Жұқпалы аурулар кафедрасы Орындаған



бет2/3
Дата28.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#77033
1   2   3

Бұл өзгерістер аурудың бірінші аптасында пайда болады. Қан арқылы бактериялар бүкіл денеге таралып, аурудың екінші аптасынан бастап зәр, нәжіс, тер және ана сүтімен бөлініп шыға бастайды. Осы кезде өт жолдарына түскен бактериялар өт қалтасында жиналып көбейіп, өт арқылы қайта аш ішекке түседі.

  • Ішектің алдын ала сенсибилизацияланған лимфоидтық аппаратында жоғары сезімталдықтың жедел түрі (Артюс түрі) дамып, олар некрозданады, ал әш сүзегіне тән кейінгі өзгерістердің бәрі осы некрозға байланысты.

  • Патологиялық анатомиясы:
  • Негізгі морфологиялық өзгерістер мықын ішекте дамып (илеотиф), 5 кезеңге бөлінеді:
  • ми тәрізді ісіну кезеңі – Пейер табақшалары мен фолликулалардың ісініп, баланың миына ұқсап, қатпарланып, 3-4 см үлкеюімен сипатталады;

2. Некроздану кезеңінде – ішектің шырышты қабығы лас сұр немесе жасыл сары түске боялады;

  • 3. Лас жаралар кезеңінде – некроз аймағында түбі лас, сұр түсті, шеттері кеуленген жара пайда болады;
  • 4. Бұл кезеңде жараның түбі некроздық заттардан тазарады, оны таза жаралар кезеңі деп атайды. Жараның түбі ішектің ет қабатына, кейде серозды қабатына дейін жетеді;
  • 5. Жараның жазылу кезеңінде жараның орнында өте нәзік тыртық қалады.

  • Іш сүзегіне тән микроскопиялық өзгерістер бірінші кезеңде байқалады. Бұл кезде лимфа тіндерінде моноциттер, гистирциттер саны көбейіп олардың көпшілігі макрофаг жасушаларына айналады. Олардың цитоплазмасында іш сүзегі таяқшалары, бүтін жасушалар (эритроциттер, лимфоциттер) және дендриттер табылады.осы макрафагтарды іш сүзегі жасушалары деп атайды.

  • Олардың жиынтығы-іш сүзегі гранулемасы-тік ішекте және аймақтық лимфа бездерінде ғана емес, бауырда, көкбауырда, жілік майында кездеседі. Кейде іш сүзегіне тән өзгерістер ішекте емес, басқа ағзаларда дамиды. Осы өзгерістердің қай ағзаларда көбірек көрінуіне байланысты: колотиф, пневмотиф, холангиотиф, ларинготиф және т.б. деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет