Жүрек — іші қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм. Жүрек кеуде қуысының сол жағына таман орналасқан. Оның дәнекер тканінен түзілген жүрек қабы қаптап тұрады


) Жүрек және қан жүретін тамырлар



бет3/3
Дата11.04.2022
өлшемі1,16 Mb.
#30593
1   2   3
Байланысты:
Жүрек

) Жүрек және қан жүретін тамырлар.  Жүрек – кеуденің ішкі сол жағында орналасқан бұлшықетті мүше. 4 камерадан тұрады: 2 жүрекше және 2 қарынша.Ересек адамның жүрегінің салмағы 250-300 гр. Минутына 70 рет соққанда тамыр арнасына 4-5 литр қан айдайды. Денеге жүктеме түскен кезде қан ағымы 4-5 есе көбейеді. Дене еңбегімен айналыспайтын адамның жүрегі тоқтамастан тәулігіне 10 тонна, жылына 3650 мың, өмір бойы 300 мың тонна қан жүгіртеді. Бұл барлық мүшелерге қорек және оттегі жеткізіп тұратын тамыр мен артерияларда қан қозғалысын қамтамасыз ететін сорғымен тең. Қан жүретін тамырлар жүректен тарайды.

Қан жүргізіп, нәр бергізіп, жүректі оттегімен байытып тұратын қан жүретін тамырларды коронарлы артерия дейді. Қалыпты нормада тамырлар созылымды болады. Тамыр қабырғаларында май шоғыры жиналып қалса, тамыр қысылады, май шоғыры бұзылған кезде тромбоциттер бүлінген жерге жабысып, тромб пайда болады. Қан ағымы жүрек немесе  миға жетпей тарылып немесе бітеліп қалады. Осылайша, жүрек-қантамыр аурулары пайда болады.

Бүгінгі таңда жүрек- қан тамыры ауруларының алдын- алу үшін мынадай маңызды нәрселерді есте сақтау керек: • Ең алдымен темекіден толықтай бас тарту қажет; • Тиімді тамақтану ережелерін сақтау; • Майлы тамақтардан бас тарту, тұзды пайдалану мөлшерін азайту-  тәулігіне 4 грамм, құрамында калийі мол (бұршақ, өрік, құрма, теңіз қырыққабаты) тамақтарды көп пайдалану, сарыуызды барынша аз пайдалану; • Көкеніс пен жеміс-жидектерді барынша мол пайдалану; • Алкогольді ішімдікті белгіленген мөлшерде ғана пайдалану; • Дене белсенділігін арттыру, семіздіктен сақтану; • Қандағы холестерин құрамын үнемі тексеріп, бақылап отыру; Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе айтарым- дәрігер ауру адамды емдейді, ал, аурудың алдын алу әрбір адамның өз тірлігі.

Жүрек-қантамыр ауруларының алдын алудың көптеген мүмкіндіктері бар. Себебін, белгілерін және ауру даму қаупі факторларын білгеніңіз жөн.  Тамырлардың бітелуі белгілері  Ентігу немесе ауа жетпейтіндей сезіну, шаршау, жүрек қағу, бас ауыру,аяқ ісу, ұйқы бұзылу. Тамырда тромб болып, жүрек бұлшықеттеріне қан жетпегенде жүрек ұстамасы болады. Қан жетпегендіктен жүрек бұлшықеттері жансыздана бастайды. Көбірек қан жүрмей қалса, жүрек те соғұрлым зақымданады. 



Жүректің құрылысы

Леонардо да Винчидің жүректі сипаттауы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет