәттілікпен операның екінші нұсқасы «Lucio Sulla» (Луций Сулла) (1772) өтеді. Зальцбург үшін Моцарт «Il sogno di Scipione» (Жаңа архиепископты сайлауы жайлы Сципион түсі, 1772), Мюнхенге — «La bella finta Giardiniera» операсын, 2 мессаларын, офферторий (1774) жазады. 17 жасынан аса бастағанда, оның шығармалары арасында ұсақ композицияларды айтпағанда төрт опера, бірнеше рухани өлеңдер, 13 симфониялар, 24 сонаттар болған.
1780 жыл шамасындағы жанұясы суреті, салған Johann Nepomuk della Croce: Наннел, Волфгаң, Леопольд. Керегеде 1778 ж. қайтқан Моцарт анасы суреті.
1775 — 1780 жж., қаржылық жағынан мүшкілдігіне қарамастан, Мюнхенге, Мангейм және Париж сәтсіз сапарына, шешесінің өліміне қарамастан, Моцарт басқамен қоса 6 клавирлік соната, флейта мен арфаға арналған концерт, үлкен №31 D-dur, Париждік деп аталып кеткен симфониясын, біргеше рухани хорларын, 12 балеттік туындыларын жазады. 1779 жылы Моцарт Зальцбурте аулалық органист орнын алады. 1781 жылдың 26-шы қаңтарында Мюнхенде «Идоменей» операсы үлкен жетістікпен қойылады. «Идоменеймен» лирика-драматикалық өнерінің реформасы басталады. Бұл операда әлі де көнеитальяндық opera seria (көп мөлшерде колоратурлы арий, кастрат үшін жазылған Идоманта партиясы) көрініс береді, бірақ сөзді жержерлерде, әсіресе хорларда жаңа сарынның иісі сезіледі. Инструменттікте де жаңа ырғақ байқалады. Мюнхенде жүргенде Моцарт мюнхендік капеллаға арнап «Misericordias Domini» офферториін жазады— бұл шіркеулік әуеннің XVIII ғасыр аяғындағы ең мықты үлгілерінің бірі болады. Моцарттың шығармашылық күші мен жаңа тәсілдері оның әр жазған операсымен одан ды айқынырақ байқалды. Иосиф II 1782 жылы тапсыруымен жазылған «Сералдан ұрлау» («Die Entführung aus dem Serail») операсы үлкен энтузиазммен қабылданып, кейінірек Алманияда кеңінен таралды, онда бұны ұлттық бірінші опера деп есептеді. Опера Моцарттың ақыры оның әйелі болған Констансия Уебермен романтикалық қарым-қатынасы кезінде туындаған. Моцарттың өнерлік сәттілгіне қарамастан оның өмірі кедейшілікпен болды. Зальцбургтегі органист орнын тастап және аздаған ғана вендік аула жалақысын пайдаланған Моцартқа жанұясын бағу үшін сабақ беруге, контрданстар, вальстар мен тіпті музыкалы кереге сағаттарына арнап пьесалар құрастыруға, вендік аристократтар кештерінде ойнауға (осыдан оның көптеген фортепианолық концерттері жарық көреді) тура келеді. «L’oca del Cairo» (178З) мен «Lo sposo deluso» (1784) опералары аяқталмай қалады. 1783 — 85 жж. Йозеф Гайднға арнап Моцарт алты атақты пернелік квартеттерді жазады, осы саланың шебері Йозев ұлы құрметпен қабылдайды. Оның «Davide penitente» (Өкінген Давид) ораториясы осы уақытқа жатады. 1786 жылдан бастап Моцарттың оның денсаулығының сыр бере бастау себебі болатын әдеттегіден тыс жемісті, әрі шаршаусыз іскерлік өмірі басталады. Таңғаларлық жылдам құрыстырылған шығарма үлгісі ретінде алты апта ішінде 1786 жылы жазылған «Фигаро үйлену тойы» операсын айтуға болады, тез жазылса да бұл опера өзінің әуендік сипаттамасының кіршіксіздігімен, шексіз сүйсінулігімен ерекшеленеді. Венады «Фигаро үйлену тойы» байқалмай дерлік өткенімен Прагада әдеттен тыс сүйіспеншілікке бөленді. Моцарт авторласы Лоренцо да Понте «Фигаро үйлену тойы» либреттосыен біте алмай жатып композитор талабы бойынша, Моцарт Прагаға арнап жазған, «Дон Жуан» либреттосынан көшіреді. Бұл музыкалы өнердегі теңдессіз шығарма жарыққа 1787 жылы Прагада шығып «Фигаро үйлену тойынан» да сәтті қабылданады. Бұл операны Моцартқа жалпы басқа әуен орталықтарына қарағанда салқын қарайтын Венада әлдеқайда аз сәттілік күтіп еді. Аулалық композитор дәрежесінің 800 флорин (1787) болатын жалақысы Моцарттың барлық еңбегі үшін тым аз марапат еді. Бәрібір ол Венаға үйреніп қалған еді, 1789 жылы Берлинге барғанында 3 мың талер жалақысы бар Фридрих-Вильгельм II аулалық капелласының басшысы болуға шақырылса да, Венаны тастап кетуге қимайды. «Дон-Жуаннан» кейін Моцарт 1788 жылы бір жарым айда үш ең танымал симфонияларын жазады: № 39 ми-бемоль мажор (KV 543), № 40 соль минор (KV 550) және № 41 до мажор (KV 551). 1789 жылы Моцарт пруссия короліне концерттегіш виолончели партиясы бар пернелік (ре мажор) арнайды.
Көзі тірісінде-ақ аты аңызға айналған Моцарттың өлімі де сан түрлі жорамалдар жасаттырды. Солардың арасындағы ең атақтысы – Моцартты күншілдікпен Сальери у беріп өлтірткен деген аңыз. Ол, әсіресе, А.С.Пушкиннің “Моцарт пен Сальери” атты трагедиясынан кейін тіпті орныға түсті, Сальери есімі, “сальеризм” сөзі бақастықтың, күншіл күйкіліктің бейнелі баламасына айналып кетті. Ал шынтуайтында, Моцарт дертінің диагнозы – бүйрек жетімсіздігіне қосылған стрептококктық уыттану, оған қолқаның қабынуы мен миға қан құйылуы қосылып, композитордың тажал сәтін тездете түскен.
Достарыңызбен бөлісу: |