Абай Құнанбаев ойын дамыту барысында Батыс мәдениеті мен Шығыс мәдениетінің үш рухани қайнар көзінен нәр алған. М.Әуезов айтқандай, Абайды дүниетанымын қалыптастырған кезде өсірген рухани қазынаның қайнар көзі ретінде қарастырғандықтан, «...ақынның өз халқынан алған бастаулары үш үлкен тармақ екенін көреміз. адамзаттың өнері мен ойының байлығы». Олар:
Абайдың шығыс, орыс, орыс арқылы батыс мәдениетіне деген қызығушылығы ағартушылық дәстүрге сай туындап, дамыды.
Ежелгі грек философтары Сократ пен Аристотельдің тұлғалары Абай Құнанбаевтың назарын қатты аударды. Ол қырық төрт қара сөздің бірін Сократқа арнаса, «Ескендір» поэмасында дана, әділ Аристотельдің тарихи шыншыл бейнесін жасады.
Ж оғарыда айтылғандай, Абай Құнанбаев орыс әдебиеті арқылы кейбір Батыс Еуропа классиктерінің шығармашылығымен танысты. Шиллердің, Гетенің, Байронның, Мицкевичтің таңдамалы өлеңдерін аударған. Бұл аудармалар қазақ әдебиетін, қазақ жұртшылығын әлемдік өркениетке таныстыру тарихындағы жаңа ірі қадам болды.
Абай ең алдымен қазақтың ұшан-теңіз ауыз әдебиетінен сусындап, батырлар жыры мен ғашықтық жырларын сүйіп оқыды. Абай қазақ өлең үлгісін жаңаша тұрғыдан байыта түсті. Сондықтан да Абайды қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы деп әбден айтуға болады. Ақын сүйіп оқыған үш үлкен қайнар көз: 1. Халық ауыз әдебиеті. 2. Шығыс әдебиеті. 3. Орыс әдебиеті, оның арғы жағында Батыс Еуропа әдебиеті. Абай жастайынан оқудан қол үзбейді, қазақтың мәдениетін, араб, парсы, шағатай тілдерін үйренеді. Шығыс әдебиетінің алыптары Низами, Хожа Хафиз, Науаи, Физули, т. б. ақындарының өлеңін жаттап өседі. Ойшыл-ақын ежелгі заман философтары Сократ, Платон, Аристотель, сонымен қатар, Шығыстың ұлы ойшылы әл-Фараби мұраларымен де жақсы таныс болды. Кейін ол орыс әдебиеті мен тілін өздігінен үйреніп, орыстың ұлы ойшылдары Пушкин, Гоголь, Лермонтов, Щедрин, Некрасов, т. б. шығармаларымен танысады. Сонымен бірге ағылшын ғалымы Дарвиннің, ағылшын жазушысы Шекспирдің шығармаларын да оқиды. Ол Ч. Дарвиннің даму теориясы мен анатомиялық ілім негіздерін оқыды. Абайдың жаратылыстану ғылымындағы білімінің кеңеюіне орыстың материалистік психологиясы, оның ішінде И.М.Сеченов пен К.Д.Ушинский еңбектері орасан роль атқарды. Осыдан болар, ақынның дүниетанымы — кең, білімі – түпсіз терең.
Абайдың өзгеге берген нәрі
Зерттеуші Абайдың өзгеге берген рухани нәрі жайлы тақырыпта Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасын жазу үстінде – ақ көңіл бөлген. Ал 1934 жылғы “Абай ақындығының айналасы” деген еңбегінен кейін — ақол жайлы ойлар төркіні біртіндеп қорлана берді. Абайдың өзгеге бергеннәрі жайлы ойлары, негізінен, үш салада: а) Абайдың әдеби мектебі; ә) Абайдың ақын шәкірттері не Абай тұсындағы ақындар: б) Абайдың ақындық дәстүрі деген тақырыптар шеңберінде қамтылып беріле бастайды.
“Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңінде Абай аяусыз сынғаалған өзіне дейінгі, өз тұсындағы ақынның өнер қадірін кетірушілер жолы — Абайдың ақындық дәстүріне қарама – қарсы жол. Мұнда да Абай ақындық өнер жолына түскен өз маңындағы шәкірт ақындар тобына өміршең өз дәстүрін сілтегендей болады.
Зерттеуші Абайдың “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” (1889ж.) өлеңінде өз маңында өнер шаша бастаған шәкірт ақындар тобына атйылған әдеби сын бар екенін де алғаш рет мәлімдеген еді.
А бай мектебі ақынның көзі тірісінде – аққызу дамытылып, Абай нұсқаған жолмен көптеген көркем туындыларжазылып та үлгергенін: “Бұл мағынада алғанда Абай шәкірттері: Мағауия, Ақылбай, Көкбай, Бейсембай, Әубәкір т.б. творчестволық мұраларының Абай шығармаларынан өзгешелігі поэзиядағы көлемді жанрды дамытумен, атап айтқанда, сюжетті поэмаларды, халықтық – тұрмыстық, әлеуметтік – тарихи, тарихи- тұрмыстық, Пушкин, Лермонтовтардан тарихи әрі таза романтикалық стильдегі оңтүстік поэмалары арқылы ерекшеленеді,” — деп нақтылы да атап өтеді.